Жобалауға тапсырма

 

ТЭО келісуден және бекітуден, қарастырылатын нұсқалар тобынан бірыңғай нұсқаны таңдаудан кейін, бас жоспарды жобалауға (Т3) тапсырмаларды әзірлеуге кіріседі, ол жалпы келесі деректерден тұруы керек:

- кәсіпорын немесе үймереттің атауы;

- жобалау үшін негіз. Жобалау үшін негіз ретінде Президенттің Жарлығы, Министрлер кеңесінің қаулысы, республиканың, өлкенің, облыстың және т.б. дамуының бас жоспары болуы мүмкін;

- бас жобалаушы. Кәсіпорын ерекшелігіне қарай жобалаушылар Өнеркәсіптік құрылыс жобасы, Азаматтық жоба, Гипромез, Гипрошахт, Гипроруда және т.б. болуы мүмкін;

- шығарылатын өнімнің номенклатурасы, кәсіпорынның толық дамуы кезіндегі кәсіпорынның көлемі мен қуаттылығы;

- кәсіпорын мен көліктің жұмыс тәртібі: кезектер саны, кезектердің және күнтізбелік аптаның ұзақтылығы және т.б.;

- кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз етудің негізгі көздері;

- дайын өнімнің негізгі тұтынушылары;

- құрылысты, жөндеуді және ретке келтіруді орындайтын бас мердігер және құрылыстық ұйымдар;

- жинақтаушы басылымдармен кәсіпорындардың құрылысын қамтамасыз етудің негізгі көздері;

- кәсіпорынды жылумен, электрэнергиясымен, сумен және т.б. құрылыс және пайдалану кезеңінде қамтамасыз ету көздері;

- көлікпен және ілеспелі құрылыс материалдарымен, жабдықпен, жинақтаушы заттарымен қамтамасыз ету бойынша құрылысты және пайдалануды іске асыру кезіндегі кооперация;

- алаңқайды таңдау, жерлерді бөлу туралы құжаттар, жергілікті материалдарға бағалар каталогы және т.б.

Жобалау тапсырмасының көлемі саланың ерекшеліктері мен құрылысты іске асыру жағдайларына қатысты толықтырыла немесе түзетіле алады.

 








Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 1751;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.