Геодезиялық және геологиялық іздестірулер
Ауданның кәсіпорынды орналастыру жоспарын әзірлеу үшін 1: 5 000; 1: 1 000; 1: 25 000 масштабындағы топографиялық негіз қолданылады, ал жұмыстық сызбалар 1: 5 000; 1: 1 000 масштабты парақта орындалады.
Бас жоспарда ғимараттар мен үймереттерді үйлестіру координаталар жүйесі арқылы іске асырылады, сонымен екі координата жүйесін ажыратады – құрылыстық және геодезиялық.
2.1-сурет Құрылыс сызбасы |
Құрылыстық жүйеде координаталар өсін бас жоспардың өстеріне параллель қолданады, ал басы – сызбадан төменірек және солға қарай, сонымен барлық ғимараттардың координаталарының оң мәні қамтамасыз етіледі. Құрылыс тордың өстерінің координаталарын (2.1-суретке қараңыз) әріптермен белгілейді. Жоспарда құрылыстық торды 100 (200) м арқылы бөліктейді. Сонымен, бөліктеу өстерін шартты белгілермен белгілейді – 1А, 2А, 3А немесе 1Б, 2Б, 3Б және т.б. Ғимараттың орналасқан орнын анықтау үшін құрылыстық торда С екі нүктесін беру жеткілікті С (1А+30; Б+20) және Д (3Б+40; 4А+50).
2.2-сурет Бір координаталар жүйесінен басқасына қайта есептеу сұлбасы
Құрылыстық тор геодезиялық топографиялық негізбен салыстырғанда жалпы қабылданған бағыттар бойынша жүреді (жоғарыда – сол түстік; оң жақта – шығыс және т.б.). Бір координаталар жүйесінен басқасына қайта есептеу үшін арнайы геометриялық формулаларды қолданады (2.2-суретті қараңыз).
Инженерлік-геологиялық іздестірулер бас жоспарды жобалау үшін негіз болып табылады, себебі олар топырақтардың техникалық қасиеттері мен тұрақтылығы туралы деректерден тұратын алаңқайдың геологиялық құрылымын сипаттайды, бұл ірі үймереттер мен ғимараттардың салынуын ықтимал етеді.
Геологиялық іздестірулердің нәтижесінде келесі деректер алынады:
- геологиялық құрылым туралы мәліметтер және құрылыс үшін теріс физика-геологиялық процестердің пайда болу мүмкіндігі, мысалы, көшкіндердің, шөгінділердің, ойықтылықтың, шалшықтылықтың және жанушылығының;
- суға төзімді қабаттардың қуаттылығы мен тереңдігінің, сумен қамтамасыздандыруға арналған жер асты суларының жарамдылығының сипаттамалары және бетонға қатысты олардың агрессивтілігінің деңгейі;
- ауданның тектоникалық бұзылулары мен сейсмикалылығы туралы деректер;
- әртүрлі тереңдіктердегі іргетастардың негіздеріндегі ықтимал кернеулер туралы деректер, соның ішінде барынша ықтимал және аз.
Геодезиялық және геологиялық іздестірулердің деректері бойынша бас жоспардың жұмыстық сызбаларын, соның ішінде рельефті ұйымдастыру жоспарын, ғимараттар мен үймереттердің жоспарын бөліктеуді, жер және бұқаралық жұмыстар жоспарын, инженерлік коммуникациялар мен желілердің жиынтық жоспарын, ауданды жабдықтау жоспарын және т.б. әзірлеуге кіріседі.
Дата добавления: 2015-05-28; просмотров: 2942;