Техникалық тексерудің түрлері мен оның міндеттері

 

Техникалық тексеру машиналардың жағдайларын дайындау, пайдалану және жөндеу кезеңдерінде бақылаудың жүйелік жалғасушылығын қарастырады. Әрбір кезеңде белгілі тәртіптегі нақты өзара байланысқан міндеттерді шешеді, соның өзінде алдыңғы кезең келесі кезең үшін негіз болып қалады.

Дайындаушы-зауыттағы немесе жөндеу кәсіпорындарындағытехникалық тексерудің міндеті жүргізіп төселту стендтерінде агрегаттарды және машиналарды төсеу мен жинақтау сапасын анықтауға, тексеру параметрлерінің номиналды мәндерін тексеруге, сапа санатын орнатуға негізделеді.

Жаңа немесе жөндеуден кейінгі машинаны бағалаудың жалғасушылығы өз құрамында: бірінші кезеңде – бөлек жинақтау бірліктерінің техникалық жағдайы көрсеткіштерін бақылау; екінші кезеңде – машина агрегаттарының техникалық жағдайы көрсеткіштерін бақылау (қозғалтқыш, трансмиссия, қадам жүйесі, басқару механизмдері және т.б.), үшінші кезеңде – жалпы машинаның техникалық жағдайының көрсеткіштерін өлшейді.

Машинаның техникалық жағдайының ортақ көрсеткіші деңгейіне орай сапа дәрежесі орнатылады. Тексеру параметрлерінің мәндерін машинаның паспорттық мағлұматтарына енгізеді, оларды машинаны пайдалану жағдайларында ары қарай тексеру үшін бастапқы параметрлер ретінде пайдаланған жөн.

Машиналарды пайдалану жағдайларындатехникалық бақылауды МТА барлық кезеңдерде техникалық жөнді жағдайында қолдау мақсатында пайдаланады. Техникалық тексеруді төсету, пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу мен сақтау барысында іске асырады.

Төсету кезеңімашина механизмдерінің байланыстарын өңдеу сапасын және аяқталуын бақылайды, машинаның өндірістік қолданысқа дайындығын анықтайды, келесі жоспарлы тексеру барысында бастапқы болып табылатын параметрлердің бастапқы мәндерін анықтайды.

МТА өндірістік пайдалану кезеңінде механизатор машинаның қызметтік тексерісін штаттық енгізілген құрылғылар мен сыртқы белгілері бойынша үздіксіз іске асырады, ол белгілерге – шу, дірілдеу, иіс және т.б жатады. Сонымен қатар механизатор ауысымның соңында бірқатар параметрлерді зауыттық нұсқаулыққа сәйкес бақылайды (майдың күюі, белдікті, сымды жөнелтудің тартылуы, шынжырлардағы иілістер, шиналардағы қысымдар және т.б.).

Ай сайынғы техникалық қызмет көрсету барысындамашинаның ауысым ішінде жұмысқа дайындығы анықталады.

ТҚ-1, ТҚ-2, ТҚ-3барысындамашинаның келесі ТҚ дейінгі жұмыс істеу мүмкіндігін орнатады. Егер ондай мүмкіндік болмаса, ТҚ қажетті операцияларын немесе жоспардан тыс жөндеуді іске асыру туралы шешім (диагноз) шығарады.

Мезгілдік техникалық қызмет көрсету барысындамашинаның пайдаланудың сәйкестендірілген жағдайларына дайындығы анықталады (41).

Машинаның жүйелері мен механизмдерінен жөнсіздіктерді іздестіру (мәлімдемелік тексеру)сапалық белгілер (қуаттылықтың төмендеуі, агротехникалық талаптардың бұзылуы, қалыпты емес шудың, соққылардың пайда болуы, бөлшектердің шектен тыс жылытылуы және т.б.) көрініс тапқанкезде пайдаланылады. Мұндай тексерудің мақсаты жоспарлы емес ағымдық жөндеу нәтижесінде жойылатын жөнсіздіктің орнын, себебін, түрін анықтауға негізделеді.

Жөндеу аяқталғаннан соңоны өткізудің сапасын белгілі параметрлер бойынша бақылайды.

Сақтау кезеңіндетексеруді машиналардың сақталуын қамтамасыз ету үшін іске асырады.

Техникалық тексеруді сонымен қатарМТА пайдаланудың экологиялық жағдайларын бақылау барысында(СО,СН,машиналардың топыраққа тигізетін қалыңдатушы ықпалын, ағынды сулардың жағдайларын және т.б анықтау) пайдалануға болады.

Ауыл шаруашылық өндірісін тексеру құралдарымен қамтамасыз ету және оларды өңдеу машиналарды техникалық пайдаланудың тиімділігін арттырудың кең мүмкіндіктерін ашады.

 








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 1352;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.