Тракторлар мен күрделі ауыл шаруашылық машиналарды тексерудің технологиясы. Негізгі ұйымдастырушылық қағидалар
Машиналардың жинақтау бірліктері мен агрегаттарын тексеру үрдісі үш кезеңнен тұрады: дайындау, негізгі және қорытынды кезең.
Дайындау кезеңіне жатады:машинаны тазарту мен жуу, тексеру орнына (постына) орнату, техникалық қызмет көрсету бойынша кейбір операцияларды іске асыру, есептеуіштер мен өлшеу құралдарын монтаждау. Сыртқы тексеру нәтижелері, сонымен қатар жөнсіздіктер туралы механизатордың хабарламалары тексеру картасына енгізіледі (49).
Негізгі кезеңдеқозғалтқыштың немесе барлық машинаның қажетті жұмыс тәртіптерін орнатады, жинақтау бірліктері мен агрегаттардың техникалық жағдайлары параметрлерін өлшейді, өлшем нәтижелерін бақылау-тексеру картасына енгізеді.
Қорытынды кезеңде диагноз қояды, соның нәтижесінде машинаны жұмыс істеуге қабілетті жағдайында ұстау үшін қажетті жұмыстардың сипаты мен ауқымын анықтайды, жинақтау бірліктері мен мешинаның қалдықты ресурсын болжамдайды, құрылғылар мен есептеуіштерді шешеді.
Тракторларды тексеру технологиясының өндірістік тексерісі көрсеткендей, дайындау кезеңіне тексерудің жалпы уақытының 80% жұмсалады. Ол тракторлардың тексеруге төмен бейімделуіне байланысты. Сол себепті бақылау-тексеру құралдарын жоғары өнімді және тиімді пайдаланудың маңызды шарты атқарушылар арасында міндеттерді дұрыс бөлу болып табылады.
ТҚ-1 және ТҚ-2 барысында барлық тексеру операцияларын төсеуші-шеберлер атқарады. Трактордың жағдайын бақылауға және қызмет көрсетуге тракторист-машинист және ұста шебері қатысады. Төсеуші-шебер әлдеқайда қиын бақылау-тексеру және реттемелеу жұмыстарын атқарады. Ұста шебері оған көмек көрсетеді және анықталған жөнсіздіктерді жояды.
ТҚ-3 барысында және жөндеу аралық атқарымнын соң күрделі тексерушілік және реттемелеуші операцияларды тексеруші шебер атқарады. Сонымен қатар, ол тексеру нәтижелерін талдайды, олар бойынша ТҚ мен жөндеу жұмыстарының түрлері мен ауқымдарын орнатады, жинақтау бірліктерінің және жалпы трактордың қалдықты ресурсын анықтайды, бақылау-тексеру картасын толтырады.
Мысал ретінде ДТ-75М тракторы үшін тексеру картасының формасы келтірілген (50).
БАҚЫЛАУ-ТЕКСЕРУ КАРТАСЫ (ДТ-75М тракторы)
Шаруашылық______________________________________________________________________
Шаруашылық нөмірі_____________________________________________________________
Соңғы жөндеудің мерзімі мен түрі____________________________________________
Қолданудың (немесе КР) басындағы ортақ атқарым_____________________
Тракторшының жөнсіздіктер туралы мәлімдемесі________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
(тракторшының А.Ж.Ә) (қолы)
Сыртқы тексеру нәтижелері____________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
Механизмдер мен параметрлер | Параметрлердің мәндері | Жөнсіздіктер туралы қорытынды | |||
ном. | ж.б | а-қ | рет-у | алм/жөн | |
Қозғалтқыш | 66,2 | + 4,6 -3,6 | |||
Қуаттылығы, кВт | |||||
Цилиндрлер бойынша өлшемсіздігі, % | + 35 | ||||
Айналымның номиналды жиілігі, мин*1 | + 75 -40 | ||||
Айналымның жоғары жиілігі | 0,3-0,5 | 0,15 0,1 | |||
Майлау жүйесіндегі қысым:иінді біліктің айналымының номиналды жиілігі барысында, МПа; иінді біліктің айналымының төмен жиілігі барысында, МПа. | 80-105 | ||||
ЦПГ газдардың шығуы, л/мин | 66,2 | + 4,6 -3,6 | |||
Және осымен ары қарай трактордың барлық жинақтау бірліктері мен жүйелері бойынша |
Тексеру нәтижелері туралы қорытынды _____________________________________
_______________________________________________________________________________________
Қозғалтқыштың_______________________ , трансмиссияның___________________
басқару механизмдерінің ___________, түсіру қозғалтқышының ____________
гидрожүйенің__________________ қалдықты ресурстары
Тексеруші-шебер_____________________________
Ұста тексеруші-шеберге құрылғыларды орнатып, анықталған жөнсіздіктерді жоюға көмектеседі. Тракторшы-машинист тракторды тексеруге дайындайды және трактор тәртібін өзгерту бойынша шебердің бұйрықтарын орындайды.
Жұмысты бірге бастай отыра, атқарушылардың әрқайсысы операциялардың қатаң анықталған бөлігін атқарады. Ол еңбек шығындарын айтарлықтай төмендетіп, тексерудің дұрыстығын, ТҚ немесе жөндеудің сапасын қамтамасыз етеді.
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 2187;