Шошқалардың классикалық обасы бойынша эпизоотиялық жағдай

 

Соңғы жылдары шошқалардың классикалық обасы дамушы, сондай-ақ ветеринариялық-санитарлық бақылау жүйесі дамыған елдер үшін де үлкен экономикалық маңызы бар шошқалардың аса бір қауіпті вирустық аурулары деп танылған. Ауруды жою бойынша қолданылып келе жатқан барлық талпыныстар мен шаралар әзірге еш нәтиже бермей келеді.

Соңғы 10 жылда шошқалардың классикалық обасы бойынша сау емес деп әлемнің 58 елі танылып келді, оның ішінде біздің елімізбен ортақ мемлекеттік шекаралары бар елдер де бар. Төменде келтірілген 25 суретте 25 әлем елдеріндегі ауру таралуына қатысты мәліметтер келтірілген.

 

 

25 – сурет Шошқалардың классикалық обасы бойынша 1996-2006 жж сау емес елдер саны.

 

Осы 25 суреттегі мәліметтерден көретініміз, жыл сайын ШКО ең аз дегенде әлемнің 30 елінде тіркелінеді. Бұдан келтірілетін экономикалық шығын миллиондаған АҚШ долларын құрайды. Аталған ауру Еуропа, Азия, Америка елдерінде таралған. Аурудың географиялық таралуына қатысты мәліметтер 26 суретте келтірілген.

 

 

26 - сурет Әлем елдерінде шошқалардың классикалық обасының

географиялық таралуы (2007 ж.)

 

Эпизоотиялық үдерістің бой алуына әсер ететін факторлардың бірі шаршы километрге шаққандағы жануар бастарының орналасу тығыздығы. Қазақстан Республикасы аумағын шошқа бастарының орналасу тығыздығы бойынша аудандарға бөлу көрінісі 27 суретте келтірілген.

 

 

27 – сурет Қазақстан Республикасы аумағында шошқа бастарының орналасу тығыздығы

 

Келтірілген 27 суреттен көретініміз шошқа бастарының тығыздығы солтүстік, солтүстік-шығыс өңірлерде жоғары да батыс және оңтүстік өңірлерде төмен.

 








Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 1141;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.