Географиялық эпизоотологияның даму тарихы
Нақтылы аурулардың географиялық тәуелділігі болатыны жайындағы мәліметтер көне дәуірлерден бар. Гиппократ (б.д.д. 460-377 жж.) адам ауруларының қоршаған орта факторларымен байланысы бар екендігін тауып көрсеткен. Адамдар жаңа елдер мен континенттерді аша отырып, алуан түрлі аурулар тапқан, соның ішінде жануарлар ауруларын тауып, эпидемиялардың, эпизоотиялардың, уланулардың, жұмбақ өлімдердің шынайы себептерін ашып, зерттеуге тырысқан. Оларды ойландыратын мәселелер көптеп табылды, өйткені жұқпалы аурулар адамдарды, жануарларды, бай-кедей екендігіне қарамастан аяусыз қырғынға ұшыратты.
Алайда «географиялық патология» термині тек өткен ғасырдың орта шенінде ғана пайда болды.
ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында бастау алған географиялық эпизоотология саласындағы зерттеулер осы күнге дейін жақтастарын тауып келеді.
Белгілі орыс ғалымы, жазушысы, Ресей агрономиясының іргетасын қалаушы А.Т.Болотов 1766 ж. Еркін экономикалық қауымдастық сауалнамасына жауап ретінде осы қауымдастық Еңбектеріне «Кашир уезды жерлерінің қасиеттері мен қайырымдылығын баяндау....» мақаласында осы жерді мекен ететін жануарлардың ауруларын баяндған. Осы арқылы А.Т.Болотов орыс жерлерін ветеринариялық-географиялық баяндау ілімінің бастауын жасады деуге болады, бұл мақала ХVІІІ ғасырдың соңында Еркін экономикалық қауымдастық Еңбектерінде және басқа басылымдарда ерекше орынды иеленген.
Таврия губерниясының ветеринары Семашко 1846 ж. Әскери-медициналық журналға «Әр аймаққа ерекше болып табылатын аурулардың таралуына ықпал ететін ерекше жағдайлар» бойынша есеп берген, бұл есепте ол Таврия губерниясын қырымдық далалық, қырымдық емес және қырымдық таулы аймақтарға бөлген, осы арқылы ол алғышарттар мен аурулар таралуы бойынша аумақтарды аудандарға бөлу ісін жүргізген.
Семашконың есебіне берген түсініктемеде академик В.И.Всеволодов былай жазған: «Елдің климаттық сипатына мұндай бақылау жасап, баға беру барлық дәрігерлерге мәлім болуы шарт, бұл ғылыми тұрғыдан жетілуіне, сондай-ақ, праткикалық тұрғыдан шыңдалуына көмегін тигізері анық». Ветеринариялық-географиялық материалдар ХІХ-шы ғасырда Ресейдің жекелеген облыстарының статистикалық және топографиялық суреттеулерінде көптеп кездеседі де медициналық-географиялық суреттеулердің құрамдас бөлігі болып табылады.
ХІХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап орыс ветеринариялық журналдарында алғашқы ветеринариялық-географиялық очерктер басылды, мұнда табиғи-географиялық және шаруашылық-экономикалық факторлардың эпизоотия дамуына тигізетін рөлін айқындау талпыныстары жасалған. Ал, 1871 ж. бастап 1910 ж. дейін тек «Ветеринариялық ғылымдар мұрағаты» журналына осындай 27 очерк басылып шыққан. Бұған сол кезде маңызды болып келген ірі қара мал обасы климат пен топырақтың ерекше қасиеттері бар аудандарда пайда болады деген гипотеза ықпалын тигізгенін атауымыз керек.
Алғашқы очерктердің авторы В.Л.Кармель, мұнан соң іле шала И.А.Казаченко, М.П. Георгизон, әсіресе К.Туркин ветеринариялық-географиялық бақылаулардың басты міндеті ретінде «Ресейдің елді-мекендерінің топографиялық жағдайларын, ауылшаруашылығын, мал тұқымдарын, оларды байқалып отырған басты эпизоотияларға байланысты өсіру және ұстау жағдайларын зерттеу эпизоотиялар пайда болуы себептері мен таралуының және олармен тыңғылықты күресу шараларын ұйымдастырудың ең басты деуге тұрарлық шарты екенін» атаған.
1880 ж. басылып шыққан ветеринариялық-географиялық очерктер К. Туркин құрастырған принципте құрылған. Ол суреттелетін жердің табиғи және экономикалық ерекшеліктерін суреттейтін бөлімдерден, жануарлар патологияларының осы ерекшеліктерімен байланысын баяндаудан құралады.
ХІХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап әдебиетте жануарлардың жекелеген аураларының географиясы турасындағы мақалалар мен хабарланымдар пайда бола бастаған, олар картографиялық материалдармен иллюстрацияланған, мысалы: 1861…1880 жж. және 1881 1885 жж. Сібір жарасынан келтірілген орташа есептеліген шығындар картасы; 1881 ж. бастап 1885 ж. дейінгі аралықта түрлі үй жануарларының сібір жарасынан өлуінің бөлініп-таралу деңгейі; Ресейде маңқа ауруының таралу картасы; А.В.Белицер т.б. құрастырған Ресейдегі жылқылардың пироплазмоз ауруының таратылу аймақтарының картасы (ареалы).
Ресейдің түрлі географиялық ендіктеріндегі климаттық жағдайлардың жануарлардың сібір жарасымен ауыруына әсерін анықтау әдісін 1904 ж. В.Ф.Нагорский ұсынған. Ол орманды алқаптар азайған сайын (бұл шіркейлер санының азаюына әсер етеді) жылқылардың сібір жарасымен ауыру деңгейінің азаятынын анықтаған.
Бұғыларда физиологиялық функциялардың маусымдық өзгерістерін зерттеген Л.Д.Николаевский осы өзгерістер, сібір жарасына қарсы жануарларды вакцинациялау жануарлар сезімталдығының өзгерістеріне тәуелді екендігін анықтаған, соның негізінде екпе жұмыстарын жаз айларында – дәлірек алғанда маусым айының соңында жасаған жөн деген нұсқау берген.
Инвазиялық аурулар географиясын зерттеу ісіне К.И. Скрябин үлкен үлес қосты, оның ынта білдіруімен ХХ ғасырдың 20-шы жылдары КСРО гельминтофаунасын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен, 50 жылдық көптеген (300 астам) гельминтологиялық экспедициялар нәтижесінде адамдар мен жануарлардың маңызды гельминтоздарының географиясы зерттелінді.
Жануарлардың паразитарлық аурулары географиясын зерттеуде пироплазмоздардың географиялық таралуы бойынша атқарған еңбектерімен мәлім В.Л.Якимовтың, А.В. Белицердің, А.А. Марковтың, Н.Т.Қадыровтың еңбектері ерекше орын алады. Н.О.Оленевтің және И.Г.Галузоның ветеринариялық-географиялық еңбектері де аса маңызды. Атап айтқанда Е.Н.Павловский жетекшілігінде жұмыс жасаған Н.О.Оленев Ресейдің солтүстік-батыс облыстарында ірі қара малдың пироплазмозының жыл сайынғы ауруға шалдығуының картограммасын құрастырып, басып шығарған. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының басында А.А. Марков, В.И. Курчатов т.б. КСРО пироплазмоздық жағдайдың атласын дайындап, құрастырды. Географиялық әдісті В.И.Полтев, сонымен қатар П.В.Сизов пен Н.Н.Голиков аралар мен құстардың ауруларының таралуына сипаттама беру мақсатында пайдаланған.
Шетелдерде жануарлар ауруларының географиясы мәселелері орыс зерттеушілерін ертеден қызықтырып келген. Бұл жайында ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бергі ветеринариялық журналдарда шетелдік аумақтардың эпизоотиялық ахуалы бойынша жүйелі түрде басылынып отырды.
Шетелдік аумақтар бойынша ветеринариялық-географиялық материалдар түрлі сипатта болды, дегенмен көбіне олар екі типтік материал түрінде ұшырасады: эпизоотологиясын, клиникалық белгілерін және өзге сәттерінің ерекшеліктерін көрсете немесе көрсетпей бір немесе бірнеше аурулардың географиялық таралуын баяндау және ел аумағында жануарлар патологияларының таралуын, ветеринариялық істің, ғылымның, малшаруашылығының ахуалын, табиғи жағдайын т.с.с. суреттеу түріндегі басылымдар.
Маусымдық және монографиялық әдебиеттерде басылым көрген ветеринариялық-географиялық материалдардың басым бөлігі көбіне ақпараттық сипат жазылып отырды. Бұған гельминтогеография, жануарлардың протозоологиясы мен инфекциялық аурулары бойынша жекелеген еңбектер жатпайды, ол жұмыстарда себеп-салдарлық нозогеография мәселелері де көтеріліп отырған.
1959 ж. В.М.Коропов «Проблема краевой (зональной) патологии» («Ветеринария» № 7, 1959), атты мақаласында ветеринариялық география бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне меңзей келе «ауылшаруашылық жануарлары ауруларының географиялық таралу заңдылықтары мен олардың табиғи-географиялық жағдайлармен байланысын зерттеу керек...» деп осы ғылымның міндететрін айқындап көрсеткен. Өңірлік патологиялар жіктелуін негіздей келе және оны ветеринариялық географиямен сәйкестіре отырып ол өңірлік патологияны өңірлік физиологияға және патофизиологияға, өңірлік (экологиялық) геохимияға, уыттық өсімдіктердің өңірлік токсикологиясына, өңірлік гельминтологиясына, өңірлік эпизоотологияға, өңірлік эндокринологияға, өңірлік паразитология мен жұқпалы емес аурулардың өңірлік патологиясына бөлген.
М.С.Ганнушкин мен Я.В.Нуйкин ветеринариялық географияны «түрлі табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлардың жануарлардың аурулары пайда болып, таралуына тигізетін әсерін зерттеумен айналысатын» ветеринариялық ғылым ретінде қарастырады («Ветеринария» №9, 1966). Олар ветеринариялық географияны келесі бөлімдерге бөлген: жануар ауруларының географиясы (ветеринариялық нозогеография); нақтылы аумақтардың ветеринариялық географиясы, табиғи аймақтардың географиясы; ветеринариядағы картографиялау сұрақтары.
М.С. Ганнушкин өңірлік эпизоотология ұғымын түрлі аудандар мен аймақтардағы эпизоотиялық ахуалдың ерекшеліктері ретінде түсіну керек және түрлі аудандар мен географиялық аймақтарда бірқұатар инфекциялық аурулардың эпизоотиялық үдерісі бой алуының өзіне тән телімділігі бар деп пайымдайды.
Ал, К.А. Дорофеев ветеринариялық география жіктемесінің біршама өзге пікірін ұстанады. «Ветеринариялық география, - деп жазады ол, - бұл жұқпалы емес аурулардың географиялық таралуын зерттейтін географиялық патология мен жануарлардың жұқпалы ауруларының географиялық таралуын зерттейтін эпизоотологиялық география сынды екі бөлімнен құралатын ветеринариялық-географиялық білімдер жүйесі». Эпизоотологиялық географияны К.А.Дорофеев нозогеографияға, өңірлік эпизоотологияға және аймақтық эпизоотологияға бөлуді ұсынған. Өз ойын дамыта келе, автор «эпизоотологиялық география қандай да бір аурулар таралған аумақтарды суреттумен қатар, аурулардың географиясын да, олардың пайда болу тарихын да түсіндіреді» деп жазған.
Академик Е.Н. Павловский «географиялық ғылымның маңызды саласы медициналық география ол Жер шарындағы өз ерекшеліктері бойынша айтарлықтай қызығушылық тудыратын адам ауруларының құрлықтарға, мемлекет аумақтарына немесе жер беткейінің қандай да бір бөліктеріне таралуын зерттейді» деп жазған. Ол осылайынша медициналық географияның географиялық циклдағы ілімдерге қатысты екендігін атап өткен.
А.Д. Лебедев пен А.П. Авцын да осындай пікірде, олар қалыптасқан ғылымдар ішінде медициналық географияның алатын орны географиялық орта зерттеу нысаны болып танылатын зерттеу нысаны болып табылады деп пайымдайды. Осыған орай медициналық география (биогеография тәрізді) географиялық ілімдерге жатады.
Ал, географиялық патологияға келер болсақ, ол адам, жануар, өсімдіктер патологиясымен айналысады олардың географиялық факторлармен байланысын зерттейді, оның зерттеу нысаны организм, сондықтан ол медициналық-биологиялық ғылымдарға жатқызылуы тиіс. Айта кетері географиялық патология морфологиялық пән емес экологиялық пән (морфологиялық әдістерді ол өзгелерімен қатар пайдаланады). Тиісінше, оның міндеті адамдарда, жануарлар мен өсімдіктерде патологиялық үдерістер пайда болуы заңдылықтарын анықтап, зерттеу болып табылады.
Көптеген медик-географтар тобы осы ойды құптайды, олар мұнымен қатар географиялық аспекте медициналық мәселелерді шешіп, қарастыратын ғылыми бағытты географиялық медицина атауымен атаған жөп деп санайды.
В.А. Краминский, эпидемиологиялық географияны географиялық эпидемиология деп атаған дұрысырақ болар еді, себебі сонда бұл ілімнің эпидемиология саласы ретіндегі меджицинаға қатысы бар екендігін білдіру мүмкін болады, деп жазады.
Қоршаған ортаның қарқынды да үздіксіз антропогенезі экологиялық, оның ішінде ветеринариялық-экологиялық қарқындылығы пайда болуы мен қалыптасуының басты көздері болып табылады. Онымен ортаның басты параметрлерінің жаратылыстық-табиғи, сондай-ақ шаруашылық-экономикалық көрсеткіштер бойыынша нашарлауы және өңірлік географиялық комфорттылықтың төмендеуі байланысты болады. Осындай көрсеткіштердің мәндері арасындағы интервалдар аумақтық кешендердің хорологиялық ерекшеліктерін, жануар ауруларының географиялық алғышарттарын анықтаудың критерилері ретінде қабылдана алады. Мұндай аумақтық кешендерге екі өзара байланысқан блок кіреді: жануар ауруларының табиғи және антропогендік алғышарттары. Адам ауруларының табиғи алғышарты терминін әдебиетке Е.И. Игнатьев енгізіп, негіздеген (1962, 1964). Оның анықтамалары қазіргі заманғы медициналық-экологиялық зерттеулердің принциптерін, әдістері мен құрылымдарын құрастыру кезіндегі медициналық және ветеринариялық географияда негізгі теориялық дефинициялар болып табылады.
Медициналық-географиялық талдаудың геожүйелік негізі аурулардың қазіргі заманғы географиялық алғышарттарының теориясы саласындағы ғылыми менталитетті қамтамасыз етті (Сочава, 1963).
Жануар ауруларының табиғи және антропогендік алғышарттарының аумақтық жиналымдары түрлі қарқындылық және жануарлар денсаулығы үшін токсигендік деңгейіндегі ветеринариялық-экологиялық жағдаяттардың жетекші интегралды көрсеткіштері ретінде пайдаланылады.
Ветеринариялық-географиялық және ветеринариялық-экологиялық картографиялаудың пәні ретінде жануар ауруларының аумақтық және антропогендік алғышарттарының аумақтық жинақтарын атау керек, олар түрлі ветеринариялық-экологиялық жағдайлар кезінде бой алуы ықтимал. Олардың ерекшеліктері табиғи және антропогендік факторлардың синергизміне байланысты болады, ол жануар аурулары географиялық алғышарттарының жекелеген типтерінің өңірлік болмысын анықтайды. Оларды зерттеу өз негізіне хорологикалық элементарлық деңгейден кешендіге деңгейге дейінгі жүйелік метадология мен жіктеу түрі енгізілінген арнайы парадигма қолданылуын талап етеді.
Осы мақсатта ветеринариялық-географиялық және ветеринариялық-экологиялық талдаудың картографиялық алгоритмі құрастырылған. Ол ветеринариялық-географиялық және ветеринариялық-экологиялық карталарды құру және одан әрі пайдалану каркасы болып табылады. Картографиялық алгоритм кезеңділігі компонентті картадан бастап жоғарырақ және ақпараттандырылған (ветеринариялық-географиялық аудандастыру және ветеринариялық-экологиялық ранжирлеу) деңгейге дейін ауысқанда ақпараттар аумағын жоғарылатумен қатар жағдайлардың заңдылықтарын, сондай-ақ ерекшеліктерін бейнелеп көрсету мүмкіндігін береді, әрі ГАЖ-технологияларын пайдалану мүмкіндігін жасай алады. Қабылданған методологиялық тәсіл ветеринариялық географияда бар оның талдау нысаны болып табиғи және аумақтық-өндірістік кешендер табылатынын, ал жетекші пәндердің бірі болып жануар ауруларының географиялық алғышарттары табылатыны жайындағы ережені растайды.
Картографиялық алгоритм тізбектерінің иерархиялығы максималды қол жетерлік сенімділікпен жекелеген ветеринариялық-экологиялық аудандардың кеңістіктік шекараларын анықтап, қауіптілік факторлары бойынша жануар ауруларының кейбір алғышарттарын айқындау мүмкіндігін береді. Кеңістіктік талдау мен картографиялаудың нақ осы кезеңі мәселесі ветеринариялық-экологиялық жағдайлардың басты тенденцияларын түсіндіріп, оларды ГАЖ құрастырылатын әлеуметтік-ориентацияланған модулде бейнелеп көрсету мүмкіндігін берді.
Өзекті және потенциалды ветеринариялық-экологиялық жағдайларды зерттеу мен картографиялау қоршаған ортаның геожүйелік және геоақпараттық сапалы талдау принциптеріне сүйенеді. Геожүйелік және геоақпараттық парадигмалардың осылай қиылысуы мен өзара сәйкесуі ветеринариялық-экологиялық жағдайлардың кеңістіктік құрылымдарын егжей-тегжейлі деңгейде жетілуін қамтамасыз етеді.
Жануарлар өмірі мен денсаулығы деңгейін бағалау үшін зерттеу бағыты ретінде қолданылатын ветеринариялық географияны көбіне ветеринариялық экология ұғымымен шатастыратын ғылыми басылымдар бар. Мұндай позициядан алғанда келісу қиын, өйткені ветеринариялық география әрдайым географиялық ғылымдардың бөлігі болған әрі бола да береді (физикалық, экономикалық географиялар қиылысымында). Оның зерттеу нысандары өздеріне тән қоршаған орта факторлары қиылысуындағы табиғи және аумақтық-өндірістік кешендер болып табылады, олар жануарлар денсаулығына оңтайлы сондай-ақ, негативтік әсерлерін тигізеді.
Ветеринариялық экологияны ветеринариялық географияның жеке бір тармағы ретінде қарастыру керек деген ұғым қалыптасып келеді. Ветеринариялық-экологиялық картографиялау қазіргі заманғы география мен картографияның жаңа бағыттарының бірі ретінде аумақтардың өзгеріп отыратын экологиялық статустарын мониторингтік талдау үшін де қажет. Нақ осы қоршаған ортаның деградациялануы үдерістері мен оның географиялық қолайлылығының (комфорттылығының) ұдайы нашарлауы ветеринариялық географияның ветеринариялық-экологиялық аспектілерінің пайда болуына түрткі болды. Ветеринариялық экология ветеринариялық-географиялық картографиялау тәжірибесін пайдаланбастан қазіргі заманда табысты дами алмас еді. Жануар ауруларының географиялық алғышарттарының аумақтық кешендері ғана тиісті ветеринариялық-экологиялық мазмұндағы карталарда обьективті түрде бейнеленіп, көрсетілетін болады.
Өзара байланысқан функциялану параметрлерінің болуы тән геожүйелердің эволюциялық-қалыптасқан табиғи-аумақтық кешені ветеринариялық-географиялық картографиялау нысаны ретінде қабылданады. Мұндай нысандардың табиғи режимдері тұрақты гомеостазбен сиаптталады, ол антропогендік факторлар әсерінен айтарлықтай өзгерістерге шалдықпайды. Ветеринариялық-географиялық картографиялау кезінде биотиптері эволюциялық-қалыптсқан геожүйелерінде қалыптасқан жануар ауруларының табиғи алғышарттарының қолданыстағы кешендерінің кеңістіктік заңдылықтарының негативтік әсерімен, сонымен қатар түрлі жасаралық жануар туыстастырана кері әсерімен білінеді.
Ветеринариялық-экологиялық картографиялауда кеңістіктік талдау нысаны болып аумақтық-өндірістік жүйе табылады, мұнда антропогендік жүктемелер өскен сайын жануарлар туыстастықтары мен шаруашылық тәрізді аумақтық жүйе тізбектерінің өзге параметрлері түрлік өзгеріске ұшырап, өзге параметрлерге айналады. Басты табиғи параметрлердің функциялануы осы кезде айтарлықтай өзгерістерге тап болады да олардың өзгерімдік жағдайының үлесінің ұлғаюы түріндегі геожүйелер эволюциялық құрылымдарының міндетті трансформациялануы салдары ретінде қарастырылуы керек. Осындай жүйелер шекараларында аурулардың табиғи-антропогендік алғышарттарының принципиалды жаңа спектрінің пайда болу жағдайлары байқалады. Шаруашылық қызметінің көріністік салдары жануарларға түрлі қауіптілік класындағы токсиканттардың негативтік әсері түрінде білінеді. Ластаушылардың әрқилы комбинациялары жануарлар аурулары алғышарттарың маңызды жаңа белгісі – антропогендік факторы ретінде қарастырылады. Осы негізде аумақтық-өндірістік жүйелердің шекараларында ветеринариялық-экологиялық картографиялаудың сапалық жаңа пәндері пайда болады деп пайымдау заңды.
Сонымен, ветеринариялық-экологиялық картографиялау пәні ретінде қалыптасқан геожүйелік гомеостаздың түрлі өзгеріс тереңдігіндегі заманауи антропогендік әсер салдарын өздеріне перманентті түрде сезінетін кеңістіктік аумақтық құрылымдарды атауға болады. Геожүйелердің құрылымы мен функциялануындағы өзгерістердің антропогендік көздері жануарлар ауруларының жекелеген тізбектеріне, сондай-ақ паразитарлық жүйелердің және инвазиялардың табиғи-ошақтық жүйелеріне де тікелей әсерін тигізеді. Олардың құрылымы мен қатынастарының өзгеріске ұшырауы жайлы жануар аурулары алғышарттарының жекелеген кластарының доминантты түрлерінің ауысуы растайды, осы кезде антропогендік алғышарттар жетекші кластар мен типтер ретінде қабылданады.
Сонымен жоғарыда айтылғаннан түйетініміз ветеринариялық-экологиялық картографиялаудың басты мақсаты жануар аурулары алғышарттарының табиғи және антропогендік блоктары комбинацияларының кеңістіктік талдауы жұмыстарын орындауға келіп саяды. Ветеринариялық-экологиялық картографиялау кезіндегі басты параметрлер мен критерилер ауыр металлдар мен радионуклидтердің экологиялық токсигендігі, аллергендердің потенциалды қауіпі, сонымен қатар, өңірдің аграрлық-өндірістік кешені функциялануының негативтік себеп-салдарынан туындалатын бірқатар өзге факторлардың деңгейлері сынды интегралды көрсеткіштерінің пайдаланылуы есебінен кеңейе түседі.
Қазіргі уақытта медициналық-географиялық картографиялау үдерісінің ендірілуі әрқилы жоспарлы экологиялық зерттеулерде белсенді түрде байқалуда. Медициналық география кешенді географияның бір бөлігі ретінде өзге ғылыми бағыттағы мамандарға жануар аурулары мен өңірлік медициналық-экологиялық жағдайларды кешенді кеңістіктік талдау мақсаттары үшін көп мүмкіндіктерді ашып беріп, көрсетті. Ресейлік А.П. Авцын (1972), Е.И. Игнатьев (1968), А.А. Келлер (1990), И.А. Хлебович (1972) сынды медициналық-географтардың еңбектерінде көп мақсаттық медициналық-географиялық картографиялаудың теориялық негіздері қаланған деуге болады.
Мұндай зерттеулер жануар ауруларының антропогендік алғышарттарының кеңістіктік ветеринариялық-экологиялық талдауы кезінде және олардың аймақтық, азоналдық табиғи кешендерде, сонымен қатар, таулы геожүйелік потенциалды комбинациялары ескеріліп, пайдаланылды.
Осы құрастырылған методология кешенді медициналық-географиялық және медициналық-экологиялық картографиялаудың екі кезеңдерін орындау үшін қажетті базаны қамтамасыз етті.
Бірінші кезеңде міндеттер орындалып, компоненттіден бастап, аудандыққа дейінгі ветеринариялық-географиялық карталардың барлық деңгейлері құрылады және жануар аурулары табиғи алғышарттарының жіктемесі жасалады. Мұндай карталар табиғи-оршақтық инфекциялары доминанттарының хорологиялық ауысымдарын кезеңді түрде биогеохимиялық эндемиялардың жетіспеушілігіне және артықтығына дейін сипаттауға арналған. Таулы және тау маңы табиғи кешендерінің жазықтыққа аумақтық ауысуы кезінде аталған ауысым басты жетекші фактор ретінде қарастырылуы мүмкін. Осы кезде зертттеудің негізгі пәні ретінде өңірдің биогеохимиялық режимін алады, ол биогеохимиялық типтегі тиісті жануар ауруларының алғышарттары динамикасын сипаттайды.
Кешенді медициналық-географиялық картографиялаудың екінші кезеңі деп жануар ауруларының антропогенді алғышарттары құрылымдану көздерін кезеңді түрде ашып көрсететін ветеринариялық-экологиялық карталарын құру жұмысын санау керек. Ветеринариялық-географиялық мазмұндағы карталар табиғи алғышарттары бойынша тұрақты бастапқы негіздер ретінде қабылданады да эволюциялық-қалыптасқан кешендерді. Ветеринариялық-экологиялық карталардың саны мен оларды құру кезеңділігі антропогендік жүктемелердің қандай формалары жануарлар денсаулығы үшін доминантты және потенциалды негативті болатындығын пайымдайды. Әрбір жіктемелік арналымдағы ветеринариялық-экологиялық картада (аумақты кешенді ранжирлеу, потенциалды және өзекті қауіптер бойынша аудандарды ветеринариялық-экологиялық деңгейде бөлу) ойланымдардың міндетті элементі жануар ауруларының табиғи алғышарттарының жиынтығы болуы керек. Мұндай методикалық жол қоршаған ортаның түрлі қарқындағы және себептегі ластаушы кешені жіктемесіне ойланымдар құру кезінде пайдаланылады.
Жануар ауруларының географиялық алғышарттары мен олардың өңірлік жиынтықтары ветеринариялық-экологиялық талдаудың пәні болуымен қатар, түрлі ластаушы типтерінің жақсы индикаторлары болып табылады. Жануар ауруларының географиялық алғышарттары динамикасы мен кеңістіктік айырмалары ветеринариялық-экологиялық қауырттылық пен өңірлік ветеринариялық-географиялық контрасттың деңгейін айтарлықтай өзгертеді. Ветеринариялық-географиялық контрасттылық пен ветеринариялық-экологиялық қауырттылықтың көрсеткіштері жануар ауруларының географиялық алғышарттарының қалыптасқан кешендерінің динамикасы бойынша кезеңімен салыстыра зерттеп отыру мүмкіндігін береді. Көбінесе мұндай динамика жануар ауруларының антропогендік алғышарттары тәрізді тізбек мәнін күшейтетінін дәлелдеп көрсетеді. Міне нақты осыған қатысты экологиялық қауырттылық деңгейлері бойынша анықталып, салыстырылатын қауіптілік индекстері туралы айтуға болады. Ветеринариялық-экологиялық картографиялау негізіне қоршаған орта сапасының кеңістіктік талдану алгоритмі, онымен байланысты аумақтардың қолайлылығы (комфорттылық) деңгейінің төмендеуі, ветеринариялық-экологиялық ареалдардың құрылымдалып, қалыптасуы, бұларда жануар ауруларының антропогендік алғышарттары доминантты болады, сонымен қатар, мәселе туындататын ветеринариялық-экологиялық жағдайлар ареалдарының комбинацияларының түрі білінеді.
Кешенді географиялық талдаудың ақтық кезеңі экологиялық маңызы бар делінген табиғи кешендердің жіктелуін атауға болады. Олардың қатарына фитоценоздар алуан түрлігі мен топырақ жамылғыларының алуан түрлілігінің қалыптасқан құрылымын жатқызу керек. Міне осылар табиғи ошақтық инфекциялар мен инвазиялар биотоптарының эволюциялық-қалыптасқан деңгейін, сонымен қатар жеткіліксіздік пен артықтық эндемияларының аумақтық кешендерін айқындайтын геожүйелердің жетекші биогеохимиялық параметрлерін анықтайды.
Табиғи-ошақтық алғышарттарды пайымдау кезінде инфекциялардың арнайы ветеринариялық-географиялық карталарын жасап алуға үлкен көңіл бөлінуі керек. Сол себептен ең басты негіз ретінде геоботаникалық, топырақтық, ландшафттық карталар, сонымен қатар аумақтардың биогеохимиялық ахуалы туралы карталар пайдаланылған болатын. Міне дәл осындай негіздер максималды обьективтілікпен пәндік картографиялаудың өңірлік шекараларын анықтау мүмкіндігін жасады. Ветеринариялық-географиялық картографиялаудың бұл принциптері кейіннен ветеринариялық-экологиялық картографиялау алгоритмін құрастыру кезінде де пайдаланылды. Ең алдымен мұндай талаптар қоршаған ортаның ластаушы факторлары есебінен байқалатын жануар аурулары алғышарттары карталарын құру кезінде талап етілетін.
Кеңістіктік мәселе тудыратын ветеринариялық-экологиялық жағдаяттардың картографиялық талдауын интеграциялық картографиялау принциптері кезегін ұстанатын көп кезеңді үдеріс түрінде білу керек. Ол ГАЖ арнайы ветеринариялық-экологиялық модулінде қажетті картографиялық материалдар жинақталуын жүргізу мүмкіндігін береді, сосын оларды бірте-бірте болжамдық ветеринариялық-экологиялық карталар құру мақсатында пайдаланады. Мұндай бағдарламаны жүзеге асыру кезінде өзгеше сапалық сипаттамаларға ие потенциалды антропогендік жүктемелер құрамындағы ауыспалы шамалар пайдаланылады. Жалпы алғанда қауіптілік критерилері бойынша аумақты арнайы жіктеу мақсатында ветеринариялық-экологиялық картографиялаудың әр кезеңінің мазмұнын келесі түрде қарастыруға болады:
- жануарлардың химиялық, биогеохимиялық, биологиялық тектегі ауруларының табиғи алғышарттарының аумақтық жинақтарына орай жекелеген табиғи факторларды бағалау бойынша ветеринариялық-географиялық карталар жасалады. Кейіннен олар тұрақты аумақтық кешендер ретінде пайдаланылып, аумақтарды жануар ауруларының табиғи алғышарттарының жинағы түрінде аудандарға бөлу базасы ретінде қабылданады. Ветеринариялық-географиялық алғышарт аудандарда тұрақты шама ретінде қабылданып, аумақтарды жекелеген ветеринариялық-экологиялық аймақтарға бөлудің ойлы карталарына енгізіледі;
- паразитарлық тізбектер мен биогеохимиялық пирамидалар бойынша топологиялық деңгейлердегі геожүйелерде токсиканттарды бөлудің сандық бағалануы өтеді. Осындай ақпарат негізінде өңіріші және өңіраралық ластау көздерін міндетті түрде ескере келе жалпылай алғандағы антропогендік жүктемелердің аумақтарын ранжирлеу жұмысы өткізіледі;
- жануарлар туыстастарының тығыздығы карталары ескерілген антропогендік жүктемелер бойынша ранжирлеу карталары жануар ауруларының қалыптасқан және ықтималды кешендерінің аумақтық және локалды ошақтарын анықтау мүмкіндігін береді;
- жануарлардың табиғи және антропогендік ауруларының аумақтық кешендерінің карталарын келісе отырып талдау моно- және полифакторлық ветеринариялық-экологиялық ареалдарды бөлу мүмкіндігін береді, олар тиісті ветеринариялық-экологиялық жағдаяттарды одан әрі интеграциялау үшін пайдаланылатын болады. Картографиялық алгоритмнің осы кезеңінде табиғи бөгеттердің (геоморфологиялық, геоботаникалық, биогеохимиялық) рөлі ескеріліп, бағаланады, олар ветеринариялық-экологиялық жағдаяттардың континуалдығы мен дискреттігін коррекциялауға (түзетімдеу) көмектеседі;
- түрлі ветеринариялық-экологиялық жағдайлар синтезі мен өңірді арнайы ранжирлеп бөлу бойынша доминанттық қиылысымында аумақтық жүйелерді жекелеген ветеринариялық-экологиялық аудандарға жіктеу.
Кеңістіктік картографиялық талдау жұмыстарын орындау кезінде жай және интегралдық көрсеткіштер пайдаланылды, оларды таңдау бірқатар тұрақты критерилермен негізделінеді. Маңызды делінген критерилерге жататыны:
-ветеринариялық, ол аумақтың нозогеографиялық статусын ашып көрсетеді де жануар ауруларының таралуындағы доминантттық қиылысымдар туралы түсінік береді;
- экологиялық, ол моделдік аумақтың табиғи параметрлерін және олардың жануар ауруларының табиғи алғышарттарының қалыптасуына қатысуын білдіреді;
- жануар ауруларының антропогендік көзі ретінде техногендік текті факторларының қиылысуын білдіретін антропогендік фактор;
- аймақтық және интроаймақтық табиғи кешендерде жануар аурулары мен олардың қиылысымдарының табиғи алғышарттарының кеңістіктік қиылысулары;
- қоршаған ортаның ластаушы кешені әсерінен байқалатын жануар ауруларының антропогендік алғышарттарының кеңістіктік қиылысулары;
- жануар аурулары байқалуындағы географиялық алғышарттар жинағының экологиялық қауіпі мен мәселелі ветеринариялық-экологиялық жағдайларды анықтау.
Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 1464;