Туберкулез бойынша эпизоотиялық жағдай

Ірі қара мал туберкулезі бойынша 2000 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі эпизоотиялық ахуалды талдау жұмыстары көрсетуінше республикада 94 сау емес елді-мекендерде аталған ауру тіркелінген, 15 кесте.

Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасы бойынша жалпы елді мекендерге шаққанда 1,2% құрайды, оның ішінде, Ақмола облысында – 2 (0,23%), Қарағанды – 13 (2,3%), Қостанай - 48 (6,5%), Жамбыл – 11 (4,7%), Ақтөбе – 7 (1,5%), Батыс-Қазақстан – 3 (0,6%), Павлодар – 7 (1,4%), Солтүстік-Қазақстан – 3 (0,6%) елді мекен тіркелген.

 

15 - кесте Қазақстан Республикасында 2000-2011 жж аралығында туберкулез бойынша эпизоотиялық жағдай.

 

Жылдар Жыл басында тіркелген сау емес мекендер саны Жыл ішінде анықталған сау емес мекендер Жыл ішінде сауықтырылған мекендер Жыл соңында сауықтырылмай қалған мекендер

 

Мұнан соң туберкулезбен ауру ІҚМ анықтау бойынша Республикалық ветеринариялық зертхана филиалдарында өткізілген зертханалық зерттеу жұмыстарының талдауы келтірілген, 16 кесте.

 

16 - кесте Республикада 2007-2012 жж аралығында туберкулезді диагностикалау бойынша өткізілген зертханалық зерттеу нәтижелері

 

Филиал атаулары   Жануар түрі РВЗ өткізілген зерттеу нәтижелері бойынша анықталынған ІҚМ туберкулезінің саны
9 мес. 2012 5 жыл 9 айда анықталған БАРЛЫҚ саны
Ақмола ІҚМ
Ақтөбе ІҚМ
Алматы ІҚМ
Талдықорған ІҚМ
16 кестенің жалғасы
Атырау ІҚМ
ШҚО ІҚМ
Семей ІҚМ
Жамбыл ІҚМ
БҚО ІҚМ
Қарағанды ІҚМ
Жезқазған ІҚМ
Қостанай ІҚМ
Қызылорда ІҚМ
Маңғыстау ІҚМ
Павлодар ІҚМ
СҚО ІҚМ
ОҚО ІҚМ
  БАРЛЫҒЫ  

 

Кестеде көрсетілгендей талданып отырған уақыт ішінде ірі қара мал туберкулезіне оң диагностикаланған 50 оқиға тіркелінген. Оның 20 оқиғасы 2007 жылы және 9 оқиғадан 2008, 2009 және 2011 жылдары тіркелінген. Туберкулез Қазақстанның 5 облыстарында тіркелінген: Ақтөбе – 1, Жамбыл – 2, Қарағанды – 13, Қостанай – 9 және ең көбі Павлодар облысында – 25. Осы кезде Павлодар облысында, талданып отырған толық 5 жыл ішінде туберкулезбен ауырған жануарлар 2010 жылды есептемегенде жыл сайын тіркелініп отырған, бұл жергілікті орындарда өткізіліп отыратын профилактикалық және эпизоотияға қарсы шаралардың тиімсіздігі немесе жартылай тиімді екендігін көрсетеді.

Статистистикалық деректерге талдау жүргізе және сау емес елді мекендер үлесі, эпизоотиялық индексі мен эпизоотиялық жағдай қауырттылығы сынды салыстырмалы эпизоотологиялық шамаларды есептей келе республика бойынша аталған ауру төмендеп келеді деп пайымдауға негіз бар. Мәселен бұл көрсеткіш 2000 жылы 0,26% құраса, 2006 жылы – 0,09%, ал 2011 жылы – 0,04% тең болған. Он екі жылдық бақылау нәтижелері бойынша сау емес мекендердің орташа үлесі 0,13% құрайды.

Эпизоотиялық жағдай қауырттылығы шамасында да төмендеу динамикасы байқалуда. Осылайынша, егер 2000-2001 жж. ол – 0,2 болса, кейінгі 2002-2006 жылдары – 0,1 тең болған, ал 2007-2011 жылдары – 0,04 коэффициентіне жеткен.

Алынған деректерді талдай келе туберкулез бойынша өңірлердегі, сондай-ақ жалпы ел бойынша эпизоотиялық жағдай өткізілетін аллергиялық реакциялардың саны мен сапасына, оң нәтиже берген жануарлдарды жоюға, дезинфекциялар өткізілуіне және малдардың қозғалысын бақылауға алу ісіне тәуелді екенін атау керек.

Ірі қара мал туберкулезі географиясын зерттеу негізінде ел аумағын эпизоотологиялық саулығы дәрежесіне байланысты келесі аймақтарға бөлуге болады, 24 сурет:

- барлық талдау мерзімі ішінде ауруға шалдығудың жоғары деңгейін құрайтын аймақтар немесе талдау мерзімінің соңында эпизоотологиялық үдерістің қарқындылығы арта түсетін аймақтар. Мұндай категорияларға республикамыздың барлық аумақтарын бірдей жатқызуға болмайды;

- барлық талдау мерзімі ішінде аурудың спорадиялық тұрғыда байқалуы орын алатын аймақтар немесе соңғы жылдары спородиялық деңгейге дейін төмендеу деңгейін құрайтын аймақтар. Мұндай аймақтар қатарына Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан және Солтүстік-Қазақстан облыстары жатады;

- талдау кезеңі ішінде ірі қара мал туберкулезі тіркелінбеген сау аймақтар. Бұл Павлодар, Оңтүстік-Қазақстан, Маңғыстау облыстары.

Бұрындары сауықтырылған мекендерде туберкулез ауруының байқалуына ықпал ететін факторлар көп, әрі алуан түрлі. Қайта байқалатын аурулардың жиілігі бекіндіргіш кейіннен профилактикалық шаралардың сапалығына тәуелді екендігі анықталған.

Ірі қара мал арасында туберкулездің қайта байқалулары бірқатар жағдайларда бірнеше себептерге байланысты болады, атап айтқанда ауру малдарды сатып алу, бұзауларды залалсыздандырылмаған сүтпен, көк сүтпен азықтандыру, ветеринариялық-санитарлық шаралардың сапасыз өткізілуі, қоршаған орта нысандарының туберкулез қоздырушысымен ластануы, табында туберкулинге ареактивті жануарлар болуы, сонымен қатар туберкулездің латенттік ағымындағы жас малдар болуы.

 

 

24 - сурет ҚР аумағын 2000-2010 жж. кезеңі ішінде туберкулез бойынша аймақтарға бөлу.

 

Сау малдың жайылымдарда, суару орындарында туберкулез ауруы қоздырушыларымен жұқтырылған малдармен байланыста болуы сауықтырылған елді-мекендерде жануарлардың туберкулезбен қайта жұқтырылуының басты себебі болып табылады. Осы кездегі қауіпті деп танылған мерзімдер көктемгі-жазғы және күзгі мерзімдер.

Ірі қара мал туберкулезі бойынша сау емес мекендерден карантинді көбінесе қыс айларында алады. Жылдың осы мерзімінде ақтық ветеринариялық-санитарлық шараларды сапалы өткізу үшін жағдай болмайды.

Осы орайда шектеулерді алу жазғы-күзгі айларда өткізілуі керек.

 








Дата добавления: 2016-06-13; просмотров: 1176;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.