Тақырып. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау.
Кәсіпкерлік ұғымының шығу тарихы.
1. Буржуазиялық саяси экономикада кәсіпкерлік ұғымы XVIII ғасырда пайда болды және меншік иесі деген ұғымды білдіреді. Мысалы, Адам Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттайды. Кәсіпкер өзінің өндірісін ұйымдастырады оның нәтижесіне ие.
Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды. Өз кезегінде ол кәсіпкерге қозғалыс берді. Сондықтан XVIII ғасырдың аяғында XIX ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі экономис Ж. Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипатталады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама беріледі. Бизнес пен кәсіпкерлік жарқын ұғымдар болғанымен оларды бір-бірімен теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес ол табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі. Бизнес кәсіпкерлікпен тығыз байланысты ұғым. Бірақ кәсіпкерлік бұл новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол өнертапқыш. Сондықтан бизнеспен айналыстын адамдар осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.
Сұрақ.
Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамиды.
1. Кәсіпкерлікті тәуекелділікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін салушы француз Р. Контельен саналды. Ол мынандай шешімге келеді. Кәсіпкерлікке жеке индивид болашағы мүмкіндіктерді болжай ала отырып өзіне қосымша табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады.
2. Ж. Сэй мен А. Маршалдың көзқарастары бойынша олардың ойынша кәсіпкерліктің функциясы өндірістік факторлардың бірі қалыпты табыс табу.
3. Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізі мен перспективалық бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы И. Шумпетер. Егер шаруашылық субьектілері жаңа идеяны жүзеге асырмаса ол кәсіпкер болып саналмайды. Шумпетердің айтуынша кәсіпкердің мақсаты тек қана табыс табу емес, табыстың ең жоғарғысына қол жеткізу.
4. Бағыттың негізін салушылар П. Друкер, Б. Санто және т.б. Олар кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен менеджмент бір бірін толықтырып отырады, және бір біріне құрамдас бөлігі болып тұрады.
Кәсіпкерлік – инициативалық шаруашылық қызмет тәуекелі мен сәйкес жаңа ресурстарының орын алмастырушы жаңа идеяларды өздігінен іске асырады және экономикалық-әлеуметтік эффектігі жеткізеді.
Сұрақ.
1 – сурет. Кәсіпкерліктің жалпы сызбасы.
|
Mf Mg
2 – сурет. Өндірістік кәсіпкерліктің сызбасы.
|
3 – сурет. Коммерциялық кәсіпкерліктің сызбасы.
4 – сурет. Қаржылық кәсіпкерліктің сызбасы.
5 – сурет. Сақтандыру кәсіпкерлігінің сызбасы.
|
|
S
M1
6 – сурет. Делдалдық кәсіпкерліктің сызбасы.
|
|
|
Mf
Mf
Mg
Mg
тақырып. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау.
Сұрақтар
1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау процесі, оның кезеңдері, мәні мен ұйымдық факторлары.
2. Бизнес-жоспар – кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру жоспары. Бизнес-жоспарды құру әдістемесі.
Сұрақ.
Жоспарлау - кез келген шаруашылық қызметі жетістігінің маңызды бөлігі. Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі: өйткені фирма істері бойынша ол байланысқандардың барлығы жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер, банктердің өз жоспарлары бар және кәсіпкер оларды ескеруге міндетті; сонымен қатар өз қызметін жоспарлауы тиіс. Жоспар, сондай-ақ қызметкерлерге жеке өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері жайлы айқын тусінігі болуы үшін де керек. Егер жоспарлы жүйе принциптерінен бас тартылса, егер меншік штюрализмі (дүниенің негізі бірімен-бірі байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ рухани мәндерден тұрады деп санайтын ғылымға жат философиялық концепция) жағдайында қандай да болсын жоспарлау өткенге оралу деген қатып қалған қағидашыл (догматизм) пікірді ұстанса, алға қарай жылжу өте қиын болады. Мұндай пікір көптеген экономикалық жағынан дамыған елдерде жосларлауды қолданумен оп-оңай теріске шығарылады.
Жалпы экономика кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың мәніне, міндеттері, мақсаттары мен кезеңдеріне көзқарастарының бір тұтастығы әзірше жоқ. Сондықтан оны жүзеге асырудың жалпы қабылданған негізгі элеметтеріне тоқтаймыз. Жоспарлау бұл – белгілі бір болашақта кәсіпкерліктің мақсаттарын анықтау, ресурстармен қамтамасыз ету мен жетіспеушіліктерге жету әдістерін талдау процесі. Ол стратегиялық, яғни ұзақ мерзімді және ағымдағы қысқа мерзімді жоспарлау болып бөлінеді. Оның негізгі мына элементтер кіреді:
· Болжам жасау, мемлекеттік деңгейде жасалған ұлттық экономиканың және оның жекелеген аймақтарының даму болжамдарына сүйене отырып, кәсіпорын өзінің болашақта дамуын зерттеуді қарастырады.
· Жалпы міндеттерді қалыптастыру – бұл кәсіпорынның даму болжамдарының негізінде оның орындалу мен ресурстардың қамтамасыз етілуінің белгілі уақытымен жүзеге асады.
· Кәсіпорынның әрбір бөлімшесімен жоспарды нақты орындау, бағдарламаларын жасау, мұнда өндіріс сатылатын шикізат, материалды дер кезінде жеткізуді, өндірістік және өткізу операцияларын есепке ала отырып байланыстыру.
· Кәсіпорын бөлімшесінің арасында ресурстарды бөлу. Кәсіпорынның ақшалай табыстары мен шығындар балансын құру бағдарламасын жасау, онда шикізат, матермалдар, еңбек ақы, күрделі құрылыс шығындарының көрінісі орын алады. Осының негізінде кәсіпорынның әрбір бөлімшесінің функциялары, оларды орындаушылардың және бөлек процестермен операцияларды орындайтын жауапты адамдар анықталады.
· Аяқтаушы кезең – кәсіпорынның төменгі буындарына шешімдерді тарату және нақты тапсырмаларды жасау, осыдан жоспарды көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру басталады.
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлауды ұйымдастыру бойынша екі теоретикалық көзқарас, жоспарлауды ұйымдастырудың екі кестесі бар. Бірінші, жоғарыдан төменге жоспарлау. Осы кесте бойынша жұмыс жоғарыдан басталады. Кәсіпорын басшылығы пайда бойынша жоспар көрсеткіштерін, мақсаттар мен міндеттерді анықтайды. Содан кейін осы көрсеткіштер бөлшек нысанда кәсіпорынның ең төменгі құрылымдарына және бөлімшелеріне жеткізіледі, олар бөлімшелер жоспарына енгізіледі. Екінші, төменнен жоғарыға қарай жоспарлау. Жоспарлаудың осы кестесін қолданғанда кәсіпорынның төменгі бөлімшелері жоспарлық есептерді бастайды. Осыдан кейін осы көрсеткіштер алдағы уақыт кезеңіндегі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің біртұтас жоспарына енеді. Жоспарлаудың кез келген кестесін қолданғанда кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жоспарлары өндірістік және өткеру операцияларының жалпы үлесімен сәйкестігі қажет.
Сұрақ.
Бүгінгі күнде кәсіпкерліктің маңызды мәселелерінің бірі бизнес-жоспарды дайындау болып табылады. Бизнес-жоспардың бөлімдеріне бірден кіріспестен, олардың негізгі міндетін түсіну қажет.
Жоспарлау – менеджмент міндеттерінің бірі және кәсіпорын қызметінің болашағын болжамдауды, яғни келесі мәселелерді шешуді білдіреді: фирма қандай бағытта дамиды; қандай қарқынмен; қойылған мақсатқа қалай жетуге болады; тұрлаусыздық және тәуекелдік дәрежесін төмендету үшін не істеу керек. Тиімді жоспарлау – ол тек мақсаттарды анықтау процесі ғана емес, сондай-ақ сол арқылы жетістікке жету жолдарын табу. Жоспарлау жаңа кәсіпорынды құру кезінде де және оның әрі қарай даму кезеңдерінде де қажет.
Бизнес-жоспар жоспарлау процесі нәтижелерінің бірі болып табылады. Бизнес-жоспар – бизнесті ұйымдастыру мүмкіндігін сипаттайтын құжат және менеджерлер командасының кәсіпорынды қандай түрде ұйымдастырайын деп жатқанын анықтайды. Толық бизнес-жоспар әдетте айтарлықтай көлемге ие, бірақ барлық кезде толығырақ жоспар жасаудың алғашқы варианты ретінде шағын бизнес-жоспарлар пайдаланылады. Бизнес-жоспар – өнімге қарағанда процеске көбірек жақын және бизнес-жоспарлаудың нәтижесі өзгеріссіз болып табылмайды. Сондықтан фирма қызметі алғашқы белгіленген нәтижелерден ауытқыған жағдайда бизнес-жоспарды түзетудің күттірмейтін қажеттілігі бар.ъ
Бизнес-жоспарды дайындауға әсер ететін негізгі факторларды қарастырайық:
· Бизнестің күрделілігі. Шағын шаруа қожалығының бизнес-жоспары үлкен көлемде өнім шығаратын, күрделі құрал-жабдықтары және есебі бар ірі кәсіпорынның бизнес-жоспарынан айтарлықтай айрықшаланады.
· Бәсекелестік деңгейі. Егер кәсіпорын күшті бәсекелестік күрес жағдайында жұмыс істейтін болса, онда ол бәсекелестер тарапынан күшті қысымды сезбейтіндерге қарағанда бизнес-жоспарды дайындауда жинақы да ұқыпты болуы керек.
· Тұрлаусыздық деңгейі. Кейбір кәсіпорындар тез өзгеретін, тұрақсыз ортада жұмыс істейді, ол жоспарлау процесін қиындатады және керісінше, тұрақты жағдайларда жұмыс істейтін кәсіпорындарға болашақтағы қызметті болжамдау айтарлықтай оңай.
· Кәсіпкер және оның менеджерлер командасы. Бизнес-жоспар кәсіпкердің қабілеттілігіне және оның командасының бизнестің ішкі және сыртқы ортасындағы қарым-қатынасты пайдалануына, кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасын дұрыс тұжырымдау ептілігіне байланысты.
Бизнес-жоспар өндіріс және қызмет көрсету көлемін көбейту үшін капитал тарту мақсатында инвесторларды іздеу кезінде міндетті. Бизнес-жоспар негізінде инвесторлар жаңа кәсіпорынның жоспарлаған мақсаттарды, оның ішінде кәсіби деңгейі жоғары менеджерлер командасы мұқият ойластырылған, жалғасын табатын негізгі бағдарламалық іс-әрекеттерді орындауға сай мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізуі тиіс. Егер бизнес-жоспар мақұлданса, ол кәсіпкер мен оның командасының өз әрекеттерін жүзеге асыратын басты критерийі болуы керек.
Инвесторларды, бірінші кезекте, кәсіпорынның қарызды өтеуі, яғни оның тек пайызды төлеп қана қоймай, сонымен қатар негізгі қарызды қайтара алуы толғандырады. Сол себепті кәсіпорынның қаржылық көрсеткішін мұқият талдап, жоспарлау қажет. Бизнес-жоспар тек инвестиция тарту құралы ретінде пайдаланылады деген пікір де айтылып жүр. Бизнес-жоспардың мақсат өрісі айтарлықтай кеңірек, себебі бизнес-жоспарды дайындаудың басқа да маңызды себептер бар. Соның ішінде:
1. Көбірек жөнге салынған жұмыс. Бизнес-жоспар менеджерлер командасының тиімді жұмыс істеуіне, яғни әртүрлі балама варианттардың ішінде өте пайдалысын таңдауға, мүмкін болар тәуекелдердің алдын-алуға және олардан құтылудың немесе төмендетудің жолдарын анықтауға көмектеседі.
2. Болашаққа бағдарлану. Жоспарлау менеджерлер командасына көптеген проблемаларды болжауға, алдын-алуға және олар пайда болған кезде дайын болуға септігін тигізеді.
3. Ниеттердің мақұлдануы. Жоспарлау тек стратегияны тұжырымдауға ғана емес, сондай-ақ ниеттерді мақұлдау және тәсілдер арқылы оны жүзеге асыруға көмектеседі.
4. Стресті басқару. Жоспарлау процесінде шындыққа негізделген мақсаттарды анықтау болашақтағы болатын стресс жағдайларынан құтылуға мүмкіндік береді.
5. Тиімділігі жоғары жұмысты қаржыландыру. Шындыққа жақын мақсаттарды белгілеу кезінде қисын әсері бизнес-жоспардың қолға түсетін аз салдары болып табылады. Егер мақсаттар қиын болса да, бірақ жетуге болатынын адамдар көбірек дәлелдейтінін зерттеулер көрсетуде.
Дата добавления: 2016-04-06; просмотров: 11391;