Нарық қандай қызметті атқармайды?

А) Ақпарттық.

В) Делдалдық.

С) Әдістемелік.

D) Баға белгілеу.

Е) Реттеу.

 

193. Төмендегілердің қайсысы қоғамдық игілікке жатпайды:

A) электр энергиясы
B) полиця

C) шамшырақтар

D) елдің қорғанысы

E) тасқыннан қорғану

 

194. Экономикалық конъюктураның ұзын толқынды теориясының авторы:

A) С.Кузнец
B) Дж.М. Кейнс

C) И.Фишер

D) Н.Д.Кондратьев

E) В.Леонтьев

 

Оукен заңына сәйкес, жұмыссыздықтың нақты деңгейінің 2 пайызға артуы ЖҰӨ-нің нақты көлемін қанша пайызға жеткізеді

A) 4%
B) 3%

C) 5%

D) 2%

E) 5% - тен жоғары

 

196. Төмендегілердің қайсысы мемлекеттік бюджет табысына жатпайды:

A) кеденлік баж
B) халыққа төленетін трансферттік төлемдер

C) алымдар

D) мұраға салынатын салықтар

E) бос капиталдар нарығы қаржысынан таза түсімдер тарту

 

197. Лаффер қисық сызығы мынаны көрсетеді:

А) Мемлекеттік бюджет тапшылығы мен жұмыссыздық арасындағы қатынасты.
В) Салық ставкалары мен инфляцияны.
С) Баға деңгейі мен бюджетке түсетін салық түсімін.
Д) Салық ставкасы мен салықтардан түсетін мемлекет табысын.
Е) Инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы қатынасты.

 

 

198. ҚР президентінің жарлығы бойынша Қазақстандағы банк жүйесі:

А) Екі деңгейлі.
В) Үш деңгейлі.
С) Төрт деңгейлі.
Д) Ұлттық банк және бір мем лекеттік коммерциялық банк.
Е) Үш деңгейлі банк жүйесі және мемлекет аралық банк.

 

199.«Арзан ақша саясаты» қандай жағдайда қолданылады:

А) Дағдарыс кезінде.

В) Тоқырау кезеңінде.
С) Экономикалық өсуге бет бұрған кезде.
Д) Экономика өскен кезде.
Е) Өндіріс циклының барлық фазаларында.

 

200. Халықаралық қатынастардың негiзгi элементтерiне жатпайды:

A) халықаралық сауда;

B) халықаралық еңбек бөлiнiсi;

C) халықаралық миграция;

D) капиталдың халықаралық рыногы;

E) мемлекеттiң саясаты.

 

Глоссарий

Абстракция – құбылыстардың басқа қасиеттерінен ең маңызды қасиеттерін табу мақсатында зерттелетін құбылыстың ең негізгісін бөліп алып, шындықты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді

Абсолюттік рента – бұл жерге жеке меншік негізінде жердің құнарлы құнарсыздығына қарамастан барлық жер учаскелерінен алынатын рента

Агро өнеркәсіптік кешен (АӨК) – бұл ауылшаруашылығының өнімін өндіруге, оны сорттауға, қайта өңдеуге және тұтынушыға жеткізуге жұмыс істейтін ұлттық экономика салаларының жиынтығы

Айналмалы шығындар - өндіріліп жатқан өнім көлемі санына тәуелді шығындар. Олар шикізатқа, материалдарға, еңбек ақыға және т.б. кететін шығындардан тұрады.

Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі

Айырбас құны – тауардың басқа тауарға белгілі бір сандық пропорцияда айырбасталу қабілеті

Акционерлік қоғам (АҚ) – акциялар шығарып, орналастыру негізінде келетін акционерлік капитал арқылы құрылатын, кооперативтік бірлестік формасы

Акция – акционерлік қоғамның капиталына қаржы салғанын куәландыратын және иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз

Ақпараттық ресурстар – бұл автоматтандырылған өндірістің қызмет етуі үшін және компьютерлік техника арқылы оны басқаруға қажет жағдайлар

Ақша – тауар мен қызмет төлемінде аралық қызмет атқаратын, жалпылама эквивалент (балама) ролін атқаратын ерекше тауар

Ақша айналымының жылдамдығы – қолдан қолға өтетін ақша шапшаңдығы

Ақшажүйесі - әр мемлекетте тарихи қалыптасқан және мемлекет заңды түрде бекіткен ақша айналымының нысаны

Ақша массасы – елде айналыста жүрген ақша көлемі

Ақшаның сандық теориясы – бойынша экономикадағы ақша мөлшері тауардың баға деңгейін анықтайды

Ақшаның сатып алу қабілеті – бұл ақша бірлігіне сатылып алынатын тауар мен қызметтің мөлшері. Баға өскен сайын ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді

Алтын стандарты - әр елдің валютасының құнын алтынның белгілі шамасымен көрсететін валюта қатынастарының жүйесі

Амортизация – негізгі капитал құнының, қызмет ету мерзімі кезінде өндірілген тауар құнына көшу процесі және оның амортизациялық қорда шоғырлануы

Анализ – заттың қасиетін жан-жақты талдап зерттеудің ғылыми тәсілі

Аралас меншік – жеке және мемлекеттік меншік капиталдың ұштасуына негізделген меншік формасы

Аралас экономикалық жүйе – экономиканы реттеудің нарықтық механизмдерін экономиканы мемлекеттік реттеумен ұштастыратын жүйе

Атаулы жалақы – қызметкерге төленетін ақшалай сома

Аукцион – сатылатын мүлікке саудаласу барысында ең жоғарғы баға ұсынған сатып алушыға меншік құқығы берілетін, ашық сауда саттық

Ашық инфляция – бағаның өсуі, ұлттық валюта бағамының төмендеуі ашық түрде болытын инфляция

Ашық экономика – халықаралық тауарлар мен капиталдар нарығында барлық шаруашылық субъектілері (заңды және жеке тұлғалар) ешқандай жағдайлармен шектелмеген операциялар жүргізе алатын ұлттық шаруашылық

Әдістер – экономикалық құбылыстар мен процестердің қалай, қандай құралдардың көмегімен зерттелетіндігі

Әлеуметтік-экономикалық қатынас – түрлі құрал жабдықты иемдену қатынасын білдіре отырып, оған деген меншік формасын белгілейтін қатынастар

Әмірлі экономикалық жүйе – мемлекеттік меншікке, бір орталықтан басқару әдісіне негізделген экономикалық жүйе

Баға – құнның ақшалай көрінісі

Баға индексі – берілген кезеңдегі тауарлар мен қызметтердің белгілі жиынтығының жиынтық бағасы мен базистік кезеңдегі тауарлар мен қызметтердің ұқсас тобының жиынтық бағасы арасындағы қатынас

Бағалы қағаз – белгіленген тәртіп бойынша мүліктік құқықты куәландыратын құжат

Банк – ақша ресурстарын тартумен және оларды орналастырумен айналысатын экономикалық институт

Банк депозиті – банкке ақша салымдар, банк пассивтерінің бөлігі

Банктік несие – банктердің кәсіпкерлерге және басқа да қарызгерлерге беретін ақшалай несиесі

Банктің активті операциялары - әр түрлі несие берумен байланысты, банк жүргізетін операциялар

Бартер – ақшаның көмегінсіз тауарлардың бір-бірімен айырбасталуы

Бәсеке – шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің өзара сайысы

Биржа – көтерме сауда нарығының тұрақты қызмет ету формасы. Тауар, қор, еңбек және т.б. биржалар болып бөлінеді

Бухгалтерлік шығын - өнімнің белгілі санын өндіру үшін жұмсаған өндіріс факторларының нақты шығындары

Бөлу - өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдірді

Бюджеттік артықшылық – бюджет кірістерінің оның шығынынан артық болуы

Бюджет тапшылығы – бюджет шығындарының оның кірістерінен артып кетуі

Валюта – елдің ақша бірлігі – оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі; халықаралық төлем-есеп айырысу айналысындағы ұлттық ақшаларды пайдаланудың ерекше әдісі

Вексель – жазбаша борышқорлық міндеттемелерінің ерекше түрі, ол оның иесіне белгілі уақыт мерзімі өткеннен соң, осындағы көрсетілген соманың төленуін талап етуге құқық береді

Гиферинфляция – баға деңгейінің өте тез өсуі, инфляцияның жоғары қарқыны (айына 50% - ға дейін)

Ғылыми техникалық прогресс (ҒТП) – идеялардың пайда болуынан бастап, олардың коммерциялық негізінде жүзеге асырылуына дейін, жаңа енгізілім алу мақсатында адамдармен саналы түрде қолданылып жандандырылатын иновациялық прцесс

Ғылыми техникалық революция (ҒТР) – технологиялық өндіріс тәсілінің ауысуына әкелетін өндіріс техникасының салыстырмалы тез революциялық өзгеруі

Дәстүрлі экономикалық жүйе - ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға негізделген жүйе

Девальвация – басқа елдер валютасымен салыстырғанда ұлттық валюта бағамының төмендеуі

Дедукция – жалпы ережелердің негізінде жеке құбылыстар мен процестерді дәлелдеуге мүмкіндік беретін, ғылыми зерттеу әдісі

Деноминация – ескі ақша белгілерін жаңаға айырбастау және баға масштабын өзгертіп, ұлттық валютаны нығайту шарасы

Депозит – қаржы мекемелеріне сеніп тапсырылған ақша немесе бағалы қағаз

Депозиттік банк – басқа банк операцияларын қабылдау және жүзеге асыру құқығы бар екінші деңгейдегі банк

Депрессия - өнеркәсіптік цикл фазасы, тиімсіз экономикалық дамудың ұзақ мерзімі

Дефляция – бағалардың және шығындардың жалпы төмендеуі

Дивидент – акцияға табыс түрінде төленетін, акционерлік қоғамның пайдасының бөлігі

Дифференциалдық рента – табиғи жоғары өндіргіш күштерді қолданудың нәтижесінде алынатын артық пайда

Дотациялар – шығындарды жабуға арналған ақшалай қаржы

Дуополия – нарықтық құрылымның типі, бұл жағдайда белгілі тауардың тек екі жеткізушісі болады және олардың арасында баға, өткізу нарықтары және квота туралы келісімдер болмайды

Дүниежүзілік сауда – тауарлардың және қызметтердің мемлекеттік шекарадан өтуі

Дүниежүзілік шаруашылық - дүниежүзілік сауда-экономикалық, қаржылық және ғылыми-техникалық байланыстарды біртұтас мақсатқа біріктіретін ғаламдық экономика

Еуро – 2002 жылдан бастап ЭКЮ-дің орнына енгізілген еуропалық валюта жүйесінің біртұтас бірегей валюта және ақша бірлігі

Еңбек – табиғат заттары мен күштерінің түрін өзгертуге бағытталған адамның мақсатты қызметтері, оларды өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бейімдеуі

Еңбек заттары – еңбек процесінде адамның әсер ететін заттарының барлығы

Еңбек құралдары – бұл әр түрлі машина механизмдер, инструменттер мен қажет тетіктер, двигатель және т.б.

Еңбек нарығы – бұл еңбек мөлшері және институттары, ұдайы өндірісті қамтушы жұмыс күші және еңбекті пайдалануды көрсететін экономикалық механизмдер жүйесі

Еңбек өнімділігі – еңбектің тиімділігінің көрсеткіші, белгілі бір уақыт бірілігінде өндірілген өнім санын сипаттайды

Еңбек ресурстары – халық шаруашылығында еңбек етуге қабілетті халықтың бөлігі

Еңбек сиымдылығы - өнім бірлігін шығаруға жұмсалған еңбектің жалпы шығындары

Еуропалық экономикалық қоғамдастық (ЕЭҚ) – 1957 ж құрылған біртұтас экономикалық кеңістік болып әрекет етеді, яғни мүше елдердің ұлттық экономикасы ортақ принциптер негізінде қызмет етеді

Жалақы – жалдама жұмыскер алатын ақшалай немесе заттай формадағы табыс

Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз түріндегі көрінісі (бағалы қағаз түрінде)

Жалпы қоғамдық өнім (ЖҚӨ) – материалдық өндіріс сферасына жатқызылған салаларда жасалған белгілі уақыт мерзімінде өндірілген берілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны, оның құрамына аралық өнімнің құны да кіреді

Жалпы табыс (ЖТ) - өнімнің белгілі көлемін өткізуден түскен жиынтық ақшалай түсім

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі уақыт мерзімінде ел территориясында өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны, оның ішінде шетел меншігіндегі өндіріс факторымен елдің территориясында өндірілген жиынтық табыста кіреді

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – ел территориясында белгілі уақыт мерзімінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің құндарының жиынтығы. Оған шетелдегі өндіріс факторларымен өндірілгендер, елдің барлық азаматтарының жиынтық табысы да кіреді

Жанама салықтар – тауар бағасына қосылады және тауарды сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынады (қосымша құн салығы, акциз)

Жеке кәсіпкерлік – кәсіпорынды бір адам иемденетін кәсіпкерлік нысаны

Жек меншік – жеке иемдену құқығы және еркін кәсіпкерлік жүйесі, жекелеген адамдардың затты иемденуіне, оны пайдалану және оған билік ету құқы барына кепілдік берумен байланысты меншік формасы

Жеке табыс – барлық үй шаруашылықтары табыстарының сомасы және трансферттік төлемдер. Ол тұтынуға, ақша жинақтауға, салықтарды төлеуге жұмсалады

Жекешелендіру – заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды жеке меншікке айналдыруы

Жетілген еркін бәсеке – көп фирмалр стандарттық тауарлар сататын және олардың біреуінің де нарық пен бағаны бақылауға жеткілікті үлесі болмайтын нарық

Жетілмеген бәсеке – бағаға белгілі бақылау жүргізетін екі немесе одан да көп сатушылар нарығы және сату үшін бір-бірімен бәсекелес болатын нарық

Жиынтық сұраныс – бұл үй шаруашылықтарының, фирмалар мен үкіметтің әрбір берілген бағалар жағдайында алғысы келетін тауарлар мен қызметтерінің саны

Жиынтық ұсыныс – нарықта ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны

Жұмыс күші – адамның еңбекке деген қаблеті

Жұмыссыздық – белгілі бір мерзімге жұмысы болмағандар және еңбекке қаблетті адамдардың жұмыссыз жүруі

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – толық жұмыссыздық жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі (яғни циклдық жұмыссыздықтың болмауы)

ЖҰӨ дефляторы – ағымдағы бағалардың базистік кезеңдегі баға деңгейіне қатынасын, яғни өндіріс көлемін емес, бағалардың салыстырмалы өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш

Заңды тұлға - өзінің меншігінде, шаруашылық қарамағында немесе жедел басқаруында оқшауландырылған мүлік болатын және осы мүліктермен өзінің міндеттемелеріне жауап беретін ұйым

Иемдену – мүлікті меңгерудің нақты қоғамдық тәсілі

Икемді баға - сұраныс пен ұсынысты теңестіру үшін, еркін өсіп немесе төмендеп отыратын баға

Икемді емес бағалар – нарықта тепе-теңдік орнауына жол бермейтін, баяу өзгеретін бағалар

Икемді емес сұраныс – бағаның өзгерісінен (процентпен есептегенде) сұраныстың өзгерісінің аз болуы

Икемді емес ұсыныс – бағаның өзгерісінен, тауардың ұсынысының өзгеруі төмен болғаны

Импорт – басқа елдерден алынатын тауарлар мен қызметтер жиынтығы

Инвестициялар – капитал қорын толықтыру үшін кәсіпкерлер алатын тауардың құны

Ипотекалық несие – кепілдеме түрінде берілетін несие, яғни банктердің жеке тұлғаларға қозғалмайтын мүліктерді (жер, құрылыс, ғимарат) кепіл ретінде алып несие беруі

Индкуция – жалпы ережелер мен принциптерді айқындауға мүмкіндік беретін, жекелеген факторлардың негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеу әдісі

Инновация – тауар мен қызметтердегі технология мен өндіріс факторларындағы қандай болмасын өзгерістер, жаңа өзгерімдер

Институтциноализм – экономикалық ой пікірлердің классикалық бағытына балама ретінде ХХғ жж қалыптасқан, осы замандағы экономикалық ой-пікірлердің бірі, бұның басты ерекшелігі әлеуметтік-экономикалық факторлардың барлық жинақтарын бір-бірімен өзара тығыз байланыста және өзара келісімде жүргізеді, сонымен қатар экономикаға қоғам әлеуметтік бақылау жүргізу керек деген идеяны тұжырымдайды

Интенсивті типтегі экономикалық өсу – материалдық игіліктер мен қызметтердің өндірістің кеңеюі, өндірістік факторлардың сапасан жетілдіру арқылы, прогрессивтік технология қолдану арқылы, мамандығы мен еңбек өнімділігі жоғары жұмыс күшін қолдану арқылы дамуы

Инфляция – тауар бағасының көтерілуі салдарынан ақшаның құнсыздануы

Инфляцияға қарсы саясат – инфляцияны төмендетуге бағытындағы мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы

Инфрақұрылым – экономикалық қызмет етудің шарттарын жасап отыратын оның салаларының жиынтығы. Өндірістік (көлік, байланыс, қуатпен қамту) және әлеуметтік (сервис, білім беру, денсаулық сақтау) болып бөлінеді

Капитал – тауарлар мен қызметтер өндірісін ұйымдастыру мақсатында пайдаланатын ақшалай сома. Капитал – кәсіпкерлік табыс әкелетін ақшаның қандай болмасын сомасы. Капитал - өздігінен артатын құн немесе қосымша құн әкелетін құн.

Капиталдың ауыспалы айналымы – өндіріс факторлары құнының нәтижесінде оның үш сатыдан өтетін және өндірістік, ақшалай және тауар формаларын қабылдайтын өндірістік және айналым сфералары арқылы қозғалысы

Картель – монополистік пайда алу мақсатында, нарық, өндіріс үлесі және баға деңгейлерін бөлу туралы мүшелері өзара келісімге келетін монополия нысаны

Кәсіпкерлік – пайда алумен жеке табыс табуға бағытталған азаматтардың белсенді шығармашылық дербес іс-әрекеті

Кеден бажы – шекарадан өтетін тауарларға салынатын салық

Кейнстік теория – қазыналық, ақша-несиелік саясаттың және нарықтық механизмге белсенді әсер ететін басқа шаралардың кең қолданылуының арқасында экономикаға мемлекеттік реттеу жүргізудің қажеттілігі және маңыздылығы туралы экономикалық ілім. Экономикалық теорияның бұл бағыты баға салыстырмалы икемді емес, нарықтық экономика өзін-өзі реттемейді, сондықтан мемлекеттің араласуы қажет деп тұжырымдайды

Кесімді жалақы – өндірілген өнім көлеміне төленетін жалақы. Оның мөлшері бір бұйым бағасын бұйым санына көбейту арқылы анықталады

Классикалық мектеп – экономиканы өзін-өзі реттейтін жүйе деп қарайды, бұнда тепе-теңдік салыстырмалы бағалардың еркін өзгеруі арқылы орнайды, өндіріс дәрежесі табиғи факторлармен белгіленеді және ол ақша саясатына тәуелді болмайды

Коммерциялық несие – бұл тауар түріндегі несие. Бұл несиені шаруашылық тұлғалары басқаларына төлем мерзімін ұзарту арқылы тауарды сату түрінде береді

Конгломерат – бір-бірімен қызмет бабымен емес, бас компанияның басқа компаниялармен қосылу және жұмылу нәтижесінде пайда болған бірлестік

Консалтинг – сатып алушылыр мен сатушыларға, кәсіпорындарды, фирмаларды ұйымдастыруда, сыртқы экономикалық сферада экономикалық іс-әрекеттердің көптеген мәселері туралы ақыл-кеңес беру қызметі

Консорциум – кейбір жобаларды бірлесіп орындау үшін ірі шаруашылықтарды қаржыландыру үшін, қымбат объектінің құрылымы бойынша бірнеше фирмалар, банктер, компаниялар арасында жасалған ерікті уақытша келісім

Концерн – бірыңғай қаржы орталығы бар көп салалы фирмалардың бірлесуі

Корпорация – кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың кең тараған формасы, мұнда бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы

Көлеңкелі экономика – заңға қарсы келетін немесе табыс төлеуден қашу мақсатымен, кәсіпорынның, жеке тұлғалардың айналысатын экономикалық іс-әрекеттері

Купон – процент немесе дивидент түрінде табыс алуға мүмкіндік беретін, кесіп алынған талон формасындағы бағалы қағаздардың бөлігі

Қайта жекешелендіру – бұрын мемлекет меншігіне айналдырылған кәсіп орын мүлкін қайта жеке меншікке айналдыру

Қаржы – бұл қоғамда қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесіндегі ақша құрылысы қорының қалыптасуы, бөлінуі, қолданылуы

Қаржы жүйесі – қаржылық қатынастар мен институттар жиынтығы

Қаржы механизмі – саяси экономикалық және әлеуметтік сфераларды көптеген қызметтер атқаруға қажет ақша құралдарын мемлекеттің құруы және пайдалануы

Қоғамның өндіргіш күштері – белгілі ептілік тәжірибесі бар адамдар және өндіріс құрал- жабдықтары

Қолдағы табыс (ҚТ) – салықтар төленгеннен кейін халықтың өз ұйғарымымен жұмсай алатын табысының көлемі

Қор биржасы – бұл бағалы қағаздар нарығы, яғни бағалы қағаздарды сату және сатып алумен айналысатын нарық

Қосымша құн – жалдамалы жұмысшының, оның жұмыс күшінің құнынан артық жасаған құны, ол өндіріс құрал-жабдықтарына меншік иесіне түседі

Қосылған құнға салынатын салық - өндіріс процесінде жасалған құн өсімінің белгілі бөлігін бюджетке алу

Құнның еңбек теориясы – құн теориясының шығындық вариантының бірі, бұған сәйкес тауардың бағалылығы жұмсалған еңбектің белгілі санымен белгіленеді

Құрылымдық жұмыссыздық – экономика құрылымындағы өзгеріспен байланысты, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс кәсіптік біліктілік сипатына сәйкес келмеген жағдайда болатын жұмыссыздық

Қысқа мерзімді кезең - өндірісте қолданылатын машиналар мен жабдықтардың, өзінің құрылыстарының жалпы көлемін фирма өзгерте алмайтын уақыт мерзімі

Лаффер қисық сызығы – салық мөлшері мен салықтан түскен төлемдер арасындағы байланысты көрсететін қисық

Лизинг – несиенің бір формасы, меншік оъектісі ұзақ мерзімді арендаға беріледі, соңынан ол сатылып алынады және қайтарылады

Лицензия – 1) белгілі іс әрекетпен айналысуға рұқсат беретін құжат; 2) өнер табысын (патентпен қорғалған) техникалық білімдерді, тәжрибені, сауда таңбасын пайдалануға рұқсат беріледі

Лоренц қисық сызығы – халықтың топтарына сәйкес табыстардың бөлінуін көрсететін қисық сызық

Маклер – биржада мәмілеге келу үшін делдалдықпен айналысатын, қор (сауда) биржасының мүшесі, операцияларды клиенттердің есебінен және соның тапсырысы бойынша жүргізеді

Макроэкономика– экономиканы тұтастық деп немесе оның негізгі құрамдастары деп зерттейтін экономикалық теорияның бөлімі

Маржа - банк алатын және төлейтін банк пайыздары сомаларының айырмасы болып табылатын банк пайдасы; сатып алушы жарнасының бірінші төлеміретінде төлейтін акция құнының ең төменгі пайызы

Маржинализм, маржиналдық экономикалық теория – микро және макро дәрежеде шекті ресурстарды бөлудің тиімді әдістері мен шаруашылықты ұтымды жүргізудің әдістерін іздестіру

Маркетинг – нақты және болашақтағы қажеттіліктердің қалыптасуын зерттеуге негізделген, өнімнің өндірісі мен өткізілуін кешенді ғылыми бағалау

Материалдық тозу – негізгі капиталдың тұтыну қасиеттері мен құнының жойылуы

Маусымдық жұмыссыздық – белгілі салаларда өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуларымен шарттастырылған жұмыссыздық

Мемлекет иелігінен алу – мемлекеттік меншіктегі мүлікті басқа меншікке айналдыру: муниципалды, жеке, ұжымдық, кооперативтік, акционерлік, аралас

Мемелекеттік бюджет – бұл мемлекеттік аппарат, қарулы күштер үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған, ел үкіметінің ақша ресурстарының орталықтанған қоры

Мемлекеттік меншік – бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылығы деңгейінде, аймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде болады

Менеджмент – нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынды басқару нысаны, менеджменттің негізгі қызметтері – шешім қабылдау және оны орындау

Меншік - өндіріс құрал-жабдықтарын және өндіріс нәтижелерін иемденумен байланысты адамдар арасындағы қатынастар

Мерзімдік жалақы – сағаттық мөлшерлемеге және жұмысшы еңбегінің өнімділігіне байланысты белгіленетін жалақы формасы

Меркантилизм – экономикалық ой-пікірлердің ең алғашқы бағыты (XV-XVIIғ), бұл бағыттың өкілдері елдің байлығын ақша деп түсініп, оны экономикалық өсудің маңызды құралы деп қараған, ал байлықтың көзі ретінде сыртқы сауданы есептеген

Микроэкономика – экономиканың жекелеген субъектілерін, бөлшектерін зерттеу, мұнда нарықтық процестерге басты назар аударылады

Монетаризм – экономиканы тұрақтандыру саясатын орындауда, оның қызмет етуі мен дамуында айналымдарғы ақшаның массасы шешуші роль атқарады деп тұжырымдаушы мектеп

Монополиялық рента – тауарларды монополиялық бағамен сатқанда пайда болатын қосымша табыс

Монополия – кейбір өнімді сатуға немесе кейбір іс-әрекетпен айналысуға айырықша құқықты болу

Монопсония – нарықтық құрылымның типі, мұнда белгілі тауарды тек жалғыз сатып алушы ғана болады

Мультипликатор – көбейткіш, мультипликациялық эффект тудыратын әр түрлі өзара байланысты сипатты белгілеуде экономикалық теорияда қолданылаты категория

Нақты жалақы – ақшалай жалақының сатып алуға жарамдылығы, атаулы жалақыға сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер саны

Нақты экономикалық өсу – базистік кезеңдегі инфляцияның өсім қарқынына сәйкес түзету жүргізілген бағаның негізінде айқындалған экономикалық өсу

Нарық - өнімдермен айырбас жүргізудің экономикалық нысаны, бұл өндірушілер мен тұтынушылар, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесі

Нарықтық инфрақұрылым – нарықтың барлық түрлерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ететін мекемелер жиынтығы: аукциондар, жәрмеңкелер, биржалар, сауда үйлері, жұмыспен қамту қызметтері және т.б.

Нарықтық тепе-теңдік – тауар ұсынысы сұранысқа сәйкес болғанда және нарықтық бағаны өзгерту тенденциясы жоқ болғанда байқалатын көрініс

Нарықтық экономика – өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны, еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке жеке меншікке негізделеді

Натуралды шаруашылық – экономиканы ұйымдастырудың тұрпайы нысаны, адамдар өнімді айырбасқа, сатуға емес тек өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіретін шаруашылық

Несие – бұл ақша не тауар түрінде қайтарылатын және пайыздық төлемі төленетін несие

Несие қоры – уақытша бос құралдарды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты орталықтанған ақша қорының бөлшегі

Ноу – Хау – кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі туралы технологиялық, ұйымдастырушылық, коммерциялық білімдердің жиынтығы

Облигация – ұтыс нысанында иесіне табыс әкелуге құқық беретін бағалы қағаз. Оны мемлекет, жергілікті органдар, фирмалар, қорлар және т.с.с. шығара алады

Олигополия – бір текті немесе әр түрлі өнімдер сататын бірнеше ірі фирмалар үстемдік ететін нарық

Олигопсония – бұл олигополияға қарама қайшы құбылыс, бірнеше сатып алушының болуы

Орталық банк – елдің басты эмиссиялық орталағы, коммерциялық банктерге қызмет көрсетеді, үкімет бағдарламаларын қамтамасыз етеді, қаржы нарығына бақылау жүргізеді

Орташа шығындар - өнім бірлігін өндіруге жұмсалған шығындарды өлшеу үшін қолданылатын шығындар

Орташа табыс – сатылған өнім бірлігінен түскен табыс

Өзгермелі шығындар - өндіріліп жатқан өнім көлемі санына тәуелді шығындар. Олар шикізатқа, материалдарға еңбек ақыға және т.б. кететін шығындардан тұрады

Өндіріс – қоғам дамуына қажетті материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатында табиғат заттарына адамның әсер етуі

Өнім – өндіріс нәтижесі, басқа затқа айырбастала алатын тауар немесе қызмет

Өндіріс факторлары – табиғи, өндірістік ресурстар, адам ресурстары, капитал және кәсіпкерлікті ұйымдастыру процесі

Өндіріс құрал жабдықтары – барлық еңбек құралдары мен еңбек заттарының жиынтығы

Өндірістің жеке факторлары – бұл жұмыс күші

Өндіріс тиімділігі - өндіріс көлемінің ресурстарына қатынасы, берілген өнім көлемін өндіруге ең төмен шығындар жұмсалғанын көрсетеді

Пайда – тауарды сату бағасы мен өндіріс шығындарының айырмасы

Пайда нормасы – бұл процентте өрнектелген, пайданың өндіріс шығындарына қатынасы

Патент – белгілі жылдар бойы жаңа тауарды немесе идеяны пайдалануға монополияның болуы

Позитивтік экономикалық теория – экономикалық ақиқатты, құбылыстарды, прцестерді зерттейтін және түсіндіретін, олардың арасындағы байланыстарды, қатынастарды ашып көрсететін экономикалық теория пәні

Протекционизм - өз елінің ішкі нарығын шетел тауарларынан қорғауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясаты. Бұл саясаттың міндеті: ұлттық экономиканың дамуын қолдау және елге тауарларды әкелуге жоғары баж белгілеу арқылы, немесе тауарлардың әкелінуіне тиым салу арқылы ұлттық экономиканы қорғау

Ревальвация – ұлттық ақша бірлігінің бағамын заңмен көрсету

Рента – табиғи ресурстарды пайдалану кезінде меншік иесінің алатын табысының бір түрі

Рентабельділік – баланстық пайданың активтер мен өндіріс шығындарының орташа жылдық құнына қатынасы

Ресурстар – игіліктерді өндіру процесінде қолданылатын қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктері

Реформа – экономикалық жүйенің бір үлгісінен басқасына эволюциялық өту

Салааралық бәсеке – түрлі салалық кәсіпорындар арасындағы капитал салудың ең пайдалы жағдайы үшін күрес

Сала ішіндегібәсеке – бір салалық кәсіпорындар арасындағы ең үлкен табыс үшін күрес

Салық - заң актлерімен белгіленген тәртіп және шарттар бойынша жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері

Салық жүйесі – мемлекетте өндіріп алынатын салықтардың, алымдардың, баж және басқа төлемдердің сонымен қатар оларды құрудың нысандары мен әдістердің жиынтығы

Салық объектісі – салық салынатын табыс немесе мүлік

Сауда балансы – белгілі уақыт мерзімінде тауарлар мен қызметтердің елден әкетілімін (экспорт) және елге әкелімін (импорт) ақшаға шағып есепке алу

Сауда – бұл тауар айырбасы мен сату және сатып алу актісін іске асыру жөніндегі адамдардың қызметі

Сауда капиталы – бұл айналыс сферасында қызмет ететін және өнеркәсіптік капиталдан ерекшеленген капитал

Саяси экономия – адамзат қоғамында, оның дамуының әрқилы кезеңінде өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процесінде объективті түрде пайда болатын қоғамдық-өндірістік яғни экономикалық қатынастар туралы ғылым

Серіктестік – кәсіпорындарды иемдену және басқару туралы екі немесе одан да көп адамдар бірлесіп бизнес ұйымдастыру нысаны

Синдикат - өнімді бірлесіп өндіру мақсатында бірігу

Стагфляция – жұмыссыздықтың өсуімен орын алатын инфляция

Субсидия – мемлекеттік ақшалай көмек түрі

Сұраныс – сатып алушының төлем қабілеттілігімен қамтамасыз етілген, тауарларға және қызметтерге қажеттілік

Сұраныс заңы – баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері байланыс

Сыртқы шығындар – фирманың шикізат, құрал-жабдық, транспорт, энергияны басқа жақтан, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін жабдықтаушылардан сатып алуға кеткен ақшалай шығындары

Сэй заңы – сұраныс пен ұсыныс арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды көрсететін заң

Табиғи ресурстар – табиғаттың берген силары: мұнай, газ, су, орман, кен т.с.с.

Табиғи монополия – бұл бір өндіруші шығаратын өнім шығындары, осы өнімді өндіретін басқа өндірушілердің шығындарынан төмен болады

Табиғи тозу – қолданудың немесе атмосфераның әсер етуі нәтижесінде құрал-жабдықтардың табиғи қасиеттерінің жойылуы

Табыс – белгілі бір уақыт аралығында алатын және игілік пен қызметке ие болумен қатар, жеке тұтынуын қамтамасыз ететін ақша құралының сомасы

Таза инвестициялар – негізгі капитал элементтерінің тозу құнын алып тастағандағы инвестициялар көлемі

Таза монополия – бұл екі немесе одан да көп фирмалардан гөрі, нарықты шығыны аз қандайда бір тауар, не қызметпен қамтамасыз ететін жалғыз ғана фирмалардың үстемдігі

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) – шығарылған жабдықтарды ауыстырғаннан кейін, тұтыну үшін қалған белгілі уақыт мерзімінде елде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны, бұл ЖҰӨ-нен амортизация сомасын шегеріп тастағанға тең

Таза экспорт – экспорт және импорт көлемдерінің айырмасы

Тапшылық – тұрақсыздықтың көрінісі, тауар (ақша) нарығында тауарлар мен қызметтердің жетіспеушілігі

Тауар – белгілі бағалылығы болатын сатуға немесе айырбастауға арналған зат

Тауар өндірісі - өнімдер мен қызметтер өндірісінде жұмсалған еңбек шығыны

Тепе-теңдік баға – сұраныс пен ұсыныс тең болған жағдайдағы тауар бағасы

Технология – адамның еңбек заттарына әсер ететін тәсілдері

Төлем баланысы – белгілі уақытта келген валюталық түсімдермен осы мерзімде мемлекеттің шетелде жасаған төлемдерінің арақатынасы

Трансакциондық шығындар – контракт жасасқанда тауарларды өндіру мен өткізуде, фирманың өзінің жұмысын ұйымдастыруда және барлық қызмет түрлерін реттеуде жұмсалатын шығындар

Трансұлттық корпорациялар – бірден көптеген елдердің территориясында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын корпорациялар

Трансферттік төлемдер – мемлекеттік шығындарды қайта бөлу нысаны: халыққа тегін берілетін төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы, стипендия және т.б.)

Трест – меншікті біріктіру, өндірісті жалпы басқару және тауарды өткізу негізінде бірлесу

Тұрақты шығындар - өндіріс көлеміне байланыссыз шығындар. Оларға құрылыс және ғимараттарға амортизациялық аударымдар, арендалық төлемдер, әкімшілік басқару шығындары т.б. жатады

Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы

Тұтыну тауарларының нарығы – жеке тұтынуға жататын тауарды сатып алу сату сферасы: азық түлік, киімдер, тұрғын үй, тұрмыстық техника және т.б. нарықтар

Тұтыну құны – тауардың қандай да бір адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті

Тікелей салық – тікелей табыс немесе мүлік алушылардан алынады

Ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің үздіксіз қайталануы

Ұжымдық меншік – еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ иемденіп, пайдаланып және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі

Ұзақ мерзімді қарыздар – құрал жабдықтар, ғимараттар және т.б. сатып алуға жұмсалған шығындар

Ұлттық байлық – осы уақыт мерзіміне дейін елде жинақталған материалдық игіліктер жиынтығы

Ұлттық есеп жүйесі (ҰЕЖ) – белгілі уақыт мерзіміндегі елдегі шаруашылық қызметтердің нәтижесін қолдану үшін пайдаланатын статистикалық жүйе

Ұлттық табыс (ҰТ) - жаңадан жасалған құн; жалақы, рента, пайыз және пайда түрінде тұрғындардың тапқан табыстарының жалпы сомасы

Ұсыныс - өндірушілердің сату үшін шығарған тауарларының жиынтығы

Ұсыныс заңы – баға мен ұсынылып отырған өнім мөлшерінің арасындағы тура тәуелділік

Ұсыныс инфляциясы - өндіріс шығындарының өсуімен пайда болатын инфляция

Үй шаруашылығы – тауарлар мен қызметтерді өндіретін және тұтынатын бір немесе бірнеше тұлғадан тұратын экономикалық бірлік

Физиократизм – Грек тілінен аударғанда «табиғаттың билігі» франциядағы саяси экономия ағымы, оның өкілдері экономикада ұлттық байлықты жасауда жер, ауылшаруашылық өндірісі шешуші рөл атқарады деп тұжырымдайды

Филипс қисық сызығы – жұмыссыздық дәрежесі мен бағаның өсу қарқыны арасындағы байланыстарды көрсететін қисық сызық

Фирма - өнім шығару үшін өндіріс факторларын қолданатын, пайдасын максимизациялауға ұмтылатын, өздігінен шешім қабылдайтын экономикалық бірлік

Фискальдық саясат – бұл салық саясаты, мемлекет салықтар арқылы экономикалық белсенділікті реттеп отырады

Фрикциондық жұмыссыздық – бұл адамдардың бір жерден екінші жерге көшуімен байланысты, бір кәсіптен екінші кәсіпке ауысуымен байланысты болатын уақытша жұмыссыздық

Фъючерстік (мерзімдік) контрактар – көрсетілген уақытта белгілі тауарды жеткізу қажеттігі заңмен расталған келісімдер

Халықаралақ сауда (ХС) – бұл тауар мен қызмет көрсету экспорт арқылы жүретін халақаралық экономикалық қатынастың түрі

Халықаралық валюта жүйесі – сыртқы нарықта орталық эмиссиялық банктер қызметін реттейтін заңмен және халықаралық келісімдермен бекітілген институттардың, ережелердің және халықаралық есеп айырысу әдістерінің жүйесі

Халақаралық несие – қарыз капиталының халықаралық экономикалық қатынастың аумағындағы қозғалысы, оның тауарлы немесе ақшалай формасы болады

Халықаралық валюта қоры – бұл қорды жасауға қатысқан мүше мемлекеттердің саясатының мүдделерін көздейді

Халықаралық еңбек бөлінісі – бұл әлем елдерінің қандай да бір өнім түрін өндіруге мамандануы және оны дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайы болуы

Халықаралық миграция – жоғары еңбек ақы алуды көздеген еңбекке қаблетті адамдардың бір елден екінші елге жылжуы

Холдинг – активтеріне басқа кәсіпорындар акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу, сөйтіп олардың акцияларына бақылау қою мақсатын көздейтін акционерлік компания

Циклдық жұмыссыздық – экономиканың құлдырау кезеңінде орын алатын жұмыссыздық

Шектелген жауапкершілік – кооперация нысанында кәсіпорынды ұйымдастырудың артықшылықтарының бірі, мұнда акциялардың меншік иелері кооперацияның акцияларына, олар инвестициялаған сомадан артық сомаға қарыздары үшін заң жүзінде жауап бермейді

Шекті өнім - өндірістің басқа факторлары өзгермегенде, өндіріс факторларының қандайының болмасын қосымша бірлігінің өндірген өнімі

Шекті пайдалылық - тауар немесе қызметтің қосымша бірлігін тұтынудан туындайтын қосымша пайдалылық

Шекті табыс - тауардың қосымша бірлігін сату нәтижесінде жалпы жиынтық табыстың өзгеру шамасының көлемі

Шекті шығындар - өнімнің әрбір қосымша бірлігін өндіру үшін фирманың жұмсайтын қосымша шығындары

Шығындар – өндірістің сатып алынған факторларының төлемі

Экономика (грекше ойкос – үй шаруашылығы, номос - заң) – бұл қажетті өмірлік игіліктерді жасап пайдалану арқылы, адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін шаруашылық жүйесі

Экономикалық заң – экономикалық құбылыстар және процестердегі ең мәнді, тұрақты қайталанып тұратын объективтік себеп-салдарлы байланыстар

Экономикалық категориялар – қоғамдық экономикалық қатынастардың маңызды жақтарын сипаттайтын логикалық ұғымдар

Экономикалық қатынастар - өндіріс процесінде орын алатын, олардың еркінен және сана сезімінен тәуелді емес адамдар арасындағы қатынастар

Экономикалық өсу – бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі және сапалық тұрғыда жетілуі

Экономикалық рента – ұсынысы икемді емес ресурс ұсынысының балама құны мен ресурстар қызметтерінің төлемі арасындағы айырма

Экономикалық реформа – экономикалық қатынастарды өзгертуге бағытталған саналы түрде жүзеге асырылатын өзгерістер

Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық мәселелерді шешудегі және оның мехенизмдерін әрекетке келтірудегі қызметі

Экономикалық теория – бұл ұдайы өндірістің фазалық динамикасындағы және ұзын толқындар динамикасындағы экономикалық өсудің заңдылықтары мен факторлары туралы, ұлттық байлық туралы ғылым; қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатымен тауарларды өндіру және айырбастау үшін шектеулі ресурстарды (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік) қолдану туралы ғылым.

Экономикалық тиімділік - өндірістің нәтижесімен шектелген ресурстар шығындарының арақатынасы; өндірілген өнім көлемінің қолданылған ресурстар көлеміне қатынасы

Экономикалық цикл – бірнеше жыл бойы қайталанып отыратын экономикалық белсенділіктің өсуі және төмендеуі. Өндіріс көлемінің, экономикалық қатынастар субъектілерінің табыстарының деңгейінің, жұмыспен қамтылудың ауытқулары арқылы көрінеді

Экономикалық шығындар – тауар өндіруге таңдап алынған ресурстардың қандайының болмасын балама құны, оны пайдаланудың барлық мүмкін болатын варианттарының ең жақсысының құнына тең

Экономиканы мемлекеттік реттеу – жалпы экономикалық жүйенің теп-теңдікте өсуін мақсат етіп, микро- және макроэкономикалық параметрлер арқылы, ішкі және сыртқы нарықтардың жекелеген сегменттеріне, мақсатқа бағытталған үкіметтің үйлестірушілікті көздеген басқарушылық шығындардың әсер ету процесі

Экономикс - ресурстардың шектелген жағдайында қоғам қалай оларды өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын етіп бөлуін баяндап талдайтын қоғамдық ғылым

Экспорт – басқа елдерге сатылған тауарлар мен қызметтердің жиынтығы

Экспорттық квота – экспорт шектеулі болған жағдайда экспортқа шығаруға рұқсат етілетін тауарлар саны

Экстенсивтік типтегі экономикалық өсу – материалдық игіліктер мен қызметтердің көлемін өсіру, өндірістің тікелей факторларының бұрынғыдан көп көлемін қолдану арқылы жүреді: жұмыскерлердің, еңбек құралдарын, жерді, шикізаттарды, отын-энергетикалық ресурстарды т.б.

Эмáарго – кейбір елдерге тауарлардың экспортына және импортына мемлекеттің тиым салуы

Эмиссия – мемлекеттің бағалы қағаздарды (акция, облигация), банк билеттері мен қағаз ақшаларды шығаруы

Ямайкалық валюталық жүйе – алтын стандарттарынан бас тартуды бекіткен және көбінесе құбылмалы басқаруға мүмкіндік беретін бағам жүйесін белгілеген Кингстон (Ямайка) халықаралық конференциясында құрылған халықаралық валюталық жүйе








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 2673;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.163 сек.