Маркетингік қызметтің ұйымдық күрылымы
Маркетинг кешені бойынша әзірленген шараларды жүзеге асыру үшін өндіру мен өткізу, сондай-ақ үйлестіруші, жоспарлаушы және бақылау жасаушы қызметтерін атқара алатын маркетингтің ар-найы қызметі қажет. Егер фирма шағын болатын болса, маркетинг-тің барлық міндеттерін бір адамға жүктеуге болады. Ал үлкен фир-малар маркетинг қызметін ұстауға мүмкіндіктері бар. Маркетингтік қызметтің құрылымы алуан түрлі. Ең көп тараған маркетинг қыз-меті функциональды уйымдастыру болып саналады. Бұндай ұйымдастыру кезінде маркетингжөніндегі мамандар маркетингтік қызметтің әрқилы түрлерін (қызмет жүргізуін) басшылыққа алады. Негізінен мұндай қурылымға тар шеңбердегі тауар ассортимен-тімен, ұлттық нарықтың және олардың сегменттерінің үлкен емес санымен жүмыс жасайтық белгілі бір ыңғайлылығымеқ тұрақты-лығымен және онша көп емес сыйымдылығымен өзгешеленетін шағын фирмалардың маркетингтік қызметтері ие, Дегенмен, тауар ассортиментінің өсу мүмкіндігіне қарай бұл жағдай өзінің тиімділігін жоғалтады. Өнімдер (тауарлар) бойынша арнайы бөлгмдердің жоқ болуына, түрлі қиындықтарға байланысты жаңа тауарларды жа-сау, оларды енгізу идеясы пайызына бақылау мен байланыстың болмауы жаңалықтарды енгізуді баяулатады.
Нарықтың аймақтық сегменті бойыниа арнайы бөлімдердің жоқ болуынан түтынушылардың талаптарына бейімделу әсері баяулайды.
7 сурет. Маркетинг қызметін функциональды ұйымдастыру
Тауар белгілері бойынша ұйымдастыру өндірілетін өнім мен көрсетілген қызмет түрлерінің тауарлық-салалық белгілері бойын-ша ұйымды құрудың негізі болып саналады. Мұндай құрылым өнді-рудің әр түрлі технологиялары бар, көп ассортиментті өнімдерді шығарушы, бірыңғай сипаттағы, үлкен емес өткізу нарықтарына мамандандырылған фирмалар үшін тиімді. Ұйымдастырудың мүн-дай қурылымы жағдайында фирма шығаратын тауарлар өндірудің түрлі технологияларымең тауарлық өмірлік кезеңінің қысқа бо луымен сипатталады. Нарық динамизммен ерекшеленеді, тутыну-шылардың талап-тілек, сұраныстарына маркетингтік қызметтің тез икемделуі мен жылдамдылығы талап етіледі.
8-сурет. Тауарлық өндіріс бойынша маркетинг қызметін ұйымдастыру
Мұндай ұйымдастыру кезінде барлық тауар өндірісіне тауар бойынша бірнеше басқарушы бағынатын тауар номенклатурасы жөніндегі басқарушы жетекшілік етеді, Өзінің тауары бойынша басқарушының маркетингтік барлық кешенді үйлестіру мен нарық проблемаларына тез қарсы әрекет ететін маркетингті ұйымдасты-рудыңбасымдығы болып саналады. Дегенмең бұл басымдықтар қо сымша шығындарды да туғызады (басқарушылардың штаты, әрбір тауарға маркетинг кешені бойынша қосымша шығындар және т.б.)
Гөографиялық принцип бойынша ұйымдастыру өткізу қызметі белгілі бір аймақтарға бағдарланғаң яғни көп емесжәне бірыңғай емес дәл сызылған шекаралармен жұмыс жасаушы фирмаларға тән. Ол шет елдерде кең ауқымды өткізу және өндірістік қызмет-терін жүзеге асырып жатқан фирмаларға басымдық береді.
9-сурет. Гөографиялық принцип бойынша ұйымдастыру
Нарықтық принцип бойынша уйымдастыру тауарлы-өндірісті ұйымдастыру жүйесіне ұқсас келеді. Нарықтық жұмыстар жөніндегі басқарушы жекелеген нарықтар жөніндегі бірнеше басқарушының қызметіне басшылықжасайды. Бұлай ұйымдастыру фирманың бар-лық қызметін түпкі тұтынушыларға бағдарлауға және осы кезде олардың әрбір топтары үшін жеке, арнайы нарық саясатын жүзеге асыруға мүмкіндікбереді. Бұл құрылым көп дәрежеде маркетингтүжырымда-маларының қағидалары мен талаптарына сәйкес келеді.
Тауарлы-нарық принципі бойынша уйымдастыру көптеген на-рықтарда әр түрлі тауарлар сатушы фирмаларға тән. Мұндай фир-
малардың бір мезгілде тауарлар мен нарықтар жөніндегі басқарушылары болуы мүмкің яғни олар материалдық ұйымдастыруды қолданады.
Келтірілген маркетингтік қызмет қүрылымын біздің отандық экономикада қазіргі уақытта толық ауқымда қолдану мүмкін емес.
Маркетингтің даму кезеңіне байланысты Қазақстан Республи-касы және басқа елдер кәсіпорындары экономиканың өтпелі ке-зеңінде маркетингпен айналысатын үйымдық құрылымдардың келесі үлгілерін пайдалануы мүмкін.
Бірінші сатыда келесі бөлімдер қызмет етеді:
- тауарларды ішке және экспортқа өткізу бойынша жедел қыз-метті ұйымдастырып және соған басшылық жасайтын ком-мерциялық үйым;
- өткізу нарығың нарықтық жағдайдың өзгеруін зерттейтің баға динамикасын талдаумен айналысатын коньюнктура және баға бөлімі;
- қызметіне кешенді коммуникативті қызмет пен өткізуді ынта-ландыруды ұйымдастыру қызметтері, жарнама бөлімі.
Басқару қызметі жүйесінің екінші сатысына маркетингжөніндегі жеке буындар кіреді (негізінең коньюнктура, баға және жарнама бөлім-дерінің орнына). Тізіп өткен қызметтерден басқа бұл буын нарықтық зерттеулер, тауар саясаты және т.б. мәселелермен айналысады.
Үшінші сатыда маркетингтік қызметті басқару аппараты кеңінен және күрделі бола түседі, басқарма мәртебесін алады. Оның ішінде нарықты, оның игіліктерін зерттеп-үйренумен, жаңа тауар-ларды жасап шығарумен, өткізу арналарын анықтаумен және т.б. қызметтермен айналысатын маркетинг бөлімі болуы мүмкін
Коммерциялық бөлім жедел түрдегі коммерциялық жүмыстар-ды, жекелөй алғанда, контрактілерді дайындау мен жасауды, уйым-дастырады.
Құрылатын маркетингтік қызметтер қызмет жүргізудің келесі жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс:
- жүйенің нарықтың динамикалық даму жағдайларына икем-ділігі, ұтқырлығы және бейімділігі;
- құрылымның салыстырмалы түрде қарапайымдылығы, құрылым неғүрлым берік болса, жүйе соғурлым ұтқыр бола-ды және фирманың табысқа жетуге деген мүмкіндіктері соғұрлым жоғары болады;
- маркетингтің қызмет ауқымының оның тиімділік дәрежесі мен фирманың сату көлеміне сәйкестігі; қызмет құрылымының өндірілетін өнімдерінің ассортименті мен қызмет көрсетудің өзгешелік белгілеріне сәйкес келуі;
- ұйымдық қурылымдардың өткізу нарығының саны мен көлеміне және олардың сипаттарына сәйкес келуі.
Бақылау сұрақтары:
- Маркетинг кешеніне түсінік.
- Жарнама және ынталандыру қызметін басқару.
3. Басқарушы жаңа тауарлар бойынша түсінік .
Дәріс 9
Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 1895;