Маркетинг кешені және оның жасалуы

 

Маркетинг кешені- фирма мақсаты, нарық тарапынан жауап-ты әсер тудыруға пайдаланылатың маркетинтің өзгермелі жай-ларының бақылауға берілетін (жататын) жиыны.

Маркетинг кешені  
Маркетинг кешені - маркетингтің қазіргі заманғы жүйесінің негізгі түсініктерінің бірі, оған тауарына сұраныс тудыру үшін фирма не қабылдай алады - соның барлығы жатады. Маркетинг кешеиін келесі үлгіде беруге болады:

 

 

 


6-сурет. Маркетинг кешенін құраушылар

 

Жоғарыда көрсетілген маркетингтік кешенге сәйкес келесі бөлімдерде толық талдау жасалынатын болады.

«Тауар - сату үшін өндірілген еңбек өнімі" деген тауарға берілген жалпы анықтама маркетингте де сол маңызын жоймайды. Дегенмен, маркетингте ең маңыздысы - ақшаға айырбастағанда тауардың рөлі емес, оны пайдалану, тұтыну мүмкіндігі. Тауар - бұл заттардың пайдалы қызметтерінің кешені. Сондықтан ол тұтыну-шылардың ең қажетті деген мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қажетті барлық құраушы элементтерді автоматты турде өзіне жат-қызады. Сонымең тауар түсінігіне жай айтыла салатын өнімдер ғана емес, басқа құрама элементтер де кіреді. Нарықта тауарларды құраушы тауар түсіне, буып-түйілуіне, дизайнына, жүк құжаттарына айрықша көңіл бөлінеді. Мысалы, фирма тамаша ойыншық жасап шығарды, бірақ ойыншықты қалай пайдалану жөніндегі нұсқау бала-ларға ғана емес, ата-аналардың өзіне онша түсініксіз, ыңғайлы болып шықпады. Мұндай жағдайда кәсіпкер нашар тауар шығарған деп тұжырымдауға болады.

Баға -анықтамасы бізге белгілі, баға -тауарды өндіруге жұмсапған қоғамдық қажетті жұмыс уақытының шамасын өлшеуге қызмет ететің тауар құнымың ақшалай көрінісіндегі экономикалық категория. Деген-мең өмірде сатып алу - сатудың түрлі ерекшеліктеріне байланысты бағаның көптеген түрлері пайдаланылады. Баға - маркетинг кешенінің басты қүраушылардың бірі. Тауарлардың өмірлік кезеңі аралығында баға жаппай нарыққа бағдарлана отырып, өте жоғарыдан ең төмен бағаға дейін өзгереді. Көпшілікжағдайда қол жеткізілген коммерция-лық нәтижелер бағаға қатысты болады, ап қате баға саясаты фирма-лардың барлық қызметіне ұзақ уақыт әсерін тигізеді. Маркетингтегі баға саясаты фирмалардың тауарына, нарықта белгілі үлес алып, пайда көлемін қамтамасыз етуге және басқа да стратегиялық, жедел міндеттерді шешуге байланысты.

Тарату өдістері - мақсатты тұтынушыларға тауарды сатып алу мүмкіншілігін туғызатын барлық қызметтүрлері. Бүған көтерме және бөлшексаудагерлерді таңдап алу, тиімді тасымалдау, тауар қорларын уақытылы толықтырып отыру, тауарларды сөрелерде көрсете білу және т.б, жатады.

Ынталандыру әдістері - бұл фирмалардың өздері шығаратын тауарларының лайықтылығына, сол тауарларды сатып алу қажет-тігіне тұтынушылардың көздерін жеткізу мақсатындағы мәлімёт-терді (жарнама және басқа арнайы тәсілдер, үгіттеу, тауарлардың қозғалысын ұйымдастыру бойынша шаралар) тарату қызметі.

 








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 3965;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.