Колоранттар, ароматизаторлар мен дәм беретін қосымшалар және олардың адам ағзасына әсері.

Дәм сезу адаптациясы. Мысалы: ауызға тәтті затты салғанда оның дәмін тез сезеді, егер оны қозғамай ауызда ұзақ ұстаса, тәтті дәмін сезбей қалады. Дәм сезу түйсігі иіс сезу сияқты заттардың химиялық қасиеттерімен шартталады. Дәм сезетін қасиеттердің негізгі төрт түрін бөліп көрсетеді — тұзды, қышқыл, тәтті және ащы. Дәм сезуге, әдетте, иіс сезу, ал кейде қысым, жылулық, суықтық және ауырсыну түйсіктері қосылады. Дәм сезуде компенсация, яғни бір дәм сезу түйсігінің (тұзды) басқамен (қышқыл) басылыл қалуы үлкен рөл атқарады. Контраст құбылысымен қатар, дәм сезуде контраст құбылысы да орын табады. Мысалы, қант ерітіндісінің тәтті дәмін түйсіну тұздың аз мөлшерінің қосындысынан күшейеді. Дәм сезу түйсіктері вегетативтік жүйке жүйесі арқылы эмоциялық көңіл-күйге әсер етеді. Дәм сезу, иіс сезу сияқты басқа рецепторлық жүйелердің табалдырықтарына, мысалы, ол көз бен естудің өткірлігіне, тері сезгіштігі мен проприоцепторлар күйіне әсер етед

Тері сыртқы ортамен тікелей жанасады. Ол жанасу мен қысымды, жылу мен суықты, ауыруды кабылдайды. Бұл сезімдерді тіл, мұрын, ауыздың сілемейлі қабықтары кабылдайды. Теріде ауырсыну рецепторлары көп, 1 см2-де, шамамен, 100 ауырсыну рецепторы бар.

Ауыру — бұл қорғаныш реакциясы, қауіппен күресуді жеделдетудің маңызды сигналы. Ауырсыну сезіміне адам үйренбейді. Ал температура өзгерістеріне жеңіл бейімделеді. Жылуды бір рецепторлар, ал суыкты басқа рецепторлар қабылдайды. мұндай рецепторлар бетте және ерінде көп орналаскан.

Сипап сезу — бұл тері сезімі және оны арнайы рецеп­торлар жасайды. Олар саусак, тіл ұшында, ерінде көп болады. Рецепторлар капсулаға немесе қабыққа оралған жүйке ұштары болып табылады. Теріге түсетін қысымға біз тез үйренеміз, сондыктан біраздан кейін киімнің тигенін сезінбей қаламыз. Көзді жұмып затты ұстағанда, біз оның пішінін, мөлшерін, бетінің сипатын, температурасын анықтай аламыз. Бұл сезім соқыр адамда өте жақсы дамыған Еңбек іс-әрекетінің дағдысы саусақ ұштарының сезім-талдығымен байланысты. Сезімтал жүйке бойынша тері рецепторларының сигналы жұлын мен мидағы бұлшық ет сезімі аймағына бағытталады.

Дәм сезу мүшесі. Тамакты оның иісімен бірге қабылдаған кезде дәм сезімі пайда болады. Дәм сезу рецепторлары суда еріген заттын дәмін сезіп, қабылдай алады. Сілекеймен н\е дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ тамақтың дәмі сезілмейді. Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл — тіл бүртіктері. Дәмді тілдің әр түрлі бөліктері әр түрлі сезеді.

Тамақ ішкенде тілдің барлың рецеп­торлары жүмыс істейді. Лимон, қарбыз, кұлпынай, т.б. жеген кезде, қышкыл, ащы, тәтті, түзды дәмнен күрделі дәм үйлесімі пайда болады.

Иіс сезу тамақ қабылдауға міндетті түрде қатысады

Иіс сезу мүшесі. Адам үшін иіс маңызды рөл аткарады. Ол тұрмыстық газдың шығып жатқанын, ашып кеткен тамақ туралы хабар береді, Мұрын қуысының үстінгі мұрын қалқанында иіс сезу мүшесі орналасқан. Бұл — пішіні түйреуіш тәрізді және кірпікшелері бар иіс сезу рецепторларының шоғыры (жиналуы).

Иіс сезу анализаторы
● Иіс сезу рецепторы жүйесінен
● Иіс сезу жиынтығынан
● Иіс сезу орталығынан

Дәм сезу рецепторы орналасады
→ тілдің ұшында
→ артқы бөлігінде
→ жиегінде
→ жұмсақ таңдайда
→ жұтқыншақтың артқы жағында

Сипап сезу – тері анықтайды
→ қаттылығын
→ жұмсақтығын
→ тегістігін
→ жылылығын
→ суықтығын








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2791;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.