Лекцияның қысқаша мазмұны. Өзін-өзі жақын адамдармен өзара қарым-қатынаста тану

Өзін-өзі жақын адамдармен өзара қарым-қатынаста тану. Адам өміріндегі отбасы мен туыстық қатынастардың маңызы. Ата-аналар мен балалар қарым-қатынастары. Қазіргі заманғы отбасының образы.

Махаббат – көпжақты сезім ретінде. Ерлер және әйел бастамасының үндестігі қоғамның өмір сүруінің негізі. Адам өміріндегі достықтың орны. Дос бола білу қабілеті ерекше адами сый ретінде.

Адамға өзінің жақын адамдарымен өзара қарым-қатынас жасау қажеттілігі: қамқорлық жасау, өзін басқаның орнына қоя білу, кешірімді болу.

1. Адам өміріндегі отбасы мен туыстық қатынастардың маңызы. Отбасы – некеге немесе қандас туыстыққа негізделген қоғамдық шағын топ. Адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы нысаны, яғни тұрмысының ортақтығымен және өзара моралдық жауапкерілік, көмекпен байланысқан адамдардың бірлесуі. Отбасы қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады, онда адам дүниеге келіп, ұрпақ жалғасады.

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы да отбасынанбасталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы –бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Қара шаңырақ, отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам шыр етіп дүниеге келісімен осы отбасының есігін айқара ашып енеді және осында ер жетіп, тәрбие алады. Сондықтан отбасының адамзат баласының дамуына ықпалы зор. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұр емес пе? Қазақ шаңырағында әуелі әке, сосын ана осы отбасының ұстазы болмақ. Ата-анасы отбасында имандылыққа тәрбиелесе, ол бала тіл алғыш, адал, үлкен-кішіге қамқор болып өседі. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі сыйлауынан, қадірлеуінен, әсіресе, баланың қартайған әке-шешелеріне қамқор болуынан көрінеді.

Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу - айрықша парыз. «Әкеге бағыну - Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу - Алла алдында күнәһар болу» дейді Пайғамбарымыз.

Қазақ отбасында ағайын-туыстың татулығы келінге де байланысты. Өз отбасында жақсы, көреген тәрбие алған қыз бала келін боп түскен жерінде келген отбасының шаңырағын шайқалтпай, қайта олардың татулығын сақтап қалады. Ақ жарқын мінезді, қонақжай, қолы ашық жас келін отбасы мүшелерін ә дегеннен-ақ өзіне баурап алады. Осылайша жақсы келіннің аяғы құт болып, отбасы берекесі одан әрі жалғаса береді. Қазақтың «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деп отыратыны да осыдан қазақ халқында осы шаңырақ ұғымына байланысты небір асыл сөздер бар.

Қара шаңырақ қалай қалыптасады дегенге келсек, қазақ салты бойынша қара шаңырақ кенже баланың еншiсiне бұйырған дүние. Көп балалы үйде ұлдардың ең кенжесi сол қара шаңырақтың иесi есептелiнедi. Сол себептi оның жолы әрдайым үлкен болған. Сосын айт мерекесiнде немесе наурызда тек сол ұрпақтан, сол шаңырақтан тараған әулет адамдары ғана емес, айналадағы сол шаңырақты құрмет тұтатын адамдардың барлығы қара шаңыраққа бас сұғып, сәлем бередi. Сол үйден дәм татады. Келiндер қара шаңыраққа келгенде, мейлi, ол үйде адам болсын-болмасын тiзесiн бүгiп сәлем жасау – қазақтың үлкен салтына айналған»

Баяғыда, көш үстiнде қазақтың қыз-келiншектерi жолдағы ауылдың тұсынан, аттарын жетектеп жаяу өтедi екен. Бұл, өздерi көрмесе де көз көргендерден естiп бiлгенiндей сол ауылдың басы, рудың ұйытқысы болып келген қасиеттi қара шаңыраққа көрсеткен құрмет болса керек.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ата-бабаларымыз балаларына алдымен отбасындағы тәрбие өнегесін үйреткен. Одан кейін «Е, Құдайым, бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең бір-бірлеп ала бер» деп ұрпағының санасыздығынан түңілген. Ұлттық салт-дәстүрлеріне елуден астам тәрбие үлгілерін қолданған ата-бабаларымыз, әдеп, ырым-тиым, жөн-жосық, қалып-қағида ережелерін жасаған. Дана халқымыз «балаңды бес жасқа дейін хандай сыйла, он екі жасқа дейін құлыңдай жұмса, он үш жастан кейін ақылшыңдай кеңес» деп айтқан. Бұрынғылар жастарға сенім артып, оның есеюіне, отаншыл, көпшіл, халықшыл, ұлтжанды болып тәрбиеленуіне мақал-мәтелдер арқылы ықпал еткен.

2. Махаббат – көпжақты сезім ретінде. Махаббат - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Қазақ халқының рухани бастауларының бірі - шығыс мүсылман эдебиетінде махаббат жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жүртшьтлыққа жол тауып, эстетикалық-көркемдік, этикалық-ғнбраттык зор маңызға ие болды.

Орта ғасырларда махаббат ұғымы көркем шығарманың ғана емес, дүниетаным, дін, философия, эстетика салаларының өзекті мэселелері бастау алатын кәусар бұлақ саналды. Ортағасырлық мұсылман және христиан теологиясында, діни әдебиегге, сондай-ақ шығыс поэзиясында да басты тақырып махаббат болды, көптеген онтологиялық, аксиологиялық, гносеологиялық мэселелердің шешуін табар түйіні осы махаббат категориясы еді.

Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайды, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы заңдылық.

Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы орнын белгілеуге, өзін-өзі, акиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным түйсігі. Сол себептен махаббаттың сипаты да түрліше. Мысалы, адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат. Өз кезегінде адам мен Алла арасындағы махаббат - имандылықтың, ер мен әйел махаббаты - отбасының, отанның беріктігінің, ұстаз бен шәкірт махаббаты - білімнің, ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы махаббат - елдіктің, т.б. қастерлі құндылықтардың кепілі әрі бастауы. Сонымен қатар адамның Отанытна, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де махаббатттың бір көрінісі.

Ер-азаматтың қорғауға міндетті үш намысы - иман, Отан, отбасы махаббатқа негіз болар кұндылықтар. Махаббатты осылайша жіктеуге махаббат иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады. Махаббаттың сезімдік әсер тұрғысынан күйініш пен сүйініш, қорқыныш пен үміт өзара ұласа жүріп, адам бойында күйіп-жанған ынтық сезім, қанат бітірер ұшқыр қиял, риясыз пейіл, мейірім-шапагат түрінде көрініс беруі махаббаттың бар түріне тән жалпы сипаты болып табылады. Яғни махаббаттың қай түрі болсын, адамды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді.

Адамдардың басым көпшілігін толғандыратын да, көптеген көркем шығармаларға өзек болған тақырып та ер мен әйел арасындағы махаббат. Алғашқыда күйіп-жанған ынтық сезіммен басталған махаббат жұбайлық жұп құру кезінен бастап жаңа сатыға көтеріледі. Некедегі ер мен әйелдің отбасындағы өзара адалдығы, бір-біріне қамқорлығы, ортақ жауапкершілігі, ізгі мақсат, ортақ мүддеге жұмылуы алдыңғы орынға шығуымен махаббат жаңа сапалық өзгерісте дамып, тэрбиелік мәні артады. Демек, ер мен әйелдің арасындағы махаббат пен осындай басқа да махаббаттардың барлығы - олардың ешқайсысын жоққа шығармайтын, бірақ бүтіндей қамтып, әрқайсысының мәнін арттыратын адамның хақиқатты мақсат еткен Аллаға деген махаббатының алғашқы сатыларының бірі.

Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған тапсырмалар:

1. Хрестоматиядан махаббаттың әр түрлі стильдері мен тілі туралы оқу.








Дата добавления: 2016-03-05; просмотров: 3745;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.