Лекцияның қысқаша мазмұны. 1. Адамның ішкі жан дүниесінің қайталанбас даралығы
1. Адамның ішкі жан дүниесінің қайталанбас даралығы. Адам болмысының түп негіздері адамның жоғары құндылығы ретінде, барлық құндылықтарды өзіндік танудың қорытындысы ретінде: «Мен кіммін?», «Өмірімнің мәні неде?», «Менің негізгі құндылықтарым қандай?», «Өмірдің бақыты неде?» деген сұрақтарға қайта оралуды талап етеді. Бұндай құндылық «Өзін-өзі тану» курсының әрбір оқушысы жететін шыңға, ойлардағы, сезімдегі, әрекеттердегі, таза және жоғарғы махаббатқа жетудің нәтижесі болып табылады. Мұғалім оқушысын күш жұмсаудан бас тартуға, оңды мінез-құлыққа – Жерде рухани құндылықтарды жүзеге асыруға әкелуі тиіс.
Адам өмірінің мәні жайлы зор мәселе екендігі белгілі. Өз бақытыңды қалай табуға болады? Материалды қамтамасыздықты бақыт деп есептеуге бола ма? Оған барлық қуатыңды, күшіңді, ақылыңды, денсаулығың мен жаныңды бергенің қажет пе? Бақыттың мәні материалды байлықта емес, ол тек қысқа мерзімді қанағаттану сезімі екеніне, оны сақтап, көбейту үшін адамдарда мазасыздану мен қорқыныштары туындайтынына сендіру. Байлық, бақыт пен қуанышқа ықпал етпейді. «Өзін-өзі тану» курсы студенттерді – бақытты өмір – ең алдымен жасалынған істің қуанышына, шығармашылық қызметтің қуанышына, мейірімді істерге, жердегі бейбіт өмір үшін Отанға қызмет етуге толы өмір екеніне сендіруді көздейді. Адам материалды жанталаста, шен қуалауда емес, басқа адамдарға қызмет етудегі шексіз, әрі істердің ағымында әлемнің әдемілігіне тамсану қабілетінде, барлық мұқтаж адамдарға қамқор болуда, адами – рухани тұлға ретінде бақытты болады.
«Өзін-өзі тану» курсын жүзеге асырудың жағдайлары қазіргі заманғы білім беру дәстүрінен өзгеше. «Өзін-өзі тану» курсы адами-рухани мазмұнға толы, жалпы адамдарға тән құндылықтардың негізінде қалыптасады. Алайда, құндылықтар мазмұнына адамның мінез бітістері, моральды ережелердің тізбегі ретінде қарауға болмайды. Адами құндылық – жалған долбар емес, ол адамда оянған руханилықтың жарығымен сәулеленуі тиіс. Курстың қисыны өте анық байқалады: жеті құндылық сатыдан сатыға өткен сайын курстың барлық тақырыптары бойынша біртендеп күрделеніп отыратын мәселелерге толы. Оқытудың әрбір сатысында – «Адам-әлем» арақатынасының мәнін ашатын бірнеше мәселелер көзге түседі, олар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қайта жанданып, әркез жаңарып отырады. Әрбір сатыда студенттің психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келетін адамдық құндылықтарға жетудің әртүрлі деңгейлері көрінеді:
♦ қалыпты деңгей: білімдер, мінез-құлықтың жалпыға ортақ үлгілерінің негізінде иеленеді;
♦ жеке-даралық деңгей: білімдер ақиқатты, салыстырмаларды іздеу, моральды ұстанымдарды әрекеттермен, қылықтармен сәйкестікке келтірудің, идеалдардың жалғандығының немесе дұрыстығын дәлелдеудің өмірдегі адами-рухани бағдарларды қалыптастырудың нәтижесінде иеленеді;
♦ түсіну деңгейі: білімдер адамның өзін-өзі реттеуінің, өзін-өзі түсінуінің, өзін-өзі танудың негізінде, тұлғаның рухани үйлесімдікке, адами-рухани жетілу ұмтылысының негізінде иеленеді;
Руханилықтың басымдығы оқыту мазмұнының әдістері мен тәсілдерін іріктеу принциптерін таңдауды да анықтайды. Егер де дәстүрлі жүйенің шеңберінде оқыту, білімдерді жеткізу, оларды меңгеру назар аударылса, «Өзін-өзі тануда» тұтастай адам ағзасы интеллектісінің, жүрегінің, сезімінің, құмарлығының, интуициясының, саналылығының, бейсаналылығының, санадан жоғарысының барлығын қамтиды. Принциптер мен әдістер тұтастай жеке тұлғаның қоршаған әлеммен қарым-қатынасына деген бағдарымен анықталады.
2. Тұлғаның бостандығы. Адамның ішкі жан дүниесін түсінуде аса қасиетті ұғымдардың арасында еркіндік ұғымының орны ерекше. Адамға еркіндіктің ауадай қажет екендігін барлық адамдар түсінеді және келіседі, ол керемет құндылық, байлық. Себебі, еркіндіксіз өзің бола алмайсың. өз қылықтарың үшін жауап берсмейсің, өзіңді-өзің көрсете де алмайсың. Бірақ осы еркіндік, азаттық, бостандық дегеннің өзі не? Оны қалай түсінуге боалды? Еркіндік, бостандық дегеніміз барлық нәрсеге ерік беру, рұқсат беру емес, ол ең алдымен үлкен жауапкершілік, қажеттілікті түсіну. Еркіндіктің, бостандықтың алғашқы шарты адамға таңдау мүмкіндігін беретін ақыл-ойы және жан-жақты терең білімі. Еркіндіктің мәнін түсінбейтін адамдар оны тез жоғалтып алуы мүмкін. Нағыз адамгершілікті әрекет жақсылық пен жамандықты еркін айыра алусыз мүмкін емес. Сондықтан да бүкіл этикалық жүйелер адам еркінің бостандығын мойындайды.
Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған тапсырмалар:
1. Адам тарих ағымында (Баяндама)
Дата добавления: 2016-03-05; просмотров: 4766;