Лекцияның қысқаша мазмұны. Қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану
Қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану. Қарым-қатынас адамдар арасында өзара түсінісікке қол жеткізу құралы. Адам үшін үйлесімді қарым-қатынастың тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары, толеранттылық. Тілдесімнің вербальды және бейвербалды жақтары. Қарым-қатынастағы ара қашықтық. Кикілжіңдер және оларды болдырмау. Мәдениет өмірлік жетістіктердің факторы ретінде. Толеранттылық қоғамдағы адам өмірінің нормасы ретінде.
Зерттеушілер өзін-өзі танудың даму генезисінің жолдарының бірі қарым-қатынас деп біледі. М.И.Лисинаның пікіріне сәйкес, қарым-қатынас – бұл екі (немесе одан да көп) адамның келісімге келу және өздерінің күштерін қатынасты реттеу мен ортақ нәтижеге жету мақсатына біріктіруге бағытталған өзара ықпалы.
Қарым-қатынас субъекті белсенділігінің дербес және ерекше формасы ретінде көрінеді. Қарым-қатынастың аясы, тәсілі мен динамикасы оған қатысатын адамдардың әлеуметтік қызметтерімен, олардың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі жағдайларымен, қандай да бір қауымға қатыстылығымен анықталады.
Қарым-қатынас пен психика іштей байланысты. Қарым-қатынас актісінде субъектінің «ішкі дүниесінің» презентациясы өзге субъектілермен іске асып, сонымен бірге, бұл актінің өзі осындай «ішкі дүниені» білдіреді.
Қарым-қатынас жәй ғана әрекет емес, нақтырақ өзара ықпал ету.Ол әрқайсысы теңдей белсенділік көрсететін және оны өз серіктесінде шамалайтын қатысушылар арасында іске асады.
Қарым-қатынасты өзін-өзі танудың дамуының психологиялық механизмі деп айтуға болады. Бірақ бала ересектермен де (туылғаннан бастап), құрдастарымен де (кейінірек, шамамен өмірінің 2-3 жылынан соң) қарым-қатынасқа түседі.
Баланың психикалық дамуы үшін ересектердің маңызын негізінен батыстық, ресейлік және отандық психологтар мойындаған. Бірақ ересектермен қарым-қатынас оларда дамудың бұлағы мен бастауы ретінде емес, оған мүмкіндік туғызатын сыртқы фактор ретінде болады. Еересектің балаға қатынасы тек әлеуметтік нормаларды түсінуін жеңілдетеді, оған сәйкес мінез-құлықты қалыптастыруға, әлеуметтік ықпалдарға бағынуға көмектеседі. Мұнда психикалық даму біртіндеп әлеуметтендіру процесі - сыртқы әлеуметтік жағдайларға баланың бейімделуі ретінде қарастырылады.
Л.С.Выготский «психикалық дамудың қайнар көзі баланың ішінде емес, оның ересектермен қарым-қатынасында» деген. М.И.Лисинаның ғылыми мектебінің зерттеулері психологияға жаңа пәнді – баланың ересектермен қарым-қатынасын және оның ғылыми зерттелуіне жаңа тұрғы ендірді.
М.И.Лисинаның еңбектерінде баланың психикалық дамуына қарым-қатынастың ықпалының зерттелуі кең түрде көрсетілген. Ол Л.С.Выготскийдің тұжырымдамасына сүйене отырып, баланың психикалық дамуының басты шарты - оның ересектермен қарым-қатынасы болып табылатынын бекітті. Баланың ересектермен қарым-қатынасында «дамудың таяудағы аймағы» құрылады. Онда ересек серігімен бірлесіп әрекет ету баланың өзінің потенциалды мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі. М.И.Лисинаның жетекшілігімен жүргізілген эксперменттік зерттеулер нақ осы қарым-қатынаста бала әрекетінің ішкі жоспары, оның эмоциялық қобалжуының сферасы, танымдық белсенділігі мен ырықтылығы, еркі, өзін-өзі бағалауы мен өзіндік санасы дамитындығын көрсетті.
2. Қарым-қатынастағы ара қашықтық. Тілдесу - адамзат әрекеттесуінін бір түрі. Тілдесу барысьнда тұлғаңың ең жағымды жақтары анықталады және ашылады. Мәдениетті адам үшін қарым-қатынас - қажеттілік, оның жоқтығы ауыр, орны толмас шығын деп қабылданады. Тілдесу барысында адамдар бір-біріне ықпал етеді. Адамдар тілдесуіндегі ең бастысы - өзара түсінушілік.
Әртүрлі халықтар мәдениетінде қарым-қатынас феноменіне маңызды мән беріледі. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде қонақжайлылық жарқын көрініс тапқан. Тілдесу- өмірлік қажеттілік.
Тілдесу - бұлқазіргі адам өміріндегі күнделікті ең маңызды құрамаларының бірі. Тілдесу мәдениеті әр адамға қажет. Тілдесу арқылы біз жаңа ақпарат аламыз, басқа адамдармен қатынасымызды ретке келтіреміз, дос табамыз, отбасын кұрамыз, еңбек етеміз, оқимыз, өмірімізге керектінің бәрін табамыз. Адам әлеуметтік мәніс екені белгілі, сондықтан қоғамнан тыс ол нағыз адамдық қасиетке ие бола алмайды. Осы орайда жануарлар асыраған "Маугли" секілді балалар туралы оқиғаларды еске түсіруге болады. Мүлде қарым-қатынассыз өскен бұл балалардың жануарлар әлемінен бөлетін қасиеттері жетілмеген.
Тілдесудің вербальды және вербальды емес жақтарын қарастыруға болады. Вербальды емес тілдесу аркылы, мысалы, әңгіме барысыңда біз барлық мағлұматты аламыз. Адам бізді көргеніне қуанышты ма, көңіл күйі жақсы ма, өзі қазір айтып тұрған нәрсені, шын ойлап тұр ма, ол өз сөзіне қандай мән береді, міне, осының бәрін ұғыну үшін бізге әр сөздің мағынасы керек емес. Осы және тағы да басқа көп мәліметтерді вербальды емес сигналдар арқылы тілдесу барысында қабылдаймыз.
Қарым-қатынастың мәні басқа адамдармен өзінің жанының, жүрегінің байлығымен бөлісе отырып, келісім мен татулықта өмір сүре алу және соған талпыну. Тілдесу мәдениеті біліммен, тәжірибемен қоса түрлі саланың кәсіпқой маманы үшін де маңызды.
Тілдесу процесі сәби дүниеге келгеннен басталатын адам өмірінің бөлінбес маңызды құрамдас бөлігі. Тілдесудін вербальды емес жағының маңызы ерекше, яғни мимика, ишара, интонация т.с.с арқылы алатын ақпарат. Тілдесу барысыңда адамның назарын аударуға, достық қарым-қатынасты орнатуға көмектесетін эдеп нормаларын сақтау өте маңызды.
Ұлттық сәйкестену және толеранттық дегеніміз не?
Ұлттық сәйкестену дегеніміз адамның өзінің белгілі бір этносқа немесе ұлтқа қатыстылығын бірқатар объективті және субъективті белгілер арқылы саналы түсінуі. Объективті белгілерге ең алдымен, сыртқы келбет, тіл, мәдениет, шығу тегінің ортақтығы, дін жатады.
Сонымен қатар, кейбір ресей ғалымдарының (Солдатова, 1998; Стефаненко, 2003) айтуынша ұлттық сәйкестену – бұл нақты этноспен, ұлтпен өзінің ұқсастығын ұғыну ғана емес, оны бағалау, оған мүше болудағы мәнділік, бөлісетін этностық сезімдер.
Толеранттық дегеніміз – бұл басқа рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің ұстанымдарыма қаншалықты жат болса да қабылдаймын дегенді білдіреді. Осыдан адамдар арасындағы өзара сыйластық, мейірбандық пайда болады. Сондықтан елбасы қолдап келе жатқан толеранттық ұғымы бізге де жат болмауы керек, яғни барлық этностар мен мемлекеттердің, тіпті жеке адамдардың бір-біріне көмегі осыдан басталады. Өткен тарихқа көз салсақ, толеранттық деген үлкен парасатты ұғымның үлгісін қазақ билерінің сөздерінен де көреміз. Мәселен, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қонтайшыға айтқан: “біз қазақ деген мал баққан елміз” деп басталып, “досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз” деп келетін сөздері өзара татулыққа шақырғанның белгісі.
3. Кикілжіңдер және оларды болдырмау. Басқа адамды түсіну оңай емес. Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кикілжіңді жағдайлар болады. Кикілжің немесе дау-дамай дегеніміз - күрделі қайшылықтардың пайда болуы қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық көңіл күйлермен байланысты әртүрлі мәселелерге өзара түсіністіктің болмауы.
Кикілжің адамдарды ызаландырып жат қылықтар: қатыгездік, зорлық-зомбылық тағы да басқалай адамшылыққа жатпайтын іс-әрекетке ұрындырады, теріс мінез қалыптастырады.
Кикілжіңнің себептері – стереотиптер, соқыр сенім дер, өзгертілген ақпарат, мүдделердің келіспеуі. Жанжал жамандықтың белгісі, оны дер кезінде басталып келе жатқан сәтінде басып тастап, болдырмауға тырысу қажет.
Кикілжіңді шешудің жолдары
Кикілжіңді сәтті шешу дегеніміз – бұл жеңілгендер де ренжігендер де болмайтын кикілжіңге қатысушылардың бәрі жеңімпаз болып шығатын шешім.
Сондай-ақ, қақтығысты оңды шешу үшін өзіңді ұстай білудің ыңғайлы жолын таңдау қажет. Ол үшін алдымен өзіңді қалай ұстау керектігін және басқа адамдардың мінез-құлқын анықтап алу керек.
Өмірде кикілжіңдер, жанжалдар болып тұратындықтан біз оларды адамгершілік қасиеттерімізді жоғалтпай жеңе білуге, ол кезеңнен абырой мен өтуге дайын болуымыз қажет. Ол қалай мүмкін болады?
Оны болдырмаудың жолдары:
- қандай шиеленіскен жағдай болмасын эмоцияға беріліп, қызбалықпен іс-әрекет етпеу;
- ашуланып тұрған кезде жоғалған қарым-қатынастарыңыз кейін қалпына келмеуі мүмкін екенін естен шығармау;
Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған тапсырмалар:
1. Өзгелермен жағымды тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру және нығайту. Реферат
Дата добавления: 2016-03-05; просмотров: 4497;