Лекцияның қысқаша мазмұны. Әлемге қатынас арқылы өзін-өзі тану
Әлемге қатынас арқылы өзін-өзі тану. Әлемнің тұтастығы және және адамның, қоғамның және табиғаттың өзара тәуелділігі. Тұлғаның табиғатқа құндылықты көзқарасы. Экологиялық мәселелерді шешуге әрбір адамның қосар үлесі.
Өнерге қатынас арқылы өзін-өзі тану. Өнерге деген эмоционалдық қатынас. Адамдағы сұлулық сезімі. Адамның өмірін сұлулық заңдары бойынша құруға ұмтылысы.
Бұқаралық мәдениет және әрбір адамның даралығы.
1. Әлемге қатынас арқылы өзін-өзі тану. Адам біртіндеп сыныптан сыныпқа өткендей, өзінің ортасынан бастап, бүкіл Әлемнің ақыл-есі ортақтастыратын бауырларының бір мүшесі болғанға дейін өзінің адамзатқа деген қатынасын сезінеді. Барлық осындай сезінулердің негізінде ішкі сезім жатыр. Әлеуметтенгенділіктің сезімі өзін қоректендіретін әсерлердің негізгі бөлігін әлеуметтік әлемнен алады. Ал оның өзі сыртқы емес, басқа ішкі ақиқатта тіршілік етеді. Сондықтан зейінімізді адамзаттың өміріне бағыттай отырып, қайта қайта адамның сезімдері онсыз жүзеге аспайтын ішкі, рухани әлемге қайта оралуымызға тура келеді.
Қазіргі әлемде сырттай қарағанда сыйыспайтын, бірақ диалектикалық тұрғыда бір-бірімен байланысты процестер жүріп жатыр. Бір жағынан, әлем одан сайын іштей тұтастана түсіп, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өлшемдердің көпшілікке тиімді көрінген, кейде өктемдікпен таңылған үлгілері кеңінен тарап, жаһандану қанаты кеңею түсуде. Екінші жағынан, бұрын бодандықта болып келген халықтардың мемлекеттік тәуелсіздігін қалыптастыру мүмкіндігі күшейе түсті және оны жүзеге асыруға халықаралық құқық пен халықаралық ұйымдардың қызметі игі ықпал етуде. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы өз кезегінде сол мемлекетті құрған халықтың төлтумалығын, мәдени – рухани табиғатын бүкіл әлемге танытуға мүмкіндіктер ашады. Әлемдегі бірлесу мен бірыңғайлану құбылыстары әр түрлі мемлекеттер мен аймақтардағы халықтардың өзіндік мәдени рухани болмысын сақтап қалуға ұмтылу процесі ауқымында көрініс табуда.
Жаратқан иеміз санамызға ақыл мен парасат құйған, жүрегіне сезім мен сағыныш ұялатқан адамзат баласының ғұмыр бойы қастерлеп өтер асылдарының бірі - оның ата мекені, туған жері, өскен ортасы. Түркі жұртының әрбір баласы үшін жер бетінде ыстық та қастерлі екі мекен бар. Оның бірі - Алтай, екіншісі Түркістан. Алтай - біздің баршамыздың, бүкіл түркі халықтарының алтын бесігі, Түркістан өзіндік өркениет ошағы болған, бүгінгі түркі халықтары аталатын тұтас әлемнің, ұлыстың бірегей болмысын айқындаған аймақ.
2. Тұлғаның табиғатқа құндылықты көзқарасы. «Табиғат және адам” проблемасы әсіресе соңғы уақытта өте өзекті мәселеге айнады. Ғылыми техни калық прогресс табиғатты өзгертудің небір жойқын құралдарын әкелді. Қазіргі уақытта адамның табиғатқа көз қарасы бір жақты болып отыр. Адамның табиғатпен байланысы, үйлесімділігі бұзылды. Біздер табиғатты ңөзінің өмірінің бар кендігіне, оған қолымызбен қандай нұсқан келтіріп отырғанымызды көбінесе ойлай бермейміз. Осыған байланысты дәл қазір кешіктірмей өзімізде табиғатқа деген құндылықты көзқарасымызды қалыптастыруымыз керек. Табиғатпен эхмоциялық байланысты қалпына келтіріп, оған сүйіспеншілікпен қарап, аялай білуге үйренуіміз керек.
Өйткені адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адам табиғатқа тәуелді. Сондықтан өзінің өмір сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл жасайтын, аяулы армандарын жүзеге асыратын ортасы, күнкөріс көзі болып табылатын табиғатқа адамның қалай болса, солай емес, аялай, есіркей қарауы – оның перзенттік міндеті.
Жер табиғаты – бүкіл адамзаттың ортақ үйі. Оны өмір сүру үшін қолайлы жағдайда ұстау – жалпы ұлттық және жалпы азаматтық мәселе. Осы міндетті түсіну – қоғамның адамгершікліктік кемелінің көрсеткіші. Қоғамның адамгершіліктік мәдениеті мен табиғаттың жағдайы өзара тәуелді. Адамдар арасындағы адамгершілікке сыйымды қарым-қатынас – табиғатқа деген ізгі қарым-қатынастың алғы шарте. Кез келген өмір ерекше, қайталанбас және бағалы.
Адамның барлық тіршілік селері алдындағы жауапкершілікті түсінуі, өмірді қастерлей білуі – адамгершіліктік тәбие мен мінез-құлықтың негізі.
3. Бұқаралық мәдениет және әрбір адамның даралығы. Бұқаралық мәдениет - [лат. massa - кесек, culture - өңдеу, тәрбиелеу] -әртүрлі тарихи кезеңдерде мәдениеттің әлеуметтік жіктелуі процесі нәтижесінде азды-көпті көрініс табатын әлеуметтік мәдени қүбылыстардың жиынтығы;
1. нақты белгілер мен мінездемелерге жауап беретін әлеуметтік феномен (жалпыламалыққа түсетін ауыртпалық, орташа семиотикалық тілдік нормаларға бағытталу, жаңа комуникациялық технологияларға сүйену, қызмет етудің коммерциялық мазмүны және т.б.;
2. көркем мәдениеттің түрі (стилі) (мәні жағынан поп-мәдениетке, коммерциялық мәдениетке және өнерге жақын және т.б.), "классикалық", халықтық мәдениеттен алшақ және әнердің өмірдің аса маңызды салмақты саласынан ойын-сауық саласына ойысып, "сән сезімін" жоғалту және т.б.; ықпалдасу процестерінің күшеюі нәтижесінде стандартталған мәдени формалардың, ережелер мен бейнелердің кең таралуына жағдай жасайтын, трансүлттық мәдениеттің қалыптасуына себепкер болатын қазіргі мәдениеттің ерекше қабаты;
3. қарабайыр, күңгірт сананы қалыптастырушы алдап-арбаушы, бірыңғайландырушы тетіктерді қамтамасыз етуші акпараттық қоғамның мәдениетінің тілі, ерекше белгілер жүйесі.
ХХ-ХХӀ ғасырларда бұқаралық мәдениеттің кең етек жаюының басты себебі ақпараттандыру мен компьютерлендіруге байланысты. Мәдени өнімдерді тарату, кәбейту, өңдеудің жаңа жағдайларында (баспа-көбейту техникаларының жаңаруы, радионың пайда болуы, кинематографияның дамуы, телехабарлардың таралуы, үн және бейне жазушы техникалық қүралдардың жетілдірілуі) ақпараттық-желілік жүйелердің даму қарқындылығы және әзара іс-әрекет принциптері ғылыми-техника- лық қайта қүрулардың түбегейлі өзгеруімен, технология саласында күшті дамумен сипатталады (компьютерлік желілердің қүрылуы, спутниктік таралым, онлайндық тораптардың және Интернеттің пайда болуы). Постиндустриалды қоғам мәдениеті бүқаралық және ақпараттық сипат алады. Жаһандану жағдайында этникалық мәдениеттің қатаң шекаралары шайылып, оның өзіндік этномәдени ерекшелігін сақтап түратын "жабықтығы" жойылады. Этникалық мәдениетті діңгек түтатын үлттық мәдениет - ол тек ресми, мемлекеттік мәдениет қана емес, әртүрлі субмәдениеттердің (оның ішінде бұқаралық мәдениет те кіреді) өзара ықпалдасуы нәтижесінде пайда болған ұлттық мәдениет жиынтығы. Бұқаралық мәдениет те біртүтас емес, ол көпқырлы. Ең күштісі - маргиналдық қабат, одан кейін танымал, жастардың субмәдениеті және т.б. жатады. Қазіргі жаһандану процесі жағдайында бұқаралық мәдениет трансұлттық мәдениеттің болашақ үлгісі ретінде қабылданады, басқа қырынан этникалық құндылықтарға және этномәдени өзіндікке қарсы тұратын мәдениет ретінде түсіндіріледі.
Мәдени құндылықтарды конвейерлік тәсілмен өндіру олардың тұлғалық шығармашылық мазмұнын кемітіп, адамдық жат-сынудың жаңа формаларын қалыптастырады. Тек пайдалы көздеу ұлттық дәстүрлі мәдениетке жат әсіре сексуалдық, зорлық-зом-былықты, нәпсіқұмарлықты, ар-сыздықты, руханисыздықты дәріп-теуге әкеп соғады. Бұқаралық мәдениет үлгілері қазақ халқының ұлттық құндылықтар сүзгісінен өтуі қажет
Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған тапсырмалар:
1. Хрестоматиядағы «Құтты білектен» үзіндіні, Абайдың «қырық төртінші сөзін» оқу, айтылған ойларға талдау жасау
2. Қазіргі адамдар сақтанулары қажет еліктіргіш нәрселердің тізімін жазу
7- тақырып. Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың
Дата добавления: 2016-03-05; просмотров: 3874;