Лекцияның қысқаша мазмұны. Педагогика және психология факультеті

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика және психология факультеті

Жалпы психология кафедрасы

 

 

 

Міндетті компонент пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

Пәннің атауы: «Өзін-өзі тану»

Пән коды: ООТ2217(4 жылдық, күндізгі)

ООТ2219(4 жылдық, күндізгі)

ООТ2217 (3 жылдық, сырттай)

ООТ1114(3 жылдық, сырттай)

Мамандық, шифр: 2 курс, – «Білім беру» тобының мамандықтары үшін, қазақ топтары, күзгі және көктемгі семестр,

 

Кредит саны 2

 

Алматы, 2015 ж.


Пәннің оқу-әдістемелік кешені типтік оқу бағдарламасы және мамандықтың жұмыс оқу жоспары негізінде құрастырылған.

 

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастырушы:

Аға оқытушы Қараева Т.Н.психол.ғ.к., аға оқытушы Мырзатаева Б.П.

 

Байланыс ақпараты: жұм.телефоны: 279-05-85;

үй тел.: 253-67-65; 263-93-34;

 

 

Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасының мәжілісінде бекітілген.

Хаттама № 1 «___» _____________ 2014 ж.

 

Кафедра меңгерушісі Абаева Ғ.Ә. п.ғ.к., доцент

(аты-жөні, ғылыми (академиялық) дәрежесі, атағы)

 

Педагогика және психология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланған және мақұлданған.

Хаттама №___ «___» __________ 2014ж.

 

Факультет ОӘК төрайымы _____________ п.ғ.к.доцент м.а. Сайдахметова Л.Т.

 

 

Тақырып. Өзін-өзі тану баспалдақтары

Сабақтың мақсаты: студенттердің өзін-өзі танудың мәні және оның жолдары туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар: өзін-өзі түсіну, өзін-өзі қабылдау, өзін-өзі бағалау, бейімділік, арналғандық, кәсіби өсу, өзін-өзі жүзеге асыру.

Сабаққа керекті көрнекіліктер:

Сабақтың жоспары:

1. Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты мен міндеттері

2. Өзін-өзі бағалау жөнінде түсінік.

3. Кәсіби өсу және өзін-өзі дамыту тұлғаның жетістіктерінің негізі.

Лекцияның қысқаша мазмұны.

«Өзін-өзі тану» курсының мақсаты - өзін-өзі тану мотивтерін қалыптастыру, дене және адамгершіліктік-рухани дамудың үйлесімділігіне қол жеткізу, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту, өзара түсінісу мен өзара келісімге ұмтылу, жақсылық пен адам сүйгіштікті өзін-өзі жетілдіру және кемелдендіруді іске асыру.

Осы курс сабақтарында танымдық тұрғыдағы сұрақтар этикалықпен (жақсылық пен жамандық), эстетикалық (әсем және ұсқынсыз) деңгейдегімен, әлеуметтік реттелінумен (байлық пен кедейлік, әділдік пен демократиялық құрылым және т.б.) қатарласып отырады.

Жастардың адамгершілік-рухани даму мәселесін шеше отырып, «Өзін-өзі тану» курсының мазмұны білім берудің дүниетанымдық аспектісін өзгертуге, рухани басымдылыққа негізделген құндылықтардың жаңа жүйесіне ауыстыруға қабілетті.

Сонымен «Өзін-өзі тану» курсы іргелі проблемаларды түсінуге негізделеді: Әлем дегеніміз не? Адамның мәні неде? Біз әлемді не мақсатпен танимыз? Нені бекітеміз, тәрбиелейміз, дамытамыз, жетілдіреміз, өзектілендіреміз? Өзін-өзі тану тек қана кәсіби жетілдіру үшін өз мінезін, темпераментін, қабілеттерін тану емес, ең негізгісі, іштей тазару, тұрмыстық сананың таптауырындарынан арылу, Болмыстың мәні мен Руханилықтың сәулесіне жоғарылау.

«Өзін-өзі тану» курсының мазмұнын анықтаудың әдіснамалық негізінде дүниетанымдық мәселелерде ғылым мен діннің ортақ тұрғылары, рух, жан және адам тәні арасындағы қатынасты танып түсіну, адам болмысының тұтастылығын танып түсінудегі жаңа стратегияның ұстанымдары, соның ішінде, руханилық пен тәндік құрылымы жатыр. Осылар қазіргі білім беру мен тәрбиенің сипатын: біртұтас рух, жан және тән бірлестігі, микро және макроғарыштың үйлесімділік қағидасына негізделгенін анықтайды.

Философиялық парадигманы өзгерту міндетті түрде психология және педагогика ғылымдарының парадигмасын, мәнділіктің тереңдік түсінілуін, Қазақстандағы білім берудің міндеті мен мақсаттарын да өзгертеді.

«Өзін-өзі тану» курсы «Адам – Ғарыш - Әлем» контекстінде пәнаралық байланыстарды іске асырады. Бағдарлама адами білімдер (философия, психология, дінтану, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, тарих, әдебиет) және табиғи білімдерді (биология, физика, астрономия) біріктіреді.

Курсты іске асырудың маңызды ұстанымында психология ғылымы тұр. «Өзін-өзі тану» курсы, бастапқы құндылық, жоғарғы рухани болмыспен тікелей байланысты «адам жаны» феноменін сөзсіз тануға негізделеді.

«Өзін-өзі тану» курсының жетекші психологиялық қағидасы – адам жанына үңілу, жеке тұлғалық белсенділікті ояту қағидасы болып табылады. Адам жаны – бастапқы құндылық, ол махаббат пен мейірімділік сәулесіне бөленген, сол сәулені қоршаған әлемге төге отырып, агрессиялық, қанды қақтығыстар, лаңкестікті, күш көрсету, жек көрушілікті тоқтатуға бағытталған.

Өзіндік сана-сезім әрқашанда этникалық аспектіні көрсетеді, сондықтан да адамның адамгершіліктік-рухани қалыптасуы тәрбиенің этно-әлеуметтік - рөлдік тұрғысында іске асырылуы керек.

Әрбір адам өз дамуында этнос өкілі ретінде этникаланудың бірнеше деңгейінен өтеді. Тұлғаның этнос субъекті ретіндегі үйлесімді дамуының көрсеткіші – оның өз жасы мен жынысына сәйкесті, диалектикалық бірлікте этноәлеуметтік рөлдерді игеруі болып табылады.

Руханилықтың басымдылығы оқытудың мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін таңдауды да анықтайды. Дәстүрлі білім беру жүйесінде - білім беру, оның игерілуін бақылау негізгісі еді. Ал «Өзін-өзі тану» курсында біртұтас адамдық мән, оның психикалық күйлері мен олардың көріністері: интеллект, жүрек, сезімдер, құмарлықтар, интуиция, саналылық, санасыздық санадан жоғарылық - өзектілене түседі.

2. Өзін-өзі бағалау жөнінде түсінік.Жеке адам өз алдына қандайда бір мақсат қояды және бағыттылығын, қабілеттілігін, тұлға қасиеттерін қолдана отырып, сол мақсатқа жетуге тырысады. Осы жағдайда әрекет арқылы өзін-өзі бағалауы, талдауы, өзін-өзі тануы жүзеге асады. Тұлға неғұрлым іс-әрекетте өзін-өзі тануын жүзеге асырған сайын, соғұрлым терең өзі жайлы біле түседі. Бұл жерде керi модел де кездеседi, егер эмоционалды күй жоғары деңгейде болса, өзiн-өзi тануы объективтi болмайды, әртүрлi комплекстер пайда болады. Өзiн-өзi танудың қанығуы әртүрлi өмiрлiк жолдарында кездеседi. Тұлға тек жағдайды, өзге адамдарды бiлiп қана қоймай, өз мүмкiндiгiн, қасиетiн, өзiнде бiлген жөн.

Өзін-өзі тану адамды өз басының жақсы жақтары мен кемшіліктеріне белгілі бір көзқараста болуына әкеледі. Осы көзқарастарға байланысты адамдарды үш топқа бөлуге болады:

1. өз мінезінің дұрыс жақтарын білумен қатар, өзінің бойындағы кемшіліктерін батыл сынайтын адамдар;

2. өзі жіберген қателіктерін көре-біле тұра, оларын жөндегісі келмейтін, өз басының кейбір қадір-қасиетін малданып, тоқмейілсінетін адамдар;

3. өз бойындағы өнегелі іс-қылығын байқамай, тек жаңсақ басуларын

жіпке тізіп, өзін не қабілетсіз, не жігерсіз санайтын адамдар.

Өзін-өзі тану адамға өз басын жетілдіру үшін, өмір және еңбек жоспарларына сәйкес өз іс-әрекетін жолға қойып отыруы үшін қажет. Адам өзін-өзі бақылау арқылы іс-әрекетіндегі қателіктерін байқайды, еңбегін дұрыс ұйымдастырады, өзін-өзі тәрбиелей алады, өзін-өзі жетілдіре алады. Ал бұл адам дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.

Өзін-өзі бағалаудыбіз соңғы жылдары психологиялық әдебиеттерде қабылданғандағыдан тар шеңберде түсінеміз. Өйткені оны өзі туралы ұғымдардан, білімдердің элементтерінен бөлектейміз. Жалпы өзін-өзі бағалауды біз айналадағы ол үшін маңызды, немесе, керісінше, мәнсіз тіршілік иесі ретіндегі өзіне тұтастай қатынаспен байланыстырамыз. Біз оны сандық емес (қаншалықты ол жоғары), сапалы – оның құрамы мен түсі (жағымды-жағымсыз, толық-толық емес және т.б.) сипаттау керек деп шамалаймыз. Нақты өзін-өзі бағалау баланың өзінің бөлек, жеке іс-әрекетінің табысына қатынасын білдіреді.

Сондай-ақ біз абсолютті және біршама өзін-өзі бағалауды ажыратамыз. Олардың біріншісі өзін өзге адамдармен салыстырудан тыс өзіне қатынасын білдіреді, бұл оны ұната ма өзі, әлде ұнатпай ма, соған қобалжу. Екіншісі өзге адамдармен салыстыруда өзіне қатынасты білдіреді («Мен сондай жақсымын ба, мені өзгелерді жақсы көргендей жақсы көре ме?»).

Психологияда өзін-өзі бағалаудың адекваттылығы немесе оның реалистігі туралы айту бар. Адекватты деп индивидтің объективті құндылығына сәйкес өзін-өзі бағалау саналады. Біз соңғы екі терминді жалпы өзін-өзі бағалауға қолданбалы келесі себептер бойынша қолданудан қашамыз. Біріншіден, әрбір адамзаттық тұлға бірегей, сондықтанкез келген адамның ең адекватты жалпы өзін-өзі бағалауы деп шексіз үлкен көлемді есептеуге болады. Бұл мағынада жоғары өзін-өзі бағалау тіпті мүмкін емес. Төмен өзін-өзі бағалау сандық сипатқа ие, сонымен бір уақытта ол, ең алдымен сапалы сипатталуы керек. Екіншіден, кез келген өзін-өзі бағалауды адам өзінің қыңырлығы бойынша ерікті таңдамайды, объективті жағдайлармен заңды анықталады. Сондықтан ол оны әрқашан адекватты тудырған жағдайлармен әрқашан объективті жанамаланған.

3. Кәсіби өсу және өзін-өзі дамыту тұлғаның жетістіктерінің негізі. Жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі бағалау мәселелері психологияда өзекті де, күрделі мәселелердің бірі. Өзін-өзі бағалау мәселесін теориялық жағынан толығырақ қарастырылған Б.Г. Ананьев, Л.И.Божонович,И.С.Кон.

Жеке тұлғанының дамуында кім болу /кәсіптік өзін-өзі анықтау/ және қандай болу /моральды өзін-өзі анықтау/ сұрақтары маңызды рөл атқарады. Жеке тұлғаның бір жақсы, маңызды, әлеуметтік мәнді іс тындырғысы келеді, бірақ оның бәрі көбінесе арман. Белсенді де, жарқын болатын арманнан гөрі өмірлік жоспар-бұл әрекет жоспары, сондықтан ол біріншіден, мамандық тандауға тіреледі. Жеке тұлға үшін мамандық таңдау-белгілі деңгейде моральды мәселе. Мамандық таңдаудағы басты жетекші бұл өзіміздің қалауымыз, яғни таңдаумыз өз көңілімізден шығуы. Мамандық таңдау диапазоны кең болған сайын, психология жағынан дәл сондай ауыр. Белгілі бір іске өзінің қабілеттілігі, икемділігі және тұлғаның өзін-өзі көрсету мүмкіндігі бар шаруалар кіреді.

Адамның нақты кәсібіне байланысты біліктілігі кәсіби құзыреттілік ұғымы арқылы сипатталады. Құзырлылық дегеніміз адамның нақты еңбек қызметерін орындау қабілеті мен дағдыларын меңгеруі. Еңбекті кәсіби тұрғыда орындау туралы сөз болғанда, барлық уақытта оның жоғары дәрежеде орындалуын білідреді. Құзырлылық - кәсіби талаптарға сәйкестіктің дара сипаты. Құзырлылық туралы адам еңбегінің нәтижесі бойынша пайымдауға болады. Кәсіби біліктілік педагогтің субъективтік факторларының бірі. Педагогтің кәсібіи біліктілігі ұғымы ұстазға педагогтік міндеттерді дербес және өз дәрежесінде тиімді шешуге мүмкіндік беретін жеке мүмкіндіктері болып табылады. Осылайша педагогтің біліктілігі оның педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға теориялық және практикалық дайындығын білідреді. Кәсіби біліктіліктің түрлі классификациялары бар. Олар: педагогтің педагогтік, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық. Құзырлығы. Сонымен қатар кәсіби біліктіліктің мынадай төрт түрін ажыратуға болады: а) арнайы құзырлылық; б) әлеуметтік құзырлылық; в) тұлғалық құзырлылық; г) дара құзырлылық.

Арнайы құзырлылық дегеніміз кәсіби іс-әрекетті жеткілікті дәрежеде жоғары меңгеруді, өзінің әрі қарай кәсіби дамуын жобалауға қабілеттілікті білдіреді.

Педагогтік іс-әрекеттің қалыптасқандығы мұғалім меңгеруге тиісті болатын кәсіби білімнің, дағдылар мен іскерліктің жиынтығымен анықталады.

Әлеуметтік құзырлылық бірлескен (топтық) кәсіби іс-әрекетті, ынтымақтастықты, сонымен қатар осы кәсіпте қабылданған кәсіби қарым-қатынасты меңгеру дегенді білдіреді. Әлеуметтік дағдылар адамға қоғам өміріндегі нормалар мен ережелерді өз дәрежесінде бара-бар орындауға мүмкіндк береді. Педагогтің әлеуметтік құзырлылығы өзінің кәсіби еңбегінің нәтижелеріне деген әлеуметтік жауапкершілікті қабылдауын білдіреді.

Педагогтің тұлғалық құзырлылығы – бұл өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі дамыту тәсілдерін, сонымен бірге тұлғаның кәсіби тұрғыда бұзылуына қарсы тұру құралдарын меңгеруі.

Педагогтің дара құзырлылығы өз кәсібінің шегінде даралық дамуын өзіндік өзектендіру тәсілдерін меңгеруін, кәсіби өсуне даярлығын білдіреді. Маманның даралық құзыреттілігі сонымен қатар өзіндік даралықты сақтауды, өз еңбегін уақытты ұтымды пайдалана отырып ұйымдастыра білуді білідреді.

Педагогтің кәсіби құзырлығы туралы оның еңбегінің үдерісінен және еңбегінің нәтижелерінен пайымдауға болады.

Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған тапсырмалар:

1. Ішкі жан дүниенің «төлқұжатын» толтырыңыз

 








Дата добавления: 2016-03-05; просмотров: 3078;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.014 сек.