Тұрақты қысымды редукциялық клапандар
Редуктор немесе редукциялық клапан (сур. 6.4, а) автоматты түрде әрекет ететін дроссель болып келеді. Клапан төгу гидрожелісіндегі қысымды төмендетуге және осы қысымды толтыру гидрожелісінің қысымынан тәуелсіз түрде тұрақты етуге арналған.Осы клапандар егер бір шығын негізінен (сорғыштан)әртүрлі қысыммен жұмыс жасайтын бірнеше атқарушы двигателдер қоректенсе қолданылады. Мұндай жағдайда шығын негізі(сорғыш) атқарушы двигательдердің максималды қысымымен жұмыс жасайды.
Бұл клапанның кемшілігі — төмендетілген қысымның өзгеруіне деген сезімталдығының төмендігі. Бұл төмендетілген қысым әсер ететін элементтің кішкене ауданы мен поршень арасындағы үйкелістің әсерінен болады. Пайда болған үйкелісті жою үшін және төменгі қысымдағы (3—5 кГ/см2) клапан сезімталдығын арттыру үшін поршеннің рөлін атқаратын резеңке матадан жасалған гофрланған мембрана 2 атқарады(сур. 6.4, б).
Сур. 6.4 Редукциялық клапанның есептеу сызбасы.
7 тақырып. Дроссельдік реттеуші құрылғы (1 сағат)
Дәріс жоспары
1. Кіріспе
2. Тығынды дроссельдер
3. Сызықтықдроссельдер
4. Төртбұрышты дроссельдер
5. Қозғалыс түйіндерінің синхронизаторлары
6. Іздік типтегі синхронизаторлар
Дәрістің қысқаша мазмұны
Дроссель — реттеуші гидроаппарат, ағынның тұрақты келергіде өту нәтижесінде жұмыс істеуші сұйық ағынының шығыны мен қысымын өзгертуге арналған, құю клапаны арқылы құйылмалы магистральға сұйық бөлігін жеткілікті бұру , сұйықтың ағу жлында қысым айырмашылығын немесе шығынды шектеу мақсатында дроссель өзімен тұрақты реттелген немесе реттелмеген кедергі ұсынады.
Жұмыс істеу принципіне қарай:
-дроссель тұтқырлық кедергіде анықталады;
-үлкен ұзындықтағы дроссельдік каналда сұйық ағынының басымырақкедергіде қысым жоғалтуы;
Қүйындық дроссельдік кедергі, мұнда сұйық ағынының негізгі деформациясы және каналда аз ұзындықты құйын пайда болуымен қысым жоғалтуы анықталады.Біріншітиптегі дроссель үлкен ұзындықта және аз қимада дроссельдік каналда лами нарлық ағыста шартталған үйкеліс қысымы жоғалтуына Re аз шамасы сәйкес келетін болып сипатталады, бұл сұйық ағысының сызықтық функциясының барлық шарттарында қысым жоғалтуы байқалады.
Дата добавления: 2015-11-28; просмотров: 1777;