Тік қимылды клапандар
Бұл клапандардың машиналар гидрожүйелеріндегі негізгі әрекеті сұйықтық қысымы күшінің клапанның бекітуші тетігіне әсер ететін ішкі күшпен теңелуіне негізделген. Клапанның бекітуші тетігі осы күштің әсерінен өтетін каналды нығыздап бекітіп тұрады (6.1 сур).
Сур. 6.1. Сақтандыру клапандарының сызбалары
Сақтандыру клапандарының ішіндегі ең қарапайымы- серппесінің ілмегі реттелетін немесе тұрақты шарикты клапан (сур. 6.1, а). Бірақ бұл клапандар тек аз қысымында ғана және аз уақыт ішінде пайдаланылады, себебі, ұзақ уақыт жұмыс жасағанда теңселіс әсерінен шарик клапанның ұясын біртекті емес етіп бұзады.
Ю клапандары
Жоғарыда айтылған клапандар әрі сақтандыру, әрі сұйықтықты бакқа төгу арқылы жүйедегі қысымды тұрақты ететін құю клапандарының қызметін атқарады. Практикада мұндай гидроаппараттарды қысымды төмендету клапандары деп атайды. Толтыру рнжәне төгу рсл гидрожелілеріндегі қысымдардың айырымы және төгу гидрожелісіне келетін шығынQсл осы клапандардың гидравликалық параметрлері болып келеді:
мұндағы Qн — сорғышқа сұйықтық беру;
— іске жаратушының шығыны (гидроқозғағыштың).
Дата добавления: 2015-11-28; просмотров: 1614;