Түзусызықты қозғалыстың бұрылу қозғалысына айналуы
Сонымен қатар, жалдың бұрылу қозғалысы цилиндр поршенінің ілгерлемелі қозғалысының әртүрлі тік механикалық элементтердің көмегімен іске асырылады.
Сур. 3.2. Түзусызықты қозғалыстың бұрылу қозғалысына айналу механизмдерінің сызбалары
Әдетте, металл кесетін станоктарда тісті рейкалы және шестернелі бұрылу механизмінде кеңінен қолданылады (сур. 3.2, а). Тісті рейкалар көбіне цилиндр поршенінде кесіледі. Айналу моменті және бұрылу қозғалысы шығу жалына рейкамен ілінген шестерня арқылы беріледі. Рейканың ұзындығына байланысты бұрылу бұрышы 90-3600 –тан жоғары болып табылады.
Осы бұрманың айналу моментінің есебі
— сұйықтық қысымы (көбінесе 200 кГ/см2);
— поршеннің ауданы;
D и d —поршненнің диаметрі мен шестерняның бастапқы қоршауы.
Сұйықтық шығыны
γ — шығу жалының айналу бұрышы.
Үлкен айналу моментін беру кезінде штоктары рейка болып келетін екі цилиндрлі бұрмалар пайдаланылады (сур. 3.2, б).
Поршеннің ілгерлемелі қозғалысын бұрылу қозғалысына айналдыру үшін шлице-винттік механизм жиі қолданылады (сур. 3.2, в).Оң жақты шток 1, тек бұрылу қозғалысын іске асыратын, шығу валигі болып келетін 2 гайкасына кіретінвинттің көтеру бұрышы а = 70° түрінде орындалған. Бұрылу қозғалысынан бекітілген поршень цилиндр күшінің шлицтік втулкасымен сол жақтағы штогімен қосылу арқылы іске асырылады. Осы жағдайда 2 гайкалы поршені осьтік орын ауыстыру кезінде шығу валигі бұрылу қозғалысын аяқтайды.Осындай типті механизмдер қысымы 200 кГ/см2 –ге дейін есептелген.
4 тақырып Бұрылу қозғалысты механизмдер (гидроқозғағыштар) (1 сағат)
Дәріс жоспары
1. Кіріспе
2. Айналмалы қозғалысты атқарушы механизмдері
3. П. Ә. К. және механикалық жоғалтулар
Дәрістің қысқаша мазмұны
Айналмалы қозғалыстың атқарушы механизмі (гидроқозғағыш) ретінде конструкциясы сорғыға ұқсас, сұйықты золотник арқылы тарататын (клапансыз) гидромашиналар (гидромоторлар) пайдаланылады.
Гидромотордың қоректенуі ортақ гидрожүйе арқылы немесе жеке сорғы арқылы жүзеге асады.
Сорғы мен айналмалы қозғалыстағы гидроқозғағыштан (сур. 4.1, б және в) тұратын жүйе ауқымыды гидрожетек болып келеді.
Гидромотордың қозғалысының (айналу) бағытын өзгерту таратпа құрылғысы көмегімен немесе сорғышқа сұйықтық беру бағытын өзгерту арқылы жүзеге асады.
Гидромотордың айналу қозғалысының бағытын өзгерту таратпа құрылғысы (сур. 4.1, б) көмегімен немесе сорғышқа сұйықтық беру бағытын өзгерту (сур. 4. 1, в). арқылы жүзеге асады.
Сур. 4. 1 Түзусызықты (а) және айналмалы (б және в) қозғалатын гидрожетектердің принципиалды сызбалары
Гидромотордың шығу жалын реттеу дроссельді реттегіш көмегімен оған келетін сұйықтықтың көлемін өзгерту арқылы немесе сорғыш немесе гидромотордың жұмыс көлемін өзгерту арқылы жүзеге асады.
Дата добавления: 2015-11-28; просмотров: 1751;