I бөлім Атқарушы механизмдер

1 тақырыпТүзу сызықты қозғалатын механизмдер (1 сағат)

Дәріс жоспары

1. Кіріспе

2. Түзу сызықты қозғалатын атқарушы механизмдерінің түрлері

3. Түзу сызықты қозғалатын атқарушы механизмдерінің есептеу көрсеткіштері

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

Түзу сызықты ілгерлемелі- кейінді және бұрылу қозғалыстарын жүзеге асыратын күштік цилиндрлер атқарушы механизмдердің (гидроқозғағыштардың) рөлін атқарады.

 

1.1- сурет Күштік цилиндрлер типтері

 

1.1 суретінде екі негізгі типті цилиндрлердің үлгісі берілген: біржақты (б) және екіжақты (а және б) қозғалыс цилиндрлері. Біржақты қозғалыс цилиндрінің поршені сыртқы күштердің және пружинаның әсерінен кері қимыл жасайды.

Бұл цилиндрлердің ішкі беткі айнасы өңделмей,шток астындағы букса беті ғана өңделетіндіктен цилиндрлерді жасау оңайға соғады.

Егер біржақты цилиндрдің штоктық аумағын арынды гидрожеліге, ал қарсы жатқан аумағын кезекпен арынды және сыртқа ағар гидрожелілеріне қосса, онда шток ілгері және кері қимыл жасағанда оның жылдамдығын бірдей және әртүрлі қылуға болады.

 

 

2 тақырып. Майысқыш бөлгішті механизмдер (1 сағат)

Дәрістің жоспары

1. Кіріспе

2. Мембрана ортасына әсер ететін күш

3. Қатты центрлі мембранаға әсер ететін күш

4. Сильфондар

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

 

Аз ғана күштің әсерімен шамалы түзу сызықты орын ауыстыру үшін жазық(2.1,а-сурет) және пішінді (2.1,б және в-сурет) резинадан жасалған мембраналар түріндегі жұмсақ бөлгіштері бар атқарушы механизмдер пайдаланылады. Осы мембраналар көмегімен қосылған жердің толықтай қымталуы және үйкелістің аз болуы жүзеге асады. Сол себептен мембраналық механизмдер (5—10 кГ/см2) қысымында жұмыс істейтін гидро және пневможүйелерде қолданыс тапты.


2.1.-сурет: Сызбалар: а —мембраналық типті атқарушы механизмнің; б және в—мембраналардың

 

Жазық мембрана (2.1,а-сур.көрсетілген) қарапайымдылығымен ерекшеленеді, алайда оның тиімді ауданы центрінің орын ауыстыру барысында пішінді мембраналарға (2.1, б және в- сур.) қарағанда қарқынды өзгереді. Жазық мембраналардың тағы да бір артықшылығы олардың центрінің қимылы пішінді мембраналарға қарағанда әлдеқайда аз.

Мембраналық гидравликалық (пневматикалық) атқарушы механизм ортасымен жүктемемен байланысты, ортасынан қысылған майысқақ сақина болып келеді.

Гидропневмоавтоматикада симметриялық және симметриялық емес типті металмен қапталған мембраналар кеңінен таралған. Симметриялық мембрана екі симметриялық емес мембраналарды сваркілеу арқылы алынады.

Мембрана ортасына әсер ететін күшМембрананың тиімді ауданы мембраналық құрылғының маңызды параметрі болып табылады. Осы параметр мембрананың центріндегі оның қысылу жазықтығына перпендикуляр бағытталған күшті анықтайды. Мембрананың тиімді ауданы құрылымдық параметрлерден жәнебасқа да факторлардан(мембрана центрінің қимылы және оның материалының қаттылығынан, қысымның азаюынан) тәуелді болып келеді.

Мембрананың пайдалы күшін арттыру үшін оның центрінде диаметрі d қатты тірек a орналастырылады.

СильфондарГидропневмоавтоматикада бөлгіші бар атқарушы механизмдерге цилиндрлі сильфондар (2.2-сурет,а) да жатады.

 

2.2-сурет Металдан жасалған сильфон схемасы

 

Сильфондар негізінен металдан жасалады, тек аз қысыммен жұмыс жасағанда ғана металл емес сильфондар пайдаланылады. Олар резеңкеден және әртүрлі пластиктен жасалады.

Металдан жасалған сильфондар бірқабатты және көпқабатты (бес қабатқа дейін) болады.

Металл емес сильфондардың шекті қысымы 2-3 кг/см2, кішкене диаметрлі металдан жасалған бірқабатты сильфондардың шекті қысымы - 30 кг/см2, үлкен диаметрлі сильфондардікі-(> 150 мм)- 2 кг/см2-қа дейін болады. Тот баспайтын құрыштан жасалған көпқабатты сильфондар 150 кг/см2- қа дейінгі қысымда жұмыс істейді. Осы сильфондарды төмен және жоғары температурада қолдану олардың артықшылығына жатады.Сильфондарды сыртқы қысыммен жүктеген жөн, әрі осы жағдайда шекті қысым ішкі жүктелген қысымнан 25-30%-ға артығырақ болады.

 

3 тақырып. Моментті гидроцилиндрлер (бұрмалар) (1 сағат)

Дәрістің жоспары

1. Кіріспе

2. Түзу сызықты қозғалыстың айналмалы қозғалысқа өзгеруі

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

 

Түйіндерді 360°-тан кіші бұрыштарға қозғалту үшін ілгерлемелі- кейінді қозғалысбарысында моментті гидроцилиндрлер немесе бұрмалар пайдаланылады.

Моментті гидроцилиндр корпус 1 және қалақты 3 алып жүретін, втулка 2 болып келетін бұрылғыш ротордан тұрады. Ротор мен цилиндрдің ішкі бетінің арасындағы дөңгелек аумақ нығыздау далдасымен бөлінген.

 

 

Сур. 3.1. Моментті гидроцилиндрлер

 

Жоғарғы каналға рр қысымымен сұйықтықты берген жағдайда (3.1 суретіндегі а бөлігінде стрелкамен көрсетілген), пластина 3, 2 втулкамен сағат тілі бағытымен бұрылады. Бір жұмыстық пластиналы цилиндр жалының бұрылу бұрышы, әдетте, 270—280°-тан аспайды.








Дата добавления: 2015-11-28; просмотров: 4836;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.