Механизмдерді жинауға қойылатын жалпы талаптар

Жинақ бірліктері мен механизмдерді жинауға техникалық базалау бөлімінің (ТББ) қабылдауынан өтіп, оған сәйкес белгі қойылған детальдар келіп түсуі тиіс.

Жинақ бірліктерін жинау дайындаушы кәсіпорында бекітілген технологиялық құжаттамаға сәйкестендіріліп жүргізіледі. Детальдардағы барлық сүйір бұрыштар жинау алдында жойылуы тиіс. Оймакілтекті бірігудегі детальдарды келтіруге рұқсат етілмейді. Айналатын жинақ бірліктері мен детальдар өз тіректерінде еркін айналуы қажет. Жылдам айналатын детальдар мен жинақ бірліктерінде айналу массасының теңсіздігі арқасында шектен тыс діріл болмауы тиіс. Теңдестіру технологиялық процестер бойынша стандартқа сай орындалуы керек.

Шығырды жинау кезінде редукторларды, тежегіш қозғалтқыштары мен басқа да жинақ бірліктерін қондыру «Жүк көтеру жабдықтары. Жалпы техникалық талаптар» ережелеріне сәйкес орындалуы тиіс. Жиналған шығырдағы параметрлер мен размерлер сақталып, сызбада көрсетілген техникалық талаптар орындалуы қажет.

Ілмек ілмесін жинауда оның маңдайшаға берік бекітілуін қадағалау қажет, шар тірегінде ілмектің еркін айналуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Жинау кезінде майлау арналары таза болуы және конструкторлық құжаттамада көрсетілген майлаудың кестелері мен сұлбаларына сәйкес майлау материалдарымен толтырылуы тиіс.

Гидрожетек, гидрожүйені жинау да стандарт талаптарына сәйкес орындалуы қажет. Ал қауіпсіздік аспаптарын жинау механизмдегі барлық буындардың еркін де оңай қозғалуын талап етеді.

Бұрандалық қосылыстардың өздігінен айналып кетуіне кедергі болу үшін жинау процесі барысында 5.6-суретте көрсетілген әдістерді қолдану қажет [9].

 

 

5.6-сурет. Бұрандалы қосылыстарды өздігінен бұралып кетуден сақтау тәсілдері:

а – кідіртпе гайкамен тоқтату; ә, б – сіргенің көмегімен; в – болттарды сыммен байлау; г – серіппелі немесе құлыпты шайбаны қою арқылы; ғ – жеңіл болаттан жасалған детальдарды бұрамалар арқылы тоқтату; д – тұйық тесіктегі бұрамаларды серіппе көмегімен тоқтату

 

Электр жабдықтары электр сұлбаларға электрқондырғылары құрылысының ережелеріне сәйкес дәлдікпен орнықтырылуы тиіс.

Барлық бұрандалық қосылыстар дайын күйінде механикалық немесе слесарлық бөлікпен техникалық талаптарға қанағаттанарлықтай етіп келуі тиіс.

Болттарды, бұрамаларды және т.б. тарту кезінде бекіту детальдарының барлығын бірқалыпты күшпен тарту қажет. Бақылау сұққыштары деталь бетінен оның диаметрінің 1/3 бөлігіндей шығып тұруы қажет. Ал болттың, бұраманың немесе бұрамасұқпаның гайкадан шығып тұру биіктігі 0,25d (d – бұранда диаметрі) аспауы тиіс.

 








Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 2121;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.012 сек.