Жинақтық өлшемдік тізбектер құру, жинау операцияларын нормалау

Негізгі түсініктер. Жинақ – машина өндірісінің соңғы сатысы. Машинаның сенімділігі мен ұзақ мерзімділігі едәуір дәрежеде жинау сапасына байланысты болады. Жинау жұмыстарының еңбек сыйымдылығы машина жасаудың жалпы еңбек сыйымдылығының 20...50%-ын құрайды.

Дайын машинаның сапасы көбінесе жинау технологиясына байланысты болады. Жинау процестеріне жобалаудағы бастапқы мағлұматтар ретінде: конструкция құрылымының сызбасы; бұйымды қабылдаудың техникалық шарттары; бұйымды жасаудың көлемі; бұйымды шығаруға жобалаған уақыт мерзімі кіреді.

Жинау технологиясы жобалауының түптілігі оның шығару көлеміне байланысты. Бұйым көп мөлшерде шығарылса, онда жобалауды егжей-тегжейлі дифференциалдау принциптерін қолданып даярлауға болады, ал шығару мөлшері өте аз болса, онда қысқаша жобалаумен қанағаттанады.

Жобалау үшін мәліметтер және нормативті материалдар қажет: бұйым конструкциясының технологиялылығын жақсартатын шаралар тізімі, жинастыру құрал-саймандарының каталогтары мен паспорттары, жинастыру қондырғылары мен аспаптарының альбомдары, жинастыру жұмыстарын мөлшерлеуге қажет нормативтер. Егер ұқсас бұйымдардардың типті технологиялары болса, онда жобалау жұмысы жеңілдейді.

Жинау процестерін жобалау алдында бұйымның конструкциясымен танысу, жинау сызбаларына технологиялық бақылау жасау және қабылдаудағы техникалық шарттарды әзірлеу жұмыстарын мұқият салалаған жөн.

Жинау сызбасында барлық керекті қимылдар мен кесінділердің, проекциялардың кескіндері болуы керек: өнім элементтерінің сипаттізімі, құрастыру өлшемдері, қиюластырудағы саңылаулар мен тартылмалар, өнімнің массасы туралы мәлімет.

Техникалық шарттар кейде технологиялық нұсқауларда көрсетілуі мүмкін, мысалы, қосылыстарды жүргізу тәсілдері, жинаудың үйлесімді бірізділіктері, бұйымдарды аралық немесе біржолата бақылау тәсілдері және т.б. Жинау сызбасындағы және техникалық шарттардағы байқалған кемістіктер, қателіктер және күмәндіктер конструкторлар бюросында түзетілуі тиіс. Бұйымның конструкциясын талдай отырып, оны жетілдіру шараларын да қарастыра береді. Әрине, мұндай шаралардың бұйымның атқаратын қызметіне теріс әсер етпеуі мүмкіндігі болуы керек.

Типтік қиылысуларға бұрандалық бірігулер, цилиндрлік және конустық тісті бірігулер, кілтектік және оймакілтектіктік бірігулер, шайқалу мойынтіректі тораптар мен белдікті берілістер жатады.

Бірігулердің келесі түрлері болады:

- жылжымайтын ажыратылатын;

- жылжымайтын ажыратылмайтын;

- жылжитын ажыратылатын;

- жылжитын ажыратылмайтын

Жылжымайтын ажыратылатындарға біріктіретін және бекітетін детальдарды зақымдамай бөліп алуға болатын бірігулер жатады. Бұлар – бұрандалық, кілтектік, кейбір оймакілтектік, конустық және ауыстырылып отырғызылатын бірігулер.

Жылжымайтын ажыратылмайтындарға бірігуге кіретін детальдарды зақымдап немесе толығымен бұзып алатын бірігулер жатады. Мұндай бірігулерді кепілдік қынақпен отырғызу, пісіру, дәнекерлеу, желімдеу, айналмасоғу арқылы алады.

Жылжитын ажыратылатындарға жылжымалы отырғызылуы бар бірігулер жатады.

Жылжитын ажырамайтындарға шайқалу мойынтіректері, втулкалық-аунақшалы шынжырлар, бекіту крандары және т.б. жатады.

Жинақты тораптық және жалпы деп екіге бөледі. Тораптық жинақтың нысаны ретінде машинаның жинау элементтері алынса, ал жалпы жинау нысанына машинаның өзі алынады. Жинау процесі негізгі екі бөліктен тұрады: детальдарды жинауға дайындаудан және жинау операцияларының өзінен.

Дайындау жұмыстарына жататындар:

- қажетті жағдайда орындалатын әртүрлі ұсталық-келтіру жұмыстары (аралап кесу, қыру және т.б.);

- жеке детальдарды бояу, мысалы, редуктор корпусын;

- детальдарды тазалау және жуу;

- техникалық шарттар бойынша қажетті жағдайда біріккен детальдарды майлау.

Жалпы жинау жұмыстарына жанасатын детальдар мен тораптардың белгіленген отырғызу бойынша өзара орналасу жағдайларын дұрыс қамтамасыз ету арқылы біріктіру процестері жатады.

Жинақтық өлшемдік тізбектер. Машинадағы детальдар, тораптар және агрегаттар өзара дұрыс әсер етуі және машинаның толығымен сенімді жұмыс істеуі үшін оны белгілі бір дәлдікпен жинау керек. Жинау бірліктерінің дәлдік дәрежесі өлшемдік тізбектер көмегімен анықталады.

Бірнеше детальдардың беттерін байланыстыратын және тұйық контур бойынша белгілі бір кезекпен орналасқан өлшемдер өлшемдік тізбек деп аталады (5.1-сурет).

Ал өлшемдік тізбекті құрайтын детальдардың барлық өлшемдері өлшемдік тізбек буындары болып саналады. Өлшемдік тізбекті шешу барысында, мысалы, жанасқан детальдар арасындағы саңылаудың берілген шамасына қолжеткізуге болады. Мынадай мысал келтірелік: торап қорабындағы оське еркін айналатын тісті дөңгелекті орналастыру қажет делік. Қамтитын детальдың (тұрқы) шақтамасы деп белгіленсе, қамтылатын детальдың (тісті дөңгелек) шақтамасы - ; ең үлкен саңылау - және ең кіші саңылау - .

 

 

5.1-сурет. Өлшемдік тізбек:

а – қарапайым; ә – күрделі; А, В – тісті дөңгелектер; Б – втулка; в – тісті дөңгелектің максимал өлшемі; с – корпустың минимал өлшемі.

 

 

Бұл жағдайда (5.1-сурет а) ең үлкен саңылау:

; (5.1)

ал құрастыру шақтамасы:

; (5.2)

Құрастыру кезінде ең соңында орналасқан өлшемдік тізбек буыны тұйықтаушы деп аталады.

Күрделі өлшемдік тізбектегі максимал саңылау:

;

немесе

; (5.3)

Құрастыру шақтамасы ; (5.4)

Берілген күрделі тізбекте үш буын бар (А, Б және В). Өлшемдік тізбекке кіретін детальдардың дәлдік дәрежесін барынша азайтып жасау үшін өлшемдік тізбекке жылжитын немесе жылжымайтын компенсаторлар енгізеді.

Жылжымайтын компенсатор – бұл қажетті саңылауларды алу үшін өлшемдік тізбекке енгізілетін тығырықтар немесе аралық төсемдер. Кей кездері бір аралық төсемнің орнына қалыңдықтары әртүрлі аралық төсемдер жиынтығы қолданылады. Оған мысал ретінде мойынтіректер қақпақтарының арасына қойылатын реттегіш аралық төсемдерді айтуға болады.

Көбінесе жылмымайтын компенсатордың орнына жылжымалы (реттегіш) компенсатор қолданылады. Бұл жағдайда қажетті саңылауды компенсатордың жылжуы есебінен алады, мысалы, тірек бұрандасы немесе гайканың.

Жинау операцияларын техникалық нормалаудың ерекшеліктері. Сериялы өндіріс жағдайында орташа өлшемді машиналарды жинау кезінде жинау процесінің жекелеген сатыларына жұмсалатын уақыттың шамалас қатынастары болуы мүмкін: детальдарды слесарлық өндеуге – 10% дейін, жинақ бірліктерді (тораптарды) жинауға – 50...60%, машинаны жалпы жинауға – 30...40% .

Техникалық нормалау негіздерін қарастырған кезде (2.7-бөлімді қараңыз) даналық уақыттың төрт құрамдас бөліктен тұратынын ( - негізгі уақыт, - қосымша уақыт, - жұмыс орнын күту уақыты, - үзілістер уақыты) қарастырғанбыз.

Слесарлық және жинау жұмыстарында көпшілік жағдайда белгілі бір ауыстырылымда негізгі және қосымша уақыт айқын бөлінбеген. Сондықтан бұл кешенді толық емес оперативті уақыт есебінде нормалайды. Детальді бекіту және босатуға байланысты қосымша жұмыстар жеке-жеке нормаланады.

Сонымен, даналық уақыт жалпы былай өрнектеледі:

; (5.5.)

мұндағы, - нақты жағдайлар мен жұмыс көлемін ескергендегі жұмыс кешенін орындауға арналған толық емес оперативтік уақыт; - детальді (торапты) бекітуге және босатуға жұмсалатын қосымша уақыт; - жұмыс орнын ұйымдастыру-техникалық күтуге кететін уақыт; - әртүрлі үзілістерге жұмсалатын уақыт.

Уақыттың және элементтерін нормалау кезінде толық оперативті уақыттан пайыз алу арқылы анықтайды.

Сериялы өндірісті нормалау кезінде әрбір жинау операциясы үшін нормативтерге сәйкес дайындау-аяқтау уақыты ( ) анықталады. Ол слесарлық жұмыстар үшін 3...6 мин, ал жинау жұмыстары үшін 6...15 мин аралығын құрайды.

Тораптар немесе бұйымдарды жинауға жұмсалатын уақыт:

; (5.6.)

мұндағы, n – партия өлшемі.

Бірліктік және кіші сериялы өндірісте техникалық нормалауды есептеу кезінде ірілендірілген нормалау әдісі қолданылады. Жинау алдында кейбір детальдарды өлшемдік тобы және массасы бойынша жинақтайды, мысалы, іштен жану қозғалтқыштарының піспектері. Жинау процестеріне, сонымен қатар жиналған тораптарды теңдестіру де жатады.

 








Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 2603;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.014 сек.