Тығынды дроссельдер
Төменгі қысымды гидрожүйеде( 50 кг/см2 дейінгі ) бұрылу краны типтес (7.1сур), дроссельдер кеңінен таралған, әр түрлі өтпелі қималармен орындалатын тығынның бұралуы арқылы кедергіні реттеу іске асырылады.
сур. 7.1Крандық дроссель типі
Сызықтық дроссель.Дроссельдік каналда кедергіні реттеу ұзындықтың өзгеруім арқылы жеткізіледі, ластанудың алдын алу, жою үшін қолданылады. Сызықтық дроссель 7.2а және б суретте көрсетілгендей, а жырашығының ұзындығының өзгеруі бір кірісті бұранданы бұрау немесе ағытумен кедергі реттеледі. Бұл дроссельдің кедергісі сұйықтың тұтқырлығына тәуелді, сондықтан ол тек температураның тұрақтылығы шартымен қолданылуы мүмкін.
Төртбұрышты дроссель.Шартты кең температуралық диапазонда жұмыс істейтін гидрожүйедегі дроссельдерге қойылатын талап сұйықтың тұтқырлығы өзгеру кезінде яғни жұмыстың жылулық режимін өлшеу кезінде дроссельдің қақпағының өткізетін қимасының формасы сұйық шығынының коэффициентін айтарлықтай өзгертпеуі керек.
.
Сур. 7.2. Сызықтық дроссельдің схемасы
Бұл талапқа төртбұрышты дроссельдің дөңгелек тесіктіжәне өткір жиекті жұқа шайбалы түрі толықтай сай келеді. (7.3, а сурет). Тесіктің дросселдеуші қасиеті ашық ағыс кезіндегі құйынның пайда болуымен ағынның ұлғаюы сипатталып, ағынның кездейсоқ ұлғаюы немесе тарылуы негізінен энергияның негізгі шайбадағы тесіктің шартталғаны бойынша энергия жойылады. Осыған орай осы сияқты дроссельдер сұйық тұтқырлығына кедергініңминимальды тәуелділігіне ие болады.
Гидрожүйені жетілдіруде жоғары гидравликалық кедергіге ие және тербеліс тұтқырлығында тұрақты шығын характеристикасыеа ие дроссельдер қажет етіледі.Бұл талапты бір дроссельдік шайбаның қамтамасыз етуі мүмкін емес болып саналады, себебі ондағы тесіктің өлшемі кішігірім болуынан сүйықтың ластанып кірлеуі мүмкін. Осыған сәйкес көп сатылы дроссельдің ішінен жұмыс істеу принципіне сұйық ағынының қат- қабат тарылуы мен ұлғаюына негізделген бірнеше тізбектеле орналасқан дроссельдік шайбалар ( 7.3сур.б,в) қолданылады.
Бұл дроссельдің кедергісі берілген өлшемдегі тесікте шайбалар санын таңдаумен реттеледі.Шайбалар арасындағы ара-қашықтық қаншалықты аз болса, шайбаның көлденең қимасы (D диаметрлі) шайба тесігінің қимасымен салыстырғанда едәуір үлкен, бұндай пакетте гидравликалық кедергі жұқа қабырғадағы тесік арқылы қысым жоғалтуына шартталғанын байқаймыз.
Бір шайбалы реттегіш дроссельдер де шығарылған.Мұнда дроссельдік инелерді(сур 7.3,г) қолдану арқылы реттеу жүзеге асырылады,оның көмегімен дроссельдегі тесік қимасы өзгереді.
Реттегіш диафрагмалы дроссельдің жұқалығын арттыру үшін өтпелі қимасын бұрыштық және төртбұрыштық жырашық етіп орындайды.сур (7.3,д), қозғалмалы детальдың цилиндрлік бөлігінде орындалған және ол детальда тұрақты және ауыспалы қима болып орындалады.Бұл дроссель инелік дроссельмен салыстырғанда, (7.3 суретте) аз шығын кетіру мүмкіндігіне және саңылаулардың ластануын азайтуға мүмкіндік беруде алдыңғы қатарда болып саналады.
сур. 7.3. Төртбұрышты дроссельдің схемасы
Дата добавления: 2015-11-28; просмотров: 2260;