Түптік қысымды қалпына келтіру әдісімен өндіру және айдау ұңғымаларын зерттеу

Фонтанды және компрессорлы ұңғымаларды пайдаланудың режимі өзгергенге дейін зерттеу кезінде өнімнің шығымы мен сулануын, сонымен бірге буферлік және құбыраралық қысымдарды өлшеу қажет.

Түптік қысымды өлшеу үшін және қысымды қалпына келтіру қисығын (квд) тіркеу үшін ұңғымаға тереңдік манометрді және дифференциалдық манометрді перфорация жасалған аралықтың ортасы келетін тереңдікке немесе оған жақын жерге орналастырады, және де тұрақталған режимде 15÷20 мин аралығында ұңғыманы пайдалануды жалғастыра береді де, содан кейін фонтанды ұңғыманың шығу желісіндегі жапқышын (задвишка) жабады. Ал компрессорлық ұңғымаларды тоқтатуда бір мезетте жапқышты жауып, ұңғымаға келетін жұмыс агентін тоқтату керек. Кәсіпшілікте ұңғыманы тоқтатқаннан кейін түптегі қысымды қалпына келтіру уақытын тәжірибелік жолмен орнатады (негізінде бірнеше сағат). Егер бұл уақыт күнмен саналатын болса, онда толық қысымды қалпына келтіру қисығы түсірілмейді, ұңғыманы тоқтатқаннан кейін таңдап алынған аралық арқылы түсірілген тереңдік манометр арқылы 15÷20 минут жеке өлшеу жүргізеді.

Газбен толтырылған тереңдік дифманометрлерді түптегі депрессия 20%-дан аспаған жағдайда қолданылады, ал берілген тереңдіктегі (перфорация аралығы) температура ұңғыманы тоқтатқаннан кейін іс жүзінде өзгермейді. Тереңдік аспаптарды перфорация аралығынан жоғары орнатқанда ұңғыманы тоқтатқаннан кейінгі бағандағы сұйық температурасының өзгеруінен, сонымен бірге ұңғыма суланған мұнай беріп тұрған жағдайда қысымды қалпына келтіру процесіндегі сұйықтың орташа тығыздығының өзгеруінен қысымды қалпына келтіру қисығының түзілу формасы бұзылуы мүмкін. Егер аспаптың сезгіш элементі ретінде сығылған газ болса, бұл факторлардың әсері қатты білінеді. Перфорация аралығының орташа тереңдігі мен аспапты түсіру тереңдігінің арақышықтығы үлкен және ұңғыма өнімінің сулану мөлшері жоғары болғанда оны тоқтатқанда түп аумағына судың тұнуының әсері болуы мүмкін. Осы уақытта перфорация аралығында судың тұнуы өскендегі түптік қысымның төмендеуін тіркейтін болады.

Айдау ұңғымаларын тоқтатқан кезде қоршаған тау жыныстарының жылуы әсерінен бағандағы судың температурасы бірден жоғарылап кетеді. Осыған байланысты мұндай ұңғымаларды зерттеу кезінде қысымның төмендеу қисығын тұрғызу үшін, ұңғыманы тоқтатқаннан кейінгі сағадағы қысымның өзгеруіндегі мәліметтерді қолданады. Бұл мәліметтерді ұңғымада сорапты-компрессорлық құбырдың башмагы перфорация аралығына өте жақын орналасқанда, пакер қондырғысы болмаған жағдайда немесе сағалық жабдықтар мен құбырлар саңылаусыздандырылмағанда қолданылады.

Суды сорапты-компрессорлық құбыр арқылы айдағанда қысымды құбыр аралық кеңістікте орналасқан сағалық манометрдің көмегімен, ал құбыраралық кеңістікпен айдағанда, ұңғыма буферінде орналасқан манометрдің көмегімен бақылайды. Егер су айдау бір мезетте екі жақтанда (құбыраралық кеңістікпен және сорапты компрессорлық құбырмен) жүргізілетін болса, онда айдау режимін тұрақтандыру үшін қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізу алдында 3—5 күн бойы суды тек қана құбыраралық кеңістікпен айдайды.

Егер ұңғыманы тоқтатқаннан кейін уақыт бойынша ұңғымадағы сұйықтың тығыздығының өзгеруі белгілі болған жағдайда, қысымды қалпына келтіру қисығы тек сағадағы манометрлер (буферлік немесе құбыраралық) арқылы тіркелетін болса, онда осы қисық арқылы гидростатикалық теңдеуді қолдана отырып нақты түптегі қысымды қалпына келтіру қисығын тұрғызуға болады. Бұл өзгерістер бағандағы сұйықтың орташа температурасының өзгеруімен байланысты. Игеру объектілерінде тығыздыққа байланысты температураларды өзгертуді анықтауда арнайы зерттеулер жүргізіледі және оларды арнайы кестелерге енгізіп, графиктер тұрғызады. Осы өзгертулерді ұңғыманы тоқтатқаннан кейін оның қабылдағыштығына байланысты уақыттың әрбір моментінде анықтайды. Кейбір жағдайларда су айдау ұңғымаларын тоқтатқаннан кейін сағадағы қысым атмосфералық қысымға дейін төмендеп кетеді де, қысымды қалпына келтіру қисығын тіркеп үлгермейді. Осындай жағдайда режимді ұңғыманы тоқтату арқылы емес, оны осы мәнге дейінгі айдалатын судың шығынын төмендетуімен өлшейді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Ұңғыма өнімінің шығымы мен сулануы қалай өлшенеді?

2. Қысымды қалпына келтіру қисығын қалай тұрғызады?

3. Тереңдік және дифференциалдық манометрлер қандай мақсатта қолданылады?








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2484;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.