Ыманы зерттеудің әдістері мен мақсаттары

Қазіргі таңда игеру объектілерін, мұнай, су және газ ұңғымаларын игеру кезіндегі қабаттағы процестердің өзгеру көрсеткіштерін анықтауда ұңғыманы зерттеудің бірнеше әдістері қолданылады [14].

Ұңғыманы зерттеудің негізгі түрлері гидродинамикалық және термодинамикалық болып табылады. Сонымен бірге арнайы зерттеулер де бар - оларға гидрохимиялық және геофизикалық әдістерді жатқызуға болады.

Гидродинамикалық зерттеу әдісі жұмыс жасап тұрған немесе тоқтап тұрған ұңғыманы зерттеуде қабаттың анықталған параметрлерін (қысым, температура, шығым, уақыт және т.б.) зерттеу үшін және олардың мәндерін тіркеп алу мақсатында жүргізіледі, одан әрі жүйелі түрде барлық кен орынды пайдалану ұзақтылығына байланысты жүргізіліп отырады. Алынған мәліметтер арнайы зерттеу зертханаларына жіберіліп, онда толығымен талдау жасалады. Зерттеу жұмыстары арнайы құрылған бригадада арнайы техникалар мен өлшегіш құрылғылары көмегімен жүргізіледі.

Геофизикалық зерттеу әдісі – физикалық әсер етуге негізделген. Геофизикалық әдіспен ұңғыманы зерттеу және геологиялық қима тау – жыныстарының жағдайы жөнінде, олардың параметрлерін, игеру кезіндегі өзгерістері жөнінде ақпарат беріп отырады. Сонымен бірге бұл зерттеу геологиядан басқа, яғни технологиялық шараларда да қатысып отырады. Геофизикалық зерттеулер каротаж көмегімен іске асады. Оның арнайы құрылғылары электрокабель арқылы ұңғымаға түсіріліп, таңдалып алынған ұңғыма аралығы зерттеледі.

Каротаждың түрлері:

1. Электр каротаж. Бұл каротаж ұңғымадағы сұйықпен жыныстың әсерлесуінен пайда болған электр өрісінің өзгеруін зерттеуге негізделген. Сонымен бірге тау жынысының электрлік кедергісі, патенциалдары, потенциалдар өзгерістері, т.б. зерттеледі. Ұңғыма қапталдарындағы каротаж зондтарымен өлшейді. Электрокаротаж және оның түрлері тау жыныстарындағы қималарды дифференциалдап, өткізгішті және кеуекті жыныстардың табаны мен жабынын тауып, мұнайлы қабатшаларды анықтайды.

2. Радиоактивті каротаж. Ол табиғи гамма–сәуле жыныс тарату өзгерісі, сонымен бірге олармен бірге нейтрондар немесе гамма-сәулелермен әсерлесуі арқылы зерттеуге негізделген. Мұнайлы, сулы, газды жыныстарды анықтау үшін радиоактивті каротаждың бірнеше түрлері бар, олар кеуектілікті мұнайға қанығушылықты, тау-жынысының тығыздығын т.б. анықтайды. Сонымен бірге ұңғыманың техникалық жағдайын анықтау үшін де қолданылады.

3. Нейтронды каротаж. Нейтрон ағымы мен тау жынысының элементтер ядросы әсерлесуіне негізделген. Ұңғымаға түсірілген құрылғы жылдам нейтралдар көзіне ие және осы кезден алысырақ белгілі бір шамада орналастырылған, изоляцияланған экранды индикатормен жабдықталған.

Нейтронды каротаждың бірнеше түрі бар, олар коллектор және қабат сұйығы жайлы қосымша ақпарат береді.

4. Акустикалық каротаж тау жыныстарының серпімді қасиетін анықтауға негізделген. Бұл үшін ұңғымада серпімді теңселу, тербелулер болады, олар қоршаған ортаға таралып, Тұрақталған бір немесе бірнеше қабылдағыш арқылы қабылданып отырады. Осы қабылдағыштардың ара-қашықтығындағы теңселулер тарауының жылдамдығы, амплитудасы анықталады. Акустикалық каротаждың үш модификациясы бар: олар серпімді толықтырудың басылуы және цементті сақина және ұңғыманың техникалық жағдайына өткізілетін акустикалық каротаж.

5. Термокаротаж - температураның таралуын зерттеуге арналған. Термокаротаж жынысты температуралық градиент бойынша дифференциалдауға көмектеседі.

6. Кавернометрия - отырғызылмаған ұңғыманың нақты диаметрін өлшеу және оны бағанасы бойынша өзгерту.

Гидравликалық зерттеу – олар тұрақталған немесе орнатылмаған режимдер кезіндегі сұйық немесе газ ұңғымасының ағу параметрін зерттеу үшін негізделген. Ағу параметрі шығым болып табылады. Тұрақталған режимдегі ұңғыманы зерттеу ұңғыма жұмысы үшін маңызды мінездемелер алуға мүмкіндік береді. Ал онсыз ұңғыманың шығымын және сұйықты көтеру үшін техникалық талаптарды білу мүмкін емес. Бұл әдіс қабаттың гидроөткізгіштігін анықтауға мүмкіндік береді.

Ұңғыманы дебитометрмен зерттеу. Олар ұңғымадағы сұйық ағымын (өндіру ұңғымамаларында) және айдау ұңғымамаларының жұту санын, арнайы құрылғылар қолдану арқылы іске асады. Құралдарға: дебитометрлер және шығын өлшегіштер жатады. Олар ұңғымаға түсіріліп, перфорацияланған аралықта орнатылады.

Дебитометрлік зерттеулер ұңғымада маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Олар: жұмыс жасаушы қабат қалыңдығы, бөлек қабатшалар өнімі т.б.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Ұңғыманы зерттеудің негізгі түрлерін атаңыз?

2. Ұңғыманы зерттеу қандай мақсатпен орындалады?

3. Гидродинамикалық зерттеу әдісі қандай мақсатқа негізделген?

4. Геофизикалық зерттеу әдісі қандай мақсатқа негізделген?

5. Дебитометрлік зерттеулер ұңғымада қандай ақпараттар береді?

 

 








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 4056;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.