Зерттеудің технологиясы

 

Тереңдігі 1500 метрден жоғары терең ұңғымаларды зерттеуде механикаландырылған тереңдік лебедкалар қолданылады (5.1-сурет). Ұңғымаға аспаптарды түсіру үшін фонтанды арматурада лубрикатор орнатылуы керек (1), ол жоғарғы бөлігінде кабель мен сым өтуі үшін сальник орналасқан цилиндр. Манометр (2) және кран (4) лубрикатордың атмосферамен байланыс жасауға арналған [14].

5.1- сурет. Тереңдік өлшегіштерді түсіруге арналған фонтанды ұңғыманың жабдықтары

 

 

Лубрикатордың корпусына кабель мен сымды (5) түсіру үшін роликтер (3) тұрақталған.

Лебедка тұрақталған қондырғы сағадан шамамен 25 ÷ 40 м қашықтықта орналасады. Қондырғыны орналастыру барысында ұңғымадан шығатын кабель сымының қозғалысы лебедканың барабанның валына перпендикуляр болатындай болуы қажет. Тереңдік аспаптарын (6) лебедкадан (7) түсіруге дайындау барысында сымның лубрикатордың сальнигі арқылы жіберіп, оны алдын ала корпустан босатып алады. Тереңдік аспаптарына сымның бір жағын бекітіп, екінші жағын лубрикатордың корпусына орналастырып, сальникті бұрап жабады.

Азинмаш-8 (Азинмаш-8А және Азинмаш-8Б) лебедкасы ГАЗ-66 автокөлігінде жинақталған. Ол тереңдігі 6000 м-ге дейін жететін ұңғымаларға өлшеу аспаптарын (тереңдік манометр, термометр) түсіріп, көтеруге арналған, сонымен бірге ұңғымадағы сұйықтың деңгейі мен ұңғыманың тереңдігін өлшеуге арналған.

Өлшеу аспаптарының түсіру тереңдігін дәл анықтау мақсатында лебедка 0,1 метрге дейінгі дәлдікпен есептеп, өлшеуге арналған жабдықтармен жабдықталған.

Бақылау сұрақтары:

1. Ұңғыманы гидродинамикалық зерттеудің мақсаты?

2. Лубрикатордың негізгі қызметі қандай?

3. Ұңғымаға түсіруге арналған жабдықтар?

Тұрақталған жұмыс режимі кезінде өндіру және айдау

Ымаларын зерттеу

 

Фонтанды ұңғымаларды іріктеп тұрақталған әдісімен зерттеу кезінде пайдаланудың жұмыс режимін штуцерді ауыстыру жолымен өзгертеді, ал компрессорлық ұңғымаларды зерттеуде – сағадағы қарсы қысымды төмендетіп немесе жоғарылату арқылы (штуцер немесе реттегіш вентилдің көмегі арқылы) өзгертеді [14].

Айдау ұңғымасының пайдалану режимін сораптар станциясындағы реттегіш қондырғының көмегімен өзгертеді, ал түптегі қысымды манометр арқылы анықтайды.

Жалпы айтқанда өндіру ұңғымаларын іріктеп тұрақталған әдісімен зерттеу үшін пайдаланудың тұрақталған бірнеше режимінде (үш, төрт) олардың өнімділігін, өнімнің сулануын, газ факторын немесе түптік қысымның төмендеуін (рплрзаб) өлшеу қажет. Өлшеудің нақты шарттарына байланысты бағдарлама қысқартылуы мүмкін. Сонымен, егер пайдаланудың барлық режимдерінде түптік қысым мұнайдың газбен қанығу қысымынан жоғары болып қалса, онда газ факторын циклдың бір режимінде немесе алдында жүргізілген зерттеулердің мәліметтерін пайдаланып анықтауға болады. Егер, ұңғыма бойынша индикаторлық диаграмма тік сызықты болуы керектігіне сенімді болсақ, онда бір режимдегі өнімді, сулануды, түптік қысымды және депрессияны (рплрзаб) өлшеумен шектелу жеткілікті болады.

Зерттеу жұмыстары ең төменгі немесе ең жоғарғы сұйық алудан басталуы мүмкін. Әрбір жаңадан басталатын режимнің орналасу уақыты өнімді қабаттың қасиетіне байланысты және әрбір обьектіде тәжірибелік жолмен анықталады. Басқа бірдей шарттарда бұл уақыт бір фазалы сұйықтың сүзілу уақытынан аз болады, ал газдалған сұйықтың сүзілуі кезіндегіден жоғары болады.

Қысымы қанығу қысымынан жоғары болатын игеру обьектілерінің көпшілігіндегі ұңғымалар зерттеу циклының әрбір режимінде бір күннен бес күнге дейін пайдаланады.

Ұңғыма өнімінің шығымы мен түптік қысымы тұрақталған режимнің соңғы периодында өлшенеді. Осыдан кейін ұңғыманы келесі режимге ауыстырады. Әрбір режимдегі түптік қысымды салыстырмалы түрде үлкен депрессияда (0,5—1,0 МПа жоғары) ұңғымаларды пайдалану кезінде анықтайды. Индикаторлық диаграмманы q—рзаб координаттарында тұрғызу кезінде өлшеудің қателерін көп нүктелерді бытырату бойынша келтірмейді. Осыған байланысты индикаторлық диаграмманы q—рзаб координаттарында тұрғызу кезінде өлшеудің қателерін нүктелерді бытырату бойынша жүргізбейді. Аз депрессия кезінде (0,2÷0,3 МПа шамасында) нүктелерді бытыратып орналастыру үлкен болады, яғни бұл координаттарда индикаторлық диаграмманы тұрғызу мүмкін болмайды. Бұл жағдайда әрбір режимде түптік және қабаттық қысымды өлшеп отыру қажет, ал диаграмманы q— координаттарында тұрғызады. Әрбір режимде анықталатын депрессиясы, салыстырмалы түрде рзаб түптік қысымнан аз болады, ал аспапты бір рет түсірген кезде рпл және рзаб абсолюттік қателіктері шамамен бірдей және осыған байланысты (рпл - рзаб)= айырмашылықтарына әсер етпейді. Бірақта, өте аз депрессия кезінде (0,3÷0,4 МПа дейін) мәнін анықтау дәлдігіне манометрдегі бланкларды оқудың қателіктері әсер ете бастайды. Олай болса мәнін анықтау үшін диффе­ренциалды тереңдік манометрлерін қолдану қажет болады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Ұңғыма өнімінің шығымы мен түптік қысымы қай кезде анықталады?

2. Диффе­ренциалды тереңдік манометрлерін қандай мақсатта қолданады?

3. Индикаторлық диаграмманы қалай тұрғызады?

 








Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2623;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.