Штангалы ұңғымалы сораптармен және электр ортадан тепкіш сораптармен жабдықталған ұңғымаларды зерттеу
Терең сорапты ұңғыманы пайдаланудың режимін өзгерту үшін:
1) жылтыратылған штоктың жүріс ұзындығын өзгертумен; 2) теңгергіштің тербелу санын өзгертумен; 3) бір мезгілде штоктың жүрісін және тербелу санын өзгертумен жетуге болады [14].
Егер, бұл әдістермен ұңғыманың шығымын өзгерту мүмкін болмаса, онда жүріс ұзындығы мен тербелу санын өзгертудің барлық рұқсат етілген комбинациясында сораптың теориялық берілісін өзгерткен жағдайда қабаттан сұйықтың келуі жоғарылайды, яғни сораптың келтірілген орналасу тереңдігін өзгертуге алып келеді. Бұл жағдайда барлық режимде сұйықтың динамикалық деңгейі сораптың қабылдауында қалып қояды және түптік қысым гидростатикалық теңдеу бойынша анықталуы мүмкін.
,
мұндағы Н — келтіру нүктесіндегі тереңдік; L — сораптың қабылдауындағы тереңдік.
Электрортадан тепкіш сораппен жабдықталған ұңғымалар бойынша пайдалану режимінің өзгеруі, көп жағдайларда сағадағы штуцерді ауыстыру немесе бұрама жапқыштарды жабу салдарынан сағадағы қарсы қысымдарды жоғарылату немесе төмендетуі нәтижесінде болады.
Қысымды қалпына келтіру қисығын тіркеу үшін және қабат қысымын анықтау үшін ұңғыманы тоқтатады. Егер құбыраралық кеңістікте артық қысым болатын болса, онда қысымды қалпына келтіру қисығын тіркеумен бірге, бір уақытта түп аумақтағы қысымды қалпына келтіру қисығын сағада тұрақталған манометрдің көрсеткіші арқылы тіркейді.
Электрортадан тепкіш сораппен жабдықталған ұңғымаларда қысымды қалпына келтіру қисығы лифтілік манометрдің немесе сыммен түсірілетін манометрмен, жекелеген жағдайларда дифманометрдің көмегімен алынады. Дегенмен де сапалы қисықтар көп жағдайларда сораптар қабатқа жақын орналасқанда алынады. Өндірісте электрортадан тепкіш сорапты қабаттан бірнеше метр жоғары орналастырады, ол сапалы зерттеудің мүмкіндігін шектейді. Қажетті жағдайда сорап пен өнімді қабаттың аралығына сорапты - компрессорлық құбырдан дайындалған қысқа құбырды (хвостовик) іліп, башмакқа лифтілі манометрді орнатады. Көп жағдайларда сораптан жоғары – суфлер арнайы қондырғысы пайдаланылады, олар лифтілі құбырмен түсірілетін, қарапайым манометрлердің көмегімен сорапқа жақын орналасқан құбыраралық кеңістіктегі қысымды өлшеуге мүмкіндік береді (сурет 5.2).
5.2 - сурет. Суфлердің құрылысы (ТатНИИ).
Ол лифтілік қосылыстарды жалғауға арналған муфтадан 11 тұрады, тесіктері бар корпустан 7 және құбыраралық кеңістікті байланыстыратын түтікшеден 12, түтікшеден тұратын тесігі 6 бар, клапан қондырғысынан 2, сырғыма тиектен 7, серіппеден 8 және қалпақшадан 4 тұрады. Корпустың жоғарғы бөлігі 1 конус тәрізді етіп жасалған, ол тереңдік манометрдің ұшын 3 ұяшыққа отырғызу қызметін атқарады.
Қалыпты жағдайда сырғыма тиек жоғары жағынан серіппемен сығылып тұрады және 6 тесік жабық тұрады (лифтілік құбырдың ішкі жағы құбыраралық кеңістікпен байланыста болмайды). Манометрді түсіру кезінде оның ұшы корпустің конусына отырғызылады. Осыдан сырғыма тиек аспаптың салмағымен төмен қарай сығылады да, 6 тесік ашылып екі аралықта байланыс орнайды. Манометрдің ұшының дәл отырғызылуын корпусқа бекітілген бағыттаушы пластинка 5, ал саңылаусыздығын нығыздағыш қондырғылар 9 қамтамасыз етеді.
Соңғы уақыттарда тереңсорапты қондырғылармен игеріп жатқан ұңғымаларды, кіші диаметрлі (25-30 мм), тереңге арналған аспаптар арқылы зерттейді. Манометрді ұңғымаға түсіруге арналған ұңғыма сағасының жабдықталуының бір түрі 5.3 - суретте көрсетілген.
Құбыр тізбегі 7 ілінген планшайбаға 3, батырылған лубрикатор корпусы 11 орнатылады. Лубрикатордың төменгі бөлігінде жоғарыдан тягының көмегімен 5, ашылып жабылатын клапан 12 қарастырылған. Оны нығыздау үшін сальник 4 қарастырылған. Ұңғыма дұрыс жұмыс жасап тұрғанда 12 клапан жабық болады. Ұңғымаға аспапты түсіру алдында лубрикатордың басын 7 бұрып қояды (ал жабу кезінде теңестіргіш жапқышта 9); лубрикатор басындағы сальник арқылы лебедкамен сымның бір ұшін түсіремін және оны аспап басына 10 бекітеміз, содан кейін аспапты лубрикаторға енгізіп басына 7 бұрап бекітеміз. Клапанды 12 ашу үшін, лубрикатордың ішкі аймағына құбыраралық кеңістікпен байланыс орнату үшін теңестіргіш жапқышты 9 ашамыз. Осыдан кейін клапан тягы көмегімен ашылады да, ұңғымағы аспапты түсіреді. Құбыраралық кеңістіктегі газды 8 және 9 жапқыштар арқылы шығарып жібереді.
5.3 – сурет. Сорапты ұңғыманың құбыраралық кеңістігіне аспапты түсіру кезіндегі ұңғыма сағасының жабдықталуы.
Егер техникалық жағдайларға байланысты тереңдік манометрді ұңғымаға түсіру мүмкін болмаса, онда қысымды қалпына келтіру қисығының орнына құбыраралық кеңістіктегі сұйық деңгейін қалпына келтіру қисығы тұрғызылады. Бұл жағдайда бірінші динамикалық деңгейді (2-3 рет), ал сорапты тоқтатқаннан кейін белгілі уақыттан соң (1-2 мин) сұйықтың ағымдағы деңгейі анықталады. Өлшеу жиілігін тәжірибелік жолмен өлшейді, ол деңгейді көтеру жылдамдығы неғұрлым үлкен болса соған сәйкес жоғары болуы керек.
Барлық жағдайда ұңғыманы тұрақталған режим әдістерімен зерттеу кезінде техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда, лифтілік немесе аз өлшемді тереңдік манометрлер қолданылады.
Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2154;