Электр тізбегі және оның элементтері

Электромагниттік процестері кернеулік және ток түсініктерінің көмегімен сипатталатын, электр тогын жүргізуге арналған қондырғылар жиынын электр тізбегі деп айтады. Жалпы жағдайда, электр тізбегі ток көзі мен қабылдағышты байланыстыратын электр энергиясының көзі мен қабылдағыштардан және аралық бөлімдерден (өткізгіш сымдардан, аппараттардан) тұрады.

Электр тізбегіндегі электромагниттік процесстерді "ток", "кернеу", "э.қ.к-і", "кедергі", ("өткізгіштік"), "индуктивтік", "сыйымдылық" түсініктерінің көмегімен сипаттауға болады.

Электр энергиясының көзі ретінде гальвани элементтері, аккумуляторлар, жылулық элементтер, генераторлар және басқа да қондырғылар алынады. Оларда химиялық, молекула кинетикалық, жылулық, механикалық немесе энергияның басқа түрінің электр энергиясына айналу процестері жүріп жатады. Жоғарыда айтылған ток көздерімен салыстырғанда, энергияның ешқандай түрі өзгермейтін, энергия көзіне қабылдағыш антенна да жатады.

Электр энергиясының көздері өздерінің мәндері және бағыттарымен, сол сияқты ішкі кедергілерінің мәндерімен де сипатталады.

Электр энергиясының қабылдағышы немесе жүктемесі деп, электр энергиясын жарық, жылу, механикалық және т.б. энергияға айналдыратын электр шамдарының, электр қыздырушы құралдардың, электр қозғалтқыштардың және басқа қондырғылардың қызметін айтады.

Электр тізбектерін есептеулер, оларда жүретін процесстерді зерттеулер, әр түрлі жорамалдауларға және электрлік тізбектердің нақты объектілерін бірқатар идеализациялауға негізделеді. Демек, электрлік тізбектер теориясында элементтер түсінігіне көбіне электротехникалық қондырғылардың құрамды бөліктері емес, олардың идеализацияланған үлгілері алынады да, оларға белгілі бір электрлік және магниттік қасиеттер тағылады, соның нәтижесінде, олар нақты қондырғыларда пайда болатын құбылыстардың жиынтығын жуықтап бейнелейді.

Электрлік тізбектер жүйесінде элементтерді активтік және пассивтікдеп бөледі. Активтік элементтерге жататын электр энергиясының көздері, кернеу көздері және ток көздері. Электр тізбегінің пассивтік элементтеріне кедергі, индуктивтік және сыйымдылық жатады. Соған сәйкес активті және пассивті тізбектер болады.








Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 24215;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.