Кардандық берілістің тағайындалуы мен құрылысы

Автомобильдің кардандық берілісі

Дәрістің жоспары:

1. Кардандық берілістің тағайындалуы мен құрылысы.

2. Тең емес бұрыштық жылдамдықтар топсасы бар кардандық беріліс.

3. Теңбұрыштық жылдамдықтар топсасы бар кардандық беріліс.

Кардандық берілістің тағайындалуы мен құрылысы

 

Кардандық беріліс (итальяндық философ, дәрігер, математик және инженер Джереламо Карданоның атымен аталған) айналу моментін беріліс қорабының немесе үлестіру қорабының жетектелетін білігінен басты беріліс-тің жетекші білігіне беру үшін тағайындалған. Оның қолдануы трансмиссия біліктері осьтерінің өзара жайы өзгеретіндігімен байланысты. Кардандық беріліс дөңгелектер мен беріліс қорабының шығыс білігінің қатты байланы-сын қамтамасыз етеді және аспаның жұмысына кедергі жасамайды. Басқа сөзбен айтқанда, автомобильдің кардандық берілісі буындасқан агрегаттар-дың ауыспалы осьтілігі кезінде айналу моментін беруге мүмкіндік береді. Автомобильде кардандық беріліс, қағида бойынша, трансмиссия мен рульдік басқаруда қолданылады.

Жиірек жұмыс процесінде біліктер арасындағы бұрыш пен қашықтық өзгеріп отырады. Кардандық берілістің көмегімен трансмиссияның келесі элементтері қосылуы мүмкін:

1) қозғалтқыш пен беріліс қорабы (5°-қа дейін бұрыш);

2) беріліс қорабы мен үлестіру қорабы (5°-қа дейін бұрыш);

3) беріліс қорабы мен басты беріліс (15°-қа дейін бұрыш);

4) үлестіру қорабы мен басты беріліс (15°-қа дейін бұрыш);

5) дифференциал мен жетекші дөңгелектер.

Автомобильде беріліс қорабы (сурет 1) немесе үлестіру қорабы жетек-ші белдеуден жоғары орнатылған, оның нәтижесінде, айналу моментін бере-тін, кардандық біліктің осі кейбір α бұрышымен горизонтальға қарай орна-ласқан. Беріліс қорабы рамамен жылжымайтындай қосылған, ал жетекші бел-деуге оған рессорлардың көмегімен асып қойылған. Рессоралардың майысуы кезінде белдеудің рамаға қатысты жайы өзгерген кезде, кардандық біліктің еңкіш α бұрышы да өзгереді.

Кардандық беріліс үш негізгі элементтерден тұрады: кардандық топса-лардан, кардандық біліктерден және аралық тіреуден тұрады. Кардандық бе-ріліске екі (сирегірек бір) кардандары бар кардандық білік кіреді. Егер кар-дандық білікпен, арасындағы бұрышы мен қашықтығы өзгеретін, механизм-дер (мысалы, автомобильдің беріліс қорабы мен басты берелісі) қосылса, онда сырғымалы оймакілтік қосылыс түріндегі осьтік компенсация ескері-леді, ол берілген шектерде білік ұзындығын өзгерте алады.

 

Сурет 1. Автомобильдің кардандық берілісінің схемасы:

1 – беріліс қорабы; 2 – кардан; 3 – сырғымалы оймакілтік қосылыс; 4 – кардандық

білік; 5 – басты беріліс.

 

Кардандық берілістегі біліктер арасындағы бұрыштың шамасынан тәуелді жартылай кардандар (қатты немесе серпімді), тең емес бұрыштық жылдамдықтардың толық кардандары немесе тең бұрыштық жылдамдық-тардың кардандары пайдаланылуы мүмкін. Ең кең таралғандар – толық кар-дандар, олардың негізгі бөлшектері екі айыр, шанышпалы (игольчатый) подшипниктер, крестовина, крестовиналардың шетмойын-дарына (цапфа) арналған тіреулер және нығыздаушы құрылғылар болып табылады (сурет 2). Бір карданның ПӘК-і – 0,985÷0,99.

 

 








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 5555;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.