Беріліс қорабының тағайындалуы мен құрылысының негіздері

Автомобильдің беріліс қорабы

Дәрістің жоспары:

1. Беріліс қорабының тағайындалуы мен құрылысының негіздері.

2. Берілістерді ауыстыру.

3. Айналу моментінің шамасының (айналымдар саны) өзгеруі.

4. Беріліс қораптарының түрлері мен типтері

Беріліс қорабының тағайындалуы мен құрылысының негіздері

 

Беріліс қорабы айналу моментін шамасы мен бағыты бойынша өзгерту және оны қозғалтқыштан жетекші дөңгелектерге беру үшін тағайындалған. Сонымен қатар ол қозғалтқыш пен жетекші дөңгелектерді ұзақ уақыт бойы, әрі шексіз мерзімге және жүргізуші жағынан күш салмай (ілініспен салыстырғанда), ажыратылуын қамтамасыз етеді.

Механикалық беріліс қорабының схемасы 1-суретте көрсетілген.

 

 

Сурет 1 – Механикалық беріліс қорабының схемасы:

1 – бірінші білік (первичный вал); 2 – берілісті ауыстыру иінтірегі (рычаг); 3 – берілісті ауыстыру механизмі; 4 – екінші білік; 5 – ағызу тығыны; 6 – аралық білік (промежуточный вал); 7 – беріліс қорабының картері

Жұмыс істеу принципі.Механикалық беріліс қорабының жұмыс істеу принципі кіріс пен шығыс біліктердің әр түрлі сатыларында әр түрлі комбинациялармен түрлі берілістік сандары бар тістегеріштерді (шестерня) кинематикалық біріктірумен қорытындалады.

Біліктер мен тістегеріштер (шестернялар). Кез келген беріліс қорабы бір корпуста орналасқан тістегеріштері бар біліктердің жиынтығы болып табылады..

Құрастырылуы классикалық автомобильдің үшбіліктік беріліс қорабында бірінші, екінші және аралық біліктер бар.

· Бірінші (жетекші) білік ілініс арқылы қозғалтқыштың сермерімен (маховик) қосылады.

· Екінші (жетектелетін) білік кардандық білікпен қатты қосылған.

· Аралық білік айналымды бірінші біліктен екіншіге беру үшін қызмет етеді.

Бірінші мен екінші біліктер ізділікпен орналасқан, екінші білік бұл кезде бірінші біліктің артқы ілмегінде орналасқан подшипникке тіреледі. Олардың арасында қатты байланыс жоқ және бір-бірінен тәуелсіз айналады. Аралық білік бірінші мен екінші біліктердің астында орналасқан. Біліктерде тістегеріштер блогы бар. Жұмыстың шулығын азайту үшін тістегеріштерді әдетте қиғаштісті етіп жасайды.

Бірінші білікте, аралық білікті қозғалысқа келтіретін, жетекші тістегеріш бар. Аралық білікте тістегеріштер блогы орналасқан, оның тістегеріштері білікпен қатты қосылған және жиі онымен бір бүтін сияқты әзірленеді. Екінші білікте жетектелетін тістегеріштер орналасқан, олар біліктің оймакілтіктерінде орналасуы және олардың бойымен жылжуы мүмкін, немесе күпшектерде айналады, бұл жағдайда олардың бойлық жылжуы болмайды, ал беріліс тістегерішті сырғымалы муфтаның білігіне жалғау жолымен қосылады, аталған муфта жиі білік пен тістегеріштің бұрыштық жылдамдықтарын теңестіретін механизммен – синхрондауышпен – жабдықталады.

Кез келген беріліс қорабында жоғарғы мен төменгі сатыларды (берілістерді) бөледі.

Орнынан қозғалу, екпіндеу, шамалы жылдамдықта және жолсыздықта қозғалу кезінде, орташа-жоғары айналымдар кезінде жететін, жоғары айналу моменті қажет, бірақ жоғары жылдамдықты арттырудың қажеттілігі болмайды. Бұл тәртіптемеде қозғалу үшін, ең үлкен берілістік қатынасқа ие болатын, беріліс қорабының төменгі сатылары (әдетте біріншіден үшіншіге дейін) қызмет етеді; бұл кезде қозғалтқыштың үлкен айналымдары кезінде де автомобиль баяу жүретін болады.

Жоғары жылдамдықта бірқалыпты қозғалу үшін, қозғалтқыштың айналымдарын оңтайлы диапазонда ұстай отырып, дөңгелектердің айналуының үлкен жиілігін қамтамасыз ету керек. Ол үшін, төменгі берілістермен салыстырғанда едәуір кіші берілістік сандарға ие болатын, жоғарғы берілістер (төртіншіден бастап және жоғары) қызмет етеді. Бұл кезде автомобиль қозғалтқыштың сондай айналымдары кезінде, қозғалтқыштың максималды жұмыстық айналымдарына жеткенге дейін, жеткілікті жылдам жүретін болады. Бірақ та жоғарғы берілістерде автомобиль кішкене жылдамдықпен жүре алмайды және, одан әрі, орнына қозғала алмайды, себебі қозғалтқыш автомобильді орнынан қозғалту үшін қажетті айналу моментін арттыра алмайды және өшіп қалады.

Берілістік қатынасы 1-ге тең болатын беріліс тікелей (қағида бойынша, төртінші) деп аталады. Егер берілістік сан бірден аз болса, мұндай беріліс үдетуші (бесіншіден бастап және жоғары) деп аталады.

Үдетуші беріліс автомобильдің жақсы жол жағдайларында, яғни жетекші дөңгелектерде үлкен тарту күші қажет болмағанда, жүрісі кезінде қосылады. Қозғалтқышқа төмендетілген айналымдармен жұмыс істеуге мүмкіндік бере отырып, үдетуші беріліс қозғалтқыштың тозуын кемітуге және отынды үнемдеуге мүмкіндік туғызады.

Механикалық беріліс қорабы келесілерден тұрады:

· картерден;

· тістегеріштері бар бірінші, екінші және аралық біліктерден;

· қосымша біліктен және артқы жүріс тістегерішінен;

· синхрондауыштардан,(синхронизатор)

· құлыптау мен блоктау құрылғылары бар берілістерді ауыстыру механизмінен;

· ауыстыру иінтірегінен (рычагынан).

Картерде беріліс қорабының барлық негізгі тораптары мен бөлшектері орналасқан. Картер іліністің картеріне бекітіледі, ал іліністің картері, өз кезегінде, қозғалтқышта бекітілген. Жұмыс кезінде беріліс қорабының тістегеріштері үлкен жүктемелерге тартылатындықтан, онда олар жақсы майлануы керек. Сондықтан картер өзінің көлемінің жартысына дейін трансмиссиялық маймен құйылған (кейбір автомобильдердің модельдерінде моторлық майлар қолданылады).

Беріліс қораптарының біліктері картерде орнатылған подшипниктерде айналады және тістерінің әр түрлі саны бар тістегеріштер жиынтығына ие болады.

Синхрондауыштар (синхронизатор) айналып жатқан тістегеріштердің бұрыштық жылдамдықтарын теңестіреу жолымен берілістерді сазды, шусыз және соққысыз ісуке қосу үшін қажет.

Берілістерді ауыстыру механизмі қораптағы берілістерді ауыстыру үшін қызмет етеді және автомобильдің салонынан берілістерді ауыстыру үшін иінтіректің (рычаг) көмегімен жүргізушімен басқарылады. Бұл кезде құлыптау құрылғысы біруақытта екі беріліске қосылуға мүмкіндік бермейді, ал блоктау құрылғысы берілісті өздігінен өшіп қалуын тойтарады.








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 12020;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.