Берілістерді ауыстыру

 

Беріліс қорабының әрекет етуі кезіндегі берілістердің ауысу принципін қарастырайық. Мысал ретінде алдыңғы жүрістің синхрондалған берілістері бар артқыжетекті жеңіл автомобильдің үшбіліктік төртсатылы механкиалық беріліс қорабының жұмысын алайық. Мұнда:

1, 2, 3, 4, R – сәйкес берілістердің тістегеріштері (шестернялары);

- жетекші білік – қызғылт сары түсті;

- жетектелетін білік – сары түсті;

- аралық білік – сұр түсті;

- артқы жүрістің білігі мен сәйкесінше сырғақ (ползун) – жасыл түсті;

- III-IV берілістерді қосу сырғағы – күлгін түсті;

- I-II берілістерді қосу сырғағы – көгілдір түсті.

 

N – бейтарап беріліс: синхрондауыштың біреуі де бір тістегерішпен де ілініспеген, бірінші мен аралық біліктер айналып жатыр, екінші білік тыныштықта.

 

I беріліс: бірінші мен екінші берілістің синхрондауышы (суретте ашық көгілдір түсті) екінші біліктегі бірінші берілістің тістегерішін блоктайды; айналу алдымен бірінші біліктің жалғыз тістегерішімен аралық білікке, ал одан – бірінші берілістің тістегеріші арқылы екінші білікке, және ары қарай трансмиссияға беріледі.

 

II беріліс: тура сол синхрондауыш жылжиды және екінші берілістің тістегерішін блоктайды;

 

III беріліс: бірінші-екінші берілістердің синхрондауышы бейтарап жайда; үшінші-төртінші берілістердің синхрондауышы (суретте күлгін түсті) жетектелетін біліктегі үшінші берілістің тістегерішін блоктайды, айналу бірінші біліктен аралық білікке, ал одан үшінші берілістің тістегеріші арқылы – екінші білікке беріледі.

 

IV беріліс: бірінші-екінші берілістердің синхрондауышы бейтарап жайда; төртінші берілістің синхрондауышы бірінші біліктің венецін блоктайды, оның арқасында бірінші мен екінші біліктер бір бүтіндей айналады. Аралық білік әрекетке қосылмаған (бірақ айналымын жалғастырып жатыр, себебі бірінші білікпен үнемі ілінісіп тұр).

Айналу тікелей бірінші біліктен екінші білікке аралық біліктің тістегеріштерін айнала өтіп берілетін мұндай беріліс әрқашан бір берілістік қатынасқа ие – 1:1, және ол тікелей беріліс деп аталады, себебі айналу моменті бірінші біліктен екіншіге тікелей беріледі. Беріліс қорабының бұл тәртіптемесі пайдалы болып табылады, себебі жоғалтулар мен тозулар азаяды.

 

 

R – артқы жүріс: синхрондауыштар бейтарап жайда; өзінің білігінде айналатын, артқы жүрістің тістегеріші аралық біліктің сәйкес тістегерішімен және жетектелетін біліктің тістегерішімен ілініске кіреді (аралық біліктің тістегеріші жетектелетін біліктің тістегерішімен ілініс түзбейді), ілінісетін жұптардың тақ саны түзіледі (үш жұп), оның арқасында екінші білік бірінші біліктің айналу бағытына қарама-қарсы бағытта айналады.

 








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 4173;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.