Беріліс қорабының типтері
Беріліс қораптарының төрт типі бар:
1) Механикалық берілістерді ауыстыру қорабы – көпсатылы цилиндр-лік редуктор, мұнда берілістерді қолмен ауыстыру ескерілген.
Берілген қораптың артықшылықтарына жоғары ПӘК-ті, қарапайым-дылықты, жоғары динамиканы және басқа қораптармен салыстырғанда отынның ең аз шығысын жатқызу керек.
Кемшіліктерінен басқарудың ыңғайсыздығын, әсіресе қаладағы қозғалыс кезінде, атап өту керек.
2) Автоматтандырылған берілістерді ауыстыру қорабы – көптеген факторларға тәуелді, қозғалыстың ағымдағы жағдайларына сәйкес болатын беріліс санын автоматтық түрде таңдауын (жүргізушінің тікелей қатысуысыз) қамтамасыз етеді.
Автоматтық беріліс қорабының артықшылығына, ең алдымен, басқару ыңғайлығы мен жайлылықты жатқызу қажет. Автоматтық беріліс қорабы қозғалтқыштың толық қуаттылығында берілістерді ауыстыруға қабілетті, бұны механикалық беріліс қорабында жүзеге асыруға болмайды дерлік. «Автоматтың» плюстеріне ауыстыру уақытындағы жүрістің саздылығын, орнынан қозғалу кезіндегі кері дөңгелеуінің жоқтығын, қозғалтқыштың және трансмиссия бөлшектерінің аса жүктелулерден және берілістерді дұрыс емес қосудан болатын ақаулардан қорғалғыштығын, ұлғайған ресурсты қосуға болады.
Автоматтық беріліс қорабының кемшіліктеріне әдетте төменірек ПӘК-ті, жоғарырақ бағасын, сонымен қатар жөндеу мен қызмет көрсету құнын, отынның жоғарыланған шығысын, автомобильдің динамикалық сапасының нашарлауын, берілістерді ауыстырудағы кідірістерді жатқызады. Бірақ та жыл өткен сайын автоматтық қораптардың пайдаланулық қасиеттері жақсарып жатыр, ал автоматтық қораптарды ұнатушылардың саны сенімді өсіп отыр.
3) Роботталған берілістерді ауыстыру қорабы – іліністі ажырату мен берілістерді ауыстыру функциялары автоматтандарылған механикалық беріліс қорабы болып табылады.
Қорап-роботтың артықшылықтарына кішкене салмағын, жоғары емес құнын және үнемділігін жатқызуға болады.
Қораптың бұл типінің сондай-ақ бірнеше елеулі кемшіліктері де бар. Бірінші кезекте бұл оның жұмысының саздылығына байланысты. Берілістер айқын кідіріспен ауыстырылады, ал «еденге газ» тәртіптемесінде ауыстыру-лар кезінде түрткілер мен жұлқулар пайда болады. Қол тәртіптемесі де құтқармайды, себебі іліністі бәрібір электроника басқарады. Ауыстырулар-дың дәлдігінде «робот» қарапайым «автоматқа» да жол береді. Сонымен қатар, «роботқа» қозғалыстың басындағы кішкене кері дөңгелеуі тән. Қораптың мұндай типін әдетте қымбат емес модельдерге орнатады.
4) Вариаторлық берілістерді ауыстыру қорабы – бұл қозғалтқыштың күшін сатысыз түрде жетекші дөңгелектерге беру үшін тағайындалған механиккалық торап.
Вариатордың басты артықшылығы қозғалтқыш үнемі оңтайлы тәртіптемеде жұмыс істейтіндігі болып табылады. Вариатордың сөзсіз плюстері ретінде (автоматтық қораппен салыстырғанда) үнемділікті, сазды жүрісін және динамикалық екпінді атауға болады. Вариатор, әдеттегі «автоматқа» қарағанда, конструкциясы бойынша қарапайымдау. Бірақ та механикалық қораппен салыстырғанда вариаторлар аз үнемділік пен динамикаға ие болады.
Вариатордың негізгі минусы оның белбеулердің әлсіздігі мен қысқа мерзімдігінен қуатты моторлармен үйлесімсіздігі болып табылады. Сонымен қатар кемшіліктеріне орнынан қозғалу мен артқы жүріс тәртіптемелері үшін қосымша механизмдердегі қажеттілікті, жоғары құнын, қымбат қызмет көрсету мен жөндеуді атап өту керек.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 4283;