Сурет 4. Тең емес бұрыштық жылдамдықтар топсасы

Тең емес бұрыштық жылдамдықтар топсасы бар кардандық берілістің конструкциясында келесі элементтер бар: жетекші, жетектелетін және ара-лық кардандық біліктер; крестовиналар (топсалар); аспалы және аралық тіреулер.

Топса тікелей, біліктерде орналасқан, екі айырлардан және кресто-винадан – айырлардың қосылыс элементінен – тұрады. Жиналған күйінде біліктердің айырлары бір-біріне қатысты 90° бұрышпен орналасқан және оларды, ұштарындағы шанышпалы подшипниктермен төрт табағы (чашка) бар крестовина қосады. Шанышпалы подшипниктердің болуы біліктердің ауытқуының әр түрлі бұрыштары кезіндегі топсаның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз енеді. Бірақ та тең емес бұрыштық жылдамдықтар топсасы үшін біліктер арасындағы ең үлкен бұрыш әдетте 20°-тан аспайды. Подшипниктер жинау кезінде, қызметінің бүкіл мерзіміне есептелінген, пластикалық маймен толтырылады.

Егер мысал үшін артқы жетекті ВАЗ автомобилінің кардандық білігін қарастырсақ, онда оның конструкциясында екі топса, аралық білік және ара-лық біліктің аспалы тіреуі бар. Конструкцияның жетілмегендігінен, тең емес бұрыштық жылдамдықтар топсасы жетектелетін біліктің жетекшіге қатысты тұрақты (тұрақты жылдамдықпен) айналуын қамтамасыз ететін конструк-тивтік мүмкіндікке ие емес. Топсаның бір айналымында жетек-телетін білік екі рет кешігеді және екі рет жетекші білікті басып озады. Бұл айналу моментінің әркелкі (циклдық) берілісі деп аталады және тең емес бұрыштық жылдамдықтар топсасының ерекшелігі болып табылады. Одан басқа, айналу-дың әркелкілігі біліктер арасындағы бұрыштан тікелей тәуелді болатынды-ғын ескеру қажет, ол неғұрлым үлкен болса, соғұрлым әркелкілік көбірек білінеді. Бірақ та берілген кемшілікті жою үшін екінші ұқсас топса және тіреуі бар аралық білік орнатылады. Екінші топса қос біліктердің жылдамды-ғын қалпына келтіреді және теңестіреді.

Кардандық берілісте, айналу моменті берілетін қашықтықтан тәуелді, бір немесе екі кардандық білік қолданылады. Қосбіліктік схемада бірінші білік аралық кардандық білік, ал екіншісі – артқы кардандық білік деген атауға ие. Біліктердің қосылу орнын аралық тіреудің көмегімен белгілейді. Аралық тіреу автомобильдің шанағына (рамасына) бекітіледі. Жұмыстың нәтижесінде пайда болатын, кардандық берілістің ұзындығының өзгеруін компенсациялау үшін біліктердің бірінде оймакілтік қосылыс орындалады.

Кардандық берілістің трансмиссияның басқа элементтерімен қосылысы келесі біріктіруші элементтердің көмегімен жасалынады: фланецтердің, муф-талардың және т.б.








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 2033;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.