Сурет 5. Тең бұрыштық жылдамдықтар топсасы
Мұндай топсалары бар кардандық беріліс ұқсас құрылысқа ие: жетекші, аралық және жетектелетін біліктер; ТБЖТ; біріктіру элементтері.
ТБЖТ, крестовинамен қосылысқа қарағанда, бірнеше басқа конструк-цияға ие. Ең кең таралған шариктік ТБЖТ (сурет 6) келесі элементтерден тұрады: топсаның корпусы; құрсау; айырғыш (сепаратор); шариктер; тоқтат-қыш сақиналар; қамыттар мен тозаңдық (қорғаныс қабы).
Сурет 6. Тең бұрыштық жылдамдықтар топсасының құрылысы:
1 – сыртқы құрсауы бар корпус; 2 – айырғыш; 3 – ішкі құрсау; 4 – шариктер; 5 –
қозғалтқыш білік; 6 – тоқтатқыш сақина; 7 – кеңірдектенген қап; 8 – қаптың
қамыты
ТБЖТ-ның корпусы ішкі қуыстың сфералық формасына ие, онда ша-риктерге арналған бунақтар (проточка) бар. Корпус, дөңгелектің күпшегіне (ступица) немесе беріліс қорабына қосып біріктіру үшін тағайындалған, артқы ілмекпен (хвостовик) бірге құйылған. ТБЖТ құрсауы тондай-ақ шариктерге арналған бунақтарға және аралық біліктегі бекітуге арналған тесікке ие. Айырғыш, әдеттегі подшипникте сияқты, шариктерді талап етілетін жайда ұстап тұрады. Корпус пен құрсаудағы бунақтар есебінен, топса біліктердің 35°-қа дейін ауытқу бұрыштары кезінде айналуды біркелкі беруге қабілетті. ТБЖТ, конструкциясында крестовиналары бар топсаға қарағанда, өте үлкен қызмет ету мерзіміне ие. Ұзақ уақыт бойы қызмет етудің басты шарты саңлаусыз тозаңдықтың болуы және топсаның ішіндегі ерекші пластикалық майдың жеткілікті мөлшері болып табылады. Қорғаныс тозаңдықтың зақымдануы кезінде ТБЖТ саңлаусыздығын жояды, майлауын жоғалтады және өте жылдам қатардан шығады.
ТБЖТ бар кардандық беріліс алдыңғы жетекті автомобильдерде дифференциалды және жетекші дөңгелектің күпшегін біріктіру үшін кең қолданысты тапты.
Берілген типті кардандық беріліске жетектік білікпен біріктірілген екі ТБЖТ кіреді. Беріліс қорабына (дифференциалға) ең жақын топса ішкі, ал оған қарама-қарсы – сыртқы топса деп аталады.
Дайындау кезінде тең бұрыштық жылдамдықтар топсасына молибден дисульфидінің негізіндегі майды құйып қояды.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 1819;