Автомобильдік іліністің құрылысы мен әрекет ету принципі

Автомобильдік бірдискілік ілініс: сермерден (маховик) 1, фрикциондық материал жапсырмаларынан (накладка) 2, ілінстің жетектелетін дискісінен 3, жетекші дискті сермерге (маховик) қысатын серіппеден 4, іліністі ажырату ашасынан (вилка) 5, қысқыш муфтадан 6, ілініс басқышының білігінен 7, ілініс басқышынан 8, жетекші (қысқыш) дисктен 9, қосу иінтірегінен (рычаг) (немесе қысқыш иінтіректен рычаг, суретте 3 дана) 10, қысқыш (тіреуіш) подшипниктен (выжимной подшипник) 11, беріліс қорабының жетекші (бірінші) білігінен 12 тұрады.

Бірдискілік іліністің әрекет ету принципі келесідей. Басқышқа (педаль) 8 басу кезінде білік 7 бұрылады, алдымен іліністі ажырату ашасы (вилкасы) 5 мен қысқыш муфтасы 6 арасындағы саңлау (ілініс басқышының бос жүрісі) таңдалынады. Содан кейін қысқыш подшипникпен 11 орнынан жылжиды және қысқыш подшипник иінтіректің (рычаг) ішкі ұштарына 10 қысады, олар өзінің сыртқы ұштарымен қысқыш дискті 9 жетектелетін дисктен 3 айырады. Бұл кезде қысқыш серіппелер 4 қысылады – ілініс ажыратылған, және айналу моменті қозғалтқыштан трансмиссияға берілмейді. Басқышты жібергеннен кейін іліністі ажырату муфтасы қысқыш подшипникпен (выжимной подшипник) серіппелердің әрекетінен алғашқы күйіне қайтып келеді. Қысқыш серіппелердің әрекетінен қысқыш диск 9 сермерге (маховик) 1 қысылады, бұл кезде жетектелетін дискті 3 қыса отырып – ілініс қосылған, айналу моменті қозғалтқыштан беріліс қорабына беріледі. Жетектелетін дисктің 3 оймакілтіктері (шлиц) болады және беріліс қорабының бірінші білігінің жауап оймакілтіктері 12 бойынша орын ауыстырады. Іліністі қосу кезінде айналу моментінің бірқалыпты берілісін жетектелетін дискке монтаждалған демпферлік серіппелер қамтамасыз етеді.

 

Сурет 3 – Іліністің құрылысы

1 - сермер (маховик); 2 - фрикциондық материал жапсырмалары (накладка); 3 - ілінстің жетектелетін дискісі, 4 - жетекші дискті сермерге қысатын серіппе; 5 - іліністі ажырату ашасы (вилка); 6 - қысқыш муфта; 7 - ілініс басқышының білігі; 8 - ілініс басқышы (педаль); 9 - жетекші (қысқыш) диск; 10 - қосу иінтірегі (рычаг); 11 - қысқыш (тіреуіш) подшипник (выжимной подшипник); 12 - беріліс қорабының жетекші (бірінші) білігі (первичный вал)

Іліністің барлық бөлшектері, сермерге (маховик) бұрандалармен бұралып бекітілетін, қаптамамен (ілініс себеті (кожух)) жабылған; қысқыш иінтіректердің (рычаг) осьтері тесіктер (проушина) арқылы қаптамаға бекітіледі.








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 6118;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.