Дәріс №15.
Тақырыбы:Мәліметтер қоры теориясының даму тенденциялары
Дәріс мақсаты: мәліметтер қоры теориясының даму тенденциялары, мәліметтер қоры ның ғылымда, техника мен бизнесте қолданылуымен танысу
Кілттік сөздер:мәліметтер, мәліметтер қоры , мәліметтер қоры ның жүйесі, мәліметтер қоры теориясының даму тенденциялары, мәліметтер қоры ның ғылымда, техника мен бизнесте қолданылуы
Негізгі сұрақтар мен жоспар:
- Мәліметтер қоры теориясының даму тенденциялары
- Мәліметтер қоры ның ғылымда, техника мен бизнесте қолданылуы
Көп уақыт бойы программистерге қол жетімді мәлімет қорларының саны аз болды. Ондай Мәліметтер қорына FoxPro, Clipper, dBase, Paradox, Clarion және т.с.с. жатады. Бұл жүйелермен жұмыс істеу өте қарапайым және қолайлы. Олар қолданушысұраныстарын толығымен қанағаттандыратын. Бұл өнімдер ұзақ даму және жетілдіру жолынан өтті. Ескі, бірақ жылдам DOS операциялық жүйесінен әдемі, көркем Windows жүйесіне көшірілді. Бірақ, бұл өнімділігі мен дискідегі көлеміне әсер етті. Бұл өнімдермен жұмыс істеу бұрынғысынан да қарапайым және қолайрырақ бола түсті. Қолданушылар өз бетімен (шеберлердің көмегімен) өз Мәліметтер қорын құра алатын болды. Мұндай жағдай Мәліметтерді бірлесе өңдеу қажеттілігі туындағанға дейін қалыптасты. Мәліметтер қорын бірлесіп қолдану қажеттілігі нәтижесінде клиент серверлік жүйелер құрылды.
Локальді Мәліметтер қорымен салыстырғанда, Мәліметтер қоры сервері қуатты аппаратураны қажет етеді және қолданылуы күрделі, сенімділігі жоғары болып табылады. Локальді Мәліметтер қоры мен клиент серверлі Мәліметтер қорының айырмашылығы өте үлкен. Осы айырмашылықты барынша азайтуға, яғни, клиент серверлі Мәліметтер қорын құруды және басқаруды жеңілдету жолында өндірушілер тарапынан көптеген зерттеулер, ізденістер жүргізілді. Нәтижесінде көптеген Мәліметтер қоры серверлері құрылды. Солардың кейбіреуіне шролу жасалық.
Қарастырлатын программалық өнімдер «жұмыс топтары серверлері» деп аталатын Мәліметтер қорын басқару жүйесі классына жатады.
InterBase жүйесі алғашында Digital Equipment Corporation қызметкерлері құрды. InterBase серверін 1985 жылдан бастап сатумен Groton Database System фирмасы айналысты. InterBase серверіне құқықты 1991 жылы Ashton-Tate фирмасы сатып алады. Кейіннен InterBase серверін Ashton-Tate фирмасымен бірге Borland компаниясы сатып алды. InterBase сервері құрылғаннан бастап клиент сервер технологиясы әлеміне тұрақты түрде жаңа жаңалықтарды үнемі енгізіп келеді. InterBase сервері келесі мүмкіндіктер алғаш жүзеге асырылған алғашқы сервер: көп нұсқалы архитектура, екі фазалы автоматты транзакция, BLOB, көп өлшемді массивтерді қолдауы және т.с.с.
Local InterBase- InterBase Workgroup Server-дің бір қолданушылық нұсқасы болып табылады. Windows үшін сәйкестік екілік код деңгейінде қамтамасыз етіледі. Бұл деген бір орындалу файлын Windows 95 ортасын да, Windows NT ортасында да жүктеуге болады, бірақ ол UNIX ортасында жүктелмейді дегенді білдіредіз.
4 нұсқасынан бастап Local InterBase өзінің үлкен ағайыны InterBase Workgroup Server жүйесінің барлық мүмкіндіктерін қолдайды.
Sybase SQL Anywhere сервері де SYBASE Inc. Фирмасының төл туындысы емес. Өнім WATCOM фирмасымен бірге сатып алынды және бұған дейін WATCOM SQL Server деп аталды. Қазірде бұл өнімнің жаңа нұсқасы жарнамалануда. Жарнамаға сәйкес өнімнің соңғы нұсқасы PDA-да орындала алады. Бұл оған қосымша қуат береді екен.
Personal Oracle- Oracle фирмасының өнімі. Өте кең таралған серверлердің бірі.
SQLBase- өндірушісі Centurа SoftWare Corporation. Бұл сервер Intel платформасында DB2 серверіне қосымша (альтернатив) ретінде құрылды. Сервер жұмыс топтары үшін көркем, жақсы жинақталған, өнімділігі жоғары шешім болып табылады.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1816;