Дәріс №12.
Тақырыбы:Мәліметтер қоры н құру.
Дәріс мақсаты: ДББЖ-ның негізгі терезесі және онымен жұмыс істеу негіздері, мәліметтер қоры н құру, мәліметтер қоры мен жұмыс істейтін басқару элементтері, олардың қасиеттері мен әдістерімен танысу
Кілттік сөздер:мәліметтер, мәліметтер қоры , мәліметтер қоры ның жүйесі, ДББЖ-ның негізгі терезесі және онымен жұмыс істеу негіздері, мәліметтер қоры н құру, мәліметтер қоры мен жұмыс істейтін басқару элементтері, мәліметтер қоры ның қасиеттері мен әдістері
Негізгі сұрақтар мен жоспар:
- ДББЖ-ның негізгі терезесі және онымен жұмыс істеу.
- Мәліметтер қоры н құру.
- Мәліметтер қоры мен жұмыс істейтін басқару элементтері, олардың қасиеттері мен әдістері.
Delphi–де МҚ кестесінің форматы жоқ, бірақ бұған қарамастан көптеген локальді ( мыс. DBase, Paradox) және өнеркәсіптік ( мыс. SyBase және InterBase) МҚБЖ-рін қолдайды. МҚ-мен жұмыс жасауға арналған Delphiқұралдарына мыналар жатады:
1)Инструментальді құралдар құрылатын (қосымшадан тыс МҚ-на қызмет көрсетуге арналған арнайы программалар мен пакеттер);
2)Қосымша құруға арналған компоненттер.
Delphiжүйесінде мынадай инструментальді құралдар бар:
• Borland Database Engine (BDE) –Delphi қосымшаларынан МҚ-на қатынауды ұйымдастыруға арналған. Кітапханалар жиынынан тұратын МҚ-ның процессоры;
• BDE Administrator –BDE –ні баптауға арналған утилита МҚ-ң әртүрлі параметрлерін баптауға мүмкіндік береді;
• Database Dektop– кестелерді, SQL және QBE - сұранымдар құруға және редактрлеуге арналған программа.
• SQL Explorer –МҚ параметрлерін баптауға мүмкіндік беретін МҚ проводнигі.
• SQL Monitor– SQL – сұранымдардың орындалу ретінбақылауға арналған программа.
• SQL Links – қашықтықтағы өнеркәсіптік МҚБЖ-ріне, мысалы Microsoft SQL Server және Oracle қатынау үшін арналған драйверлер ( Interbase үшін орнатылмайды).
• Local InterBase Server – клиент- сервер архитектурасында қашықтықтағы МҚ-мен жұмыс жасауға арналған қосымшаларды баптауда ( отладка) қолданылатын Borland Interbase SQL- серверінің локальді версиясы.
• InterBase Serve for Windows 95 - бір уақытта қосылған жалғануға арналған Borland Interbase SQL- серверінің көп қолданушы версиясы.
МҚ жұмыс жасауға арналған Delphi компоненттерді визуальді және визуальді емес болып екіге бөлінеді.
Визуальді емес компоненттер кестелердегі Мәліметтерге қатынауға арналған. Олар МҚ кестесінің Мәліметтері мен визуальді компоненттер арасындағы аралық звено болып табылады. Визуальді компоненттер қосымшаның интерфейстің бөлігін құруға арналған. Олардың көмегімен қолданушы МҚ кестесіндегі Мәліметтерді көре алады және редактрлей алады.
МҚ-мен жұмыс жасауға арналған компоненттер Data Access, Data Controls, Midas, Decision Cube және Qreport компоненттер палитраларының парақтарында орналасқан. Олардың кейбіреулері клиент-сервер архитектурасында жұмыс жасауға арналған.
Data Access-тегі визуальді емес, Data Controls парағында Мәліметтерді басқаруға арналған визуальді компоненттер орналасқан.
Midas парағындағы визуальді компоненттер қашықтықтағы МҚ-н басқару үшін қолданылады.
Qreport парағындағы компоненттер отчет құруға мүмкіндік береді.
Навигациялық әдіс Мәліметтер қорындағы әрбір жазба бөлек өңделетіндігіне негізделеді. Мұның негізгі артықшылығы кодтау операциясының қарапайымдылығында, ал негізгі кемшілігі ол қанша қажет екендігіне тәуелсіз мқ-ындағы барлық жазбаны алады. Бұл желінің жұмыс істеуін қиындатады. Сондықтан көбіне навигациялық әдіс локальды Мәліметтер қорына енумен шектеледі.
Мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған компоненттер DataAccess, Data Controls және BDE жапсырмаларында орналасқан. Мәліметтер қорына енудің навигациялық әдісінде Table компоненті қолданылады. Бұл компонент BDE жапсырмасында орналасқан. Мәліметтер қорымен байланыс орнату кезінде бұл компоненттің келесі қасиеттері қолданылады:
Қасиеттері | Анықтайды |
Name | Компонент аты. Компоненттің қасиеттеріне ену үшін қолданылады |
DataBaseName | Мәліметтер қорының аты. Қасиеттерінің мәні ретінде Мәліметтер қоры псевдонимі қолданылады |
TableName | Мәліметтер файлының (кесте) аты |
TableType | Кесте типі. Paradox, dbase, FoxPro |
Active | Мәліметтер файлын екпінді ету |
DataSourse компонентінің төмендегідей қасиеттері қолданылады:
Қасиеттері | Анықтайды |
Name | Компонент аты. Компоненттің қасиеттеріне ену үшін қолданылады |
DataSet | Берілген Мәліметтерді білдіретін компонент аты. |
DBGrid компоненті Мәліметтер қорын кесте режимінде қарап шығуға арналған. Бұлардан басқа Мәліметтерді форма режимінде қарап шығуға болады. Ол үшін DBEdit, DBMemo, DBText және т.б. компоненттер қолданылады.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2444;