Дәріс №13.

Тақырыбы:Мәліметтер қоры ның өмір деңгейі

Дәріс мақсаты: мәліметтер қоры ның өмір деңгейінің ұзақтығы, мәліметтер қоры н жобалауының жалпы реті, талаптарды түрге келтіру және талдау әдістерімен танысу

Кілттік сөздер:мәліметтер, мәліметтер қоры , мәліметтер қоры ның жүйесі,мәліметтер қоры ның өмір деңгейінің ұзақтығы, мәліметтер қоры н жобалауының жалпы реті, талаптарды түрге келтіру және талдау

Негізгі сұрақтар мен жоспар:

  1. Мәліметтер қоры ның өмір деңгейінің ұзақтығы.
  2. Мәліметтер қоры н жобалауының жалпы реті.
  3. Талаптарды түрге келтіру және талдау.

 

Мәліметтер қоры н құру және жобалау жүйені қолданудың концептуальді модельін құрудан басталады. Ең алдымен ДБ-н құрудың пайдалылығы, автоматтандыруға жататын есептер және оның нақты функциялары анықталуы тиіс. Жүйені құрудың мақсатын ғана емес, сонымен қатар жүйені құру мүмкінді бағалануы тиіс. Содан кейін ААЖ- ге қойылатын талаптарға, жобалауға, кезеңдер арасындағы өзара байланысқа, программалау мен тестілеуге, ақпарат бейнелеудің бір деңгеінен келесісіне көшу кезіндегі шығынды азайтуға, бар жүйеге кірістіруге, өндіріске енгізу мен қолдауға талдау жүргізіледі.

ДБ-ын жобалау әдістемесінің үш классы бар:

  • пәндік облысты концептуальді модельдеу;
  • макеттеу арқылы қойылатын талаптар мен спецификациясын анықтау;
  • инструментальді құралдар мен CASE – технологияны (CASE- Computer Aided Software Engineering- әртүрлі жүйелердің программалық жабдықтарын құру және ілесу технологиясы) қолдайтын программалық жабдықтардың жүйелік архитектурасы

Қазіргі заманғы жүйелерді жобалау әдістемесі автоматтандырылатын объектілердің сипаттамасын, ДБ-ның функциональді мүмкіндіктерінің сипаттамасын, жүйенің берілген характеристикаларына жетуді қамтамасыз етеін жоба спецификациясын, жобалау мерзімдерін бағалау, нақты жүйені жүзеге асыруды сипаттауды қамтамасыз етуі қажет.

Спецификация- берілген есеп үшін дәл, толық және анық қалыптастырлған талаптар сипаттамасы.

ДБ-н құру және қолдау негізінде өмірлік цикл түсінігі жатыр.

Өмірлік цикл- ДБ-ның берілген жабдықтар комплексінде пайда болған кезінен бастап оның қолданыстан толық шығу кезі аралығындағы жүйенің әртүрлі жағдайын бейнелейтін ДБ-ның құру және қолдану моделі болып табылады.

ДБ үшін оның өмірлік циклін шартты түрде келесі негізгі кезеңдерге бөлуге болады:

1. талдау- жүйенің қызметін анықтау;

2. жобалау- жүйенің қалай қызмет ететінін анықтау, алдымен ішкі жүйелердің, функциональді компоненттерінің спецификациясын және олардығ жүйедегі өзара әрекеттесу әдісін анықтау;

3. құру- жекелеген ішкі жүйелер мен функциональді компоненттерін құру, ішкі жүйелерді біртұтас жүйеге біріктіру;

4. тестілеу- жүйенің функциональдік және параметрлік талдау кезеңінде анықталған көрсеткіштерге сәйкестігін тексеру;

5. енгізу- жүйену қондыру және енгізу;

6. ілесу- тапсырыс беруші кәсіпорында жүйенің штатты қолдану процессін қамтамасыз ету.

ДБ-н құру, тестілеу және енгізу кезеңдері бір сөзбен – жүзеге асыру деп аталады. ӨЦ итерациялық түрде қалыптасады. Жүзеге асылрылған кезеңдер талаптардың және сыртқы шарттардың өзегруіне, қосымша шектеулер енгізілуіне т.с.с. байланысты сәкесінше циклдік түрде қайталанылады. ӨЦ- дің әрбір кезеңінде белгілі бір техникалық шешімдер мен оларды сипаттайтын құжаттар туындайды, сонымен қатар әрбір кезең үшін алдыңғы кезеңдегі шешімдер мен құжаттар бастапқы болып табылады.

ӨЦ-дің модельдері жүйені құру процессінде кезеңдердің орындалу ретін, сонымен қатар бір кезеңнен келесіне көшу шарттарын анықтайды. Қазірде ӨЦ-дің келесі модельдері кең таралған: каскадты, итерациялы және спиральді.

Каскадты модельде келесі кезеңге өту алдыңғы кезеңдегі жұмыс толық аяқталғасын жүзеге асырылады. Бұл модель ДБ-н құрудың алғашқы кезеңінде барлық талаптарды жеткілікті түрде дәл және толық қалыптастыруға болатын жағдайда қолданылады. Бұл құрушыларға жүйені техникалық тұрғыдан мүмкіндігінше жақсы құруға еркіндік береді. Бұл модель көбінесе күрделі есептеу жүйелеріне, нақты уақыт жүйелеріне және т.с.с қолданылады. Бірақ бұл модель бірқатар кемшіліктерге ие, өйткені жүйені құру процессі ешқашан қатаң схемаға бағынбайды. Мысалы, программалық жабдықты құру процессінде алдыңғы кезеңге қайта оралып бұрын қабылданған шешімді қайта анықтау немесе қайта қарау қажеттілігі туындайды.

Итерациялық модельде - ДБ-н құруда кезеңдер арасында кері байланысты циклдерді қолдануға болады. Мұндай модельдің артықшылығы- кезең аралық түзетулер каскадты модельмен салыстырғанда үлкен иілгіштікті пен аз жұмысты қамтамасыз етеді. Бірақ әрбір кезеңдегі өмір уақыты жүйені құру периоды бойына созылып кетуі мүмкін.

Спиральді модель ӨЦ-дің бастапқы кезеңдері- талдау, алдын ала және детальді жобалау кезеңдеріне сүйенеді.

Спиральдің әрбір айналымы жүйе фрагментінің немесе нұсқасының құрудың кезең бойынша моделіне сәйкес келеді. Спиралдің бір айналымында жобаның сапасы бағаланып, келесі айналымдағы жұмыстар жоспарланады. Мұндағы негізгі проблема- келесі кезеңге көшу моментін анықтау. Оны шешу үшін ӨЦ-дің әрбір кезеңіне уақыт шектеуін қою қажет. Көшу алдыңғы жобалардан алынған статистикалық Мәліметтер мен құрушылардың жеке тәжірибесі негізінде құрылған жоспарға сәйкес орындалады. Бұл модельдің кемшілігі- талдау және жобалау кезеңінде жіберілген қателерді түзетудің қиыншылығы. Ол қателіктер келесі кезеңдерде проблемаларға, тіпті жобаның тұтастай сәтсіздігіне алып келуі мүмкін. Сол себепті талдау мен жобалау аса мұқият орындалуы қажет.








Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1984;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.