Дәріс №14.
Тақырыбы:ДБ жобалау
Дәріс мақсаты: Мәліметтер қорын жобалау әдістері, концептуалды жобалау, логикалық жобалау, физикалық жобалау әдістерімен танысу
Кілттік сөздер:мәліметтер, мәліметтер қоры , мәліметтер қоры ның жүйесі, мәліметтер қорын жобалау, концептуалды жобалау, логикалық жобалау, физикалық жобалау
Негізгі сұрақтар мен жоспар:
- Концептуалды жобалау.
- Логикалық жобалау.
- Физикалық жобалау.
Мәліметтер қорын жобалауда және пайдалануда оған келесі талаптар қойылады:
- Пәндік саланы жабдықтауды бейнелеудің барабарлығы (толықтығы, тұтастығы, қайшылықсыз болуы, Мәліметтердің көкейкестілігі).
- Әртүрлі категориядағы пайдаланушылардың өз ара әсерінің мүмкіндігі; кіру мүмкіндігінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету.
- Интерфейстің жақындығы.
- Құпиялылық пен жасырындылықты қамтамасыз ету.
- Бағдарламалар мен Мәліметтердің өзара тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
- Мәліметтер қорының сенімділігі қамтамасыз ету; Мәліметтерді кездейсоқ және қасақана бүлдіруден қорғау; жүйе істен шыққан (сбой) жағдайда Мәліметтерді тез және толық қалпына келтіру мүмкіндігі.
Мәліметтер қорын жасауға, пайдалануға және алып жүруге жауапты тұлға – Мәліметтер қорының администраторы (МҚА) болады. Оның міндетіне келесі қызметтерді атқару кіреді:
- Пәндік саланы талдау, оны сипаттау, тұтастығына қойылатын шектеулерді тұжырымдау.
- МҚ құрылымын, яғни Мәліметтер қоры файлдарының құрамы мен құрылымын, олардың арасындағы байланыстарды жобалау.
- МҚ құрылымын және Мәліметтерді өңдеу процедурасын сипаттау кезінде тұтастыққа қойылатын шектеулерді беру.
- МҚ алғашқы жүктелуі және жүргізу.
- Мәліметтерді қорғау:
• жүйеге кіру ретін қамтамасыз ету;
• пайдаланушылардың Мәліметтерге кіру мүмкіндігін құқықтарын
анықтау
• Мәліметтерді қорғаудың бағдарламалық-техникалық жабдықтарын
талдау және жасау.
• Мәліметтерді қорғау жабдықтарын тестілеу.
• Мәліметтердің пайдаланылуы туралы статистиканы жинау.
• Мәліметтерді қорғауды бұзу жағдайларын зерттеу.
•Мәліметтер қорын қалпына келтіруді қамтамасыз ету, жүйелік
талдау және жасау.
- МҚ пайдаланушылардың қарауын талдау.
- Пайдаланушылармен жұмыс істеу.
- Мәліметтер қорын жетілдіруге және динамикалық дамытуға жұмыс істеу.
Мәліметтер қорын жобалау процесі кезінде шешілетін басты мәселе – Мәліметтерді ұйымдастыру, яғни өзара байланысты біріктіру, құрылымдау, және анықтау. Мәліметтерді ұйымдастыру тәсілі пәндік саланың негізгі мәндерін және олардың өзара байланыстарын бейнелейтін логикалық модель арқылы анықталады. Объектілер арасындағы байланыстарды кейіптеудің әртүрлі формалары, мысалы иерархиялық, желілік, реляциялық сияқты Мәліметтердің әртүрлі логикалық модельдерінің тууына әкелді. 1980 жылдардың ортасына қарай қарапайымдылығына және математикалық негізделуіне байланысты ең көп тарағаны реляциялық модель болды. Соның нәтижесінде қазіргі заманғы Мәліметтер қорын басқару жүйесінің көпшілігі осы модельді қолдап, жүргізуде.
Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері
МҚ жобалауда Мәліметтерді ұйымдастыруды үш кезеңде: ақпаратты-логикалық (инфологиялық), даталогиялық (концептуалдық) және физикалық деңгейлерде қарастыру қабылданған. Бұл деңгейлерге пәндік саланың инфологиялық, концептуалдық және физикалық модельдері сәйкес келеді. Жобалаудың бүкіл процесін үш кезеңге бөлуге болады:
1-ші кезең Мәліметтердің инфологиялық моделін жобалау | Пәндік саланы талдау: объектілер және олардың арасындағы байланыстар |
Пайдаланушының ақпараттық қажеттілігі (сұранысты талдау) | |
Қазіргі бар және болашақтағы қолданбалы программаларды талдау | |
Ақпараттық құрылымды құру |
Сурет 1.13 - МҚ жобалау кезеңдері
МҚ жобалау мәселелері. МҚ жобалаған кезде туындайтын басты сұрақтар:
1. Тұтынушылардың талаптарының бейнелену формасы.
2. Бұл талаптар Мәліметтер қорының тиімді құрылымына қалай өңделеді?
3. Мәліметтер қоры құрылымы жаңа немесе өзгерген талаптарға сай қалай өзгереді?
Тұтынушылардың талаптарына сай Мәліметтер қорын құру процесі Мәліметтер қорын жобалау деп аталады. Мәліметтер қорын құрудағы басты мақсат – оның барлық тұтынушылар үшін тиімді эксплуатациялық сипаттамаларға сай болуы.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2629;