Дәріс №10.

Тақырыбы:Мәліметтердің иерархиялық моделі

Дәріс мақсаты: мәліметтер, мәліметтер қоры , мәліметтер қоры ның жүйесі, мәліметтердің иерархиялық моделі, сегмент өрісі, жазба ұғымдарымен танысу

Кілттік сөздер:мәліметтер, мәліметтер қоры , мәліметтер қоры ның жүйесі, мәліметтердің иерархиялық моделі, сегмент өрісі, жазба.

Иерархиялық моделдің артықшылықтары мен кемшіліктер

Негізгі сұрақтар мен жоспар:

  1. Сегмент өрісі, жазба.
  2. Иерархиялық моделдің артықшылықтары мен кемшіліктер.

Иерархиялық модельде Мәліметтер арасындағы байланыстарды реттелген граф (немесе тармақ) көмегімен сипаттауға болады. Иерархиялық модельдегі Мәліметтердің арасындағы байланыс төмендегі суретте көрсетілген.

 

Сурет 1.2 - Иерархиялық моделдегі байланыс

 

Иерархиялық МҚ-ның құрылымын сипаттауға кез келген программалау тілінде Мәліметтердің «тармақ» типі қолданылады.

Мәліметтердің «тармақ» типі ПЛ/1 және Си программалау тілдеріндегі «құрылым»-ға, және Паскаль тіліндегі «жазу»-ға ұқсас. «Тармақ» типі құрама болып табылады.

«Тармақ» типі өзіне ішкі типтерді (ішкі тармақты) қамтиды, оладың өздері де өз кезегінде «тармақ» типті болып табылады. Әрбір «тармақ» типтері «түбірлік» типтен және реттелген бағыныңқы (бос болуы да мүмкін) типтерден тұрады. «Тармақ» типіне кіретін элементарлық типтердің әрқайсысы қарапайым немесе құрама «жазу» типі болып табылады. Қарапайым жазу типі бір ғана типтен, ал құрама «жазу» типі қандай да бір типтердің жиынтығынан тұруы мүмкін. «Тармақ» типінің мысалы 1.2-суретте көрсетілген.

 

 
 


Сурет 1.3 - «Тармақ» типінің мысалы

 

Түбірлік тип дегеніміз ішкі типтері бар және өзі ішкі тип болып табылмайтын тип. Бағыныңқы тип (ішкі тип) аталық рольді атқаратын типке қатысты ұрпақ болып табылады. Бір типтің ұрпақтары бір-біріне қатысты егіздер болып есептеледі. Жалпы алғанда, «тармақ» типі иерархиялық ұйымдастырылған «жазу» типін береді.

Компьютер жадында иерархиялық Мәліметтердің физикалық орналасуын ұйымдастыру үшін төмендегідей әдістер тобы қолданылады:

• жадының тізбектеле үлестірілуі бойынша сызықтық тізіммен берілуі (адрестік арифметика, сол тізімдік құрылым),

• байланысқан сызықтық тізіммен берілуі (көрсеткіштер мен анықтамалықтарды пайдаланатын әдіс).

Иерархиялық ұйымдастырылған Мәліметтерді манипуляциялаудың негізгі операциялары:

• МҚ-ның көрсетілген экземплярын іздеу;

• бір тармақтан басқа тармаққа көшу;

• тармақ ішінде бір жазудан басқа жазуға ауысу;

• көрсетілген орынға жаңа жазуды қою;

• ағымдағы жазуды өшіру және т.б.

Алдыңғы суретте келтірілген қордағы Мәліметтерге мысал ретінде келесі суретте көрсетіледі.

 

 

Сурет 1.4 - Иерархиялық қордағы мәліметтер

 

Мәліметтердің иерархиялық моделінің жетістігіне компьютер жадының тиімді пайдаланылуы мен Мәліметтермен жасалатын негізгі операциялардың орындалу уақытының жоғарғы көрсеткіштері жатады.

Мәліметтердің иерархиялық моделі иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс істеуге ыңғайлы болып табылады.

Иерархиялық модельдің кемшілігі - күрделі логикалық байланыстағы ақпаратты өңдеудің қиындығы.

Мәліметтердің иерархиялық моделіне МҚБЖ-ң шектеулі саны ғана негізделген, олардың ішінен шетелдік IMS, PC/Focus, Team-Up және Data Edge және Ресейлік Ока, МИРИС және ИНЭС атап өтуге болады.

 








Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1616;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.