Дәріс №3.
Тақырыбы:Мәліметтер қоры заттық салада ақпараттық модель ретінде көрсетілуі
Дәріс мақсаты: ақпараттарды ұйымдастыру, мәліметтер қоры ның жиынын, мәліметтер банкі,
мәліметтер сөздігі түсініктерімен танысу
Кілттік сөздер:мәліметтер, мәліметтер қоры , мәліметтер қоры ның жүйесі, мәліметтер банкі,
мәліметтер сөздігі
Негізгі сұрақтар мен жоспар:
- Мәліметтер банкі.
- Мәліметтер сөздігі.
Ақпараттарды ұйымдастыру үшін соңғы кезде көптеп қолданылып жүрген негізгі құралдардың бірі - мәліметтер банкісі. Мәліметтер банкісі (ДБ) деп бір ортадан жилалып және де әр түрлі нысанда қоддану үшін арнаулы ұиымдастырылған мәліметтер қоры ынын жиыны, бағдарламалык, техникалық, тілдік және әдістемелік құралдарды атайды. Бұл терминді ақпараттық жүйе терминіне сәйкес түсінік деп те қарастыруға болады.
Мәліметтер қоры ның жиыны. Мәліметтер коймаларының жиыны ДБ-нің кұрамындағы негізгі белшек болып табылады. Мәліметтер қоималарының жиыны бір немесе одан да көп мәліметтер қоры нан тұруы мүмкік. Мәліметтер қоры (ДБ) деп өзіне тан атауы бар, белгілі бір салаға қатынасты, бір ортадан басқаруға арналған бағдарламалық құралмен өңдеу үшін әдейі ұйымдастырылған мәліметтер жинағын атайды. Мәліметтер қоры н құру және өңдеуге арналған бағдарламалық құралдарды мәліметтер крймасын басқарушы жүйе (ДББЖ) деп атайды. Аталған ұғымдардың мазмұнын кейінде тереңдеу қарастырамыз.
Бағдарламалық құралдар. Бағдарламалық құралдар жүйе іске қосылғанда ішіндегі бөлшектер арасында туындайтын барлық байланыстарды үйлестіруге арналған. Бұл құралдың ішіне келесі бағдарламалар тобы енеді:
• мәліметтер қоры ш басқарушы жүйелері;
• әртүрлі тілдік трансляторлар. Тілдік құралдарда айқындалған әрекеттерді іске асыруға арналған үрдістерді құруға мүмкіндік беретін бағдарламалык кұралдарды трансляторлар деп атайды;
• арнаулы операцияларды орындауға бейімделген бағдарламалар
(утилиталар). Арнаулы операцияларға ДБ көшірмесін жасау, авариялык
жағдайдалардан кейін ДБ қайтадан іскер жағдайға келтіру, сыртқы
сақтауыш құрылғыларындағы уақытша және ескірген мәліметтер алатын
орынды тазарту операциялары сияқтылар жатады.
Техникалық құралдар. Техникалық кұралдарға системалық блоктар, енгізу-шығару және сыртқы сактауыш қүрылғылары, байланыс желілері жатады.
Әдістемелік құралдар. Әдістемелік құралдарға ДБ-мен жұмыс істегенде әр түрлі қолданушылар тобы арасында туындайтын өндірістік қатынастарды реттеуге қажет нормативтік-құқыктық кұжаттар мен ДБ ақпараттар және функциялар қорын сипаттауға арналған технологиялық нұсқаулар жинағы жатады.
Тілдік қүралдар. Тілдік құралдар қолданушы мәліметтер қоры мен жүмыс істегенде туындайтын сұраныстар мен ақпаратты өңдеу әрекеттерін іске асыруға арналған үрдістер мен бағдарламаларды құруға және де мәліметтер қоры ның логикалық, физикалық үлгілерін жасауға арналған. Аталған тілдік құралдардың ерекшеліктерін кейінде тереңдеу қарастырамыз.
Мәліметтер банкісінің колданушылары. Мәліметтер банкісін құру және қолдану кезінде онымен әр түрлі қолданушылар әрекеттеседі. Қолданушыларды, мақсаты мен орындайтын әрекеттеріне сәйкес, келесі топтарға бөлуге болады: негізгі қолданушылар, қолданбалы бағдарламалаушылар және мәліметтер банкісінің администраторы.
Негізгі колданушылар тобына белгілі саладағы мамандар жатады. Осы мамандардың мәліметтерді іздестіру, өңдеу және қорытындылау мақсаттарын іске асыру үшін мәліметтер банкісі құрылады. Негізгі топқа осы аталған мамандармен қатар есептер, есептеуіш үрдістер және сыртқы жүйелер де жатады.
Қолданбалы бағдарламалаушылар. Бүл топтың негізгі мақсаты ағымдағы жағдайда мәліметтер банкісіне туындаған жаңа сұраныстарды іске асыратын бағдарламаларды жасау.
Мәліметтер банкісінің администраторы. Бүл топ ДБ жүмысын бақылаумен катар қолданушылардың іс-әрекеттерін реттейді. Мәліметтер банкісінің администраторы қолданушыларға қатынасты келесі мәселелерді шешеді: қолданушыларды тіркеу; мәліметтер қоры ндағы өңделетін және бакыланатын ақпараттың көлеміне, колданушылардың атқаратын қызметіне сәйкес, жол ашу; тіркелген қолданушылардың қасиеттерін уақытында өзгертіп, ағымдағы жағдайға сәйкес ету. Ал дерсктер қоры на байланысты келесі технологиялық үздістерді орындауға тиісгі: көшірме жасау; авариялық жағдайлардан кейін мәліметтер қоры н соңғы қалпына келтіру; мәліметтер қорын «ескірген» ақпараттардан тазарту және тағыда басқалар.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1464;