Дәріс №1.
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Физика-математика факультеті
Ақпараттық жүйелер кафедрасы
5B070300-«Ақпараттық жүйелер»
шифр, мамандық
2 курс студенттеріне арналған
күндізгі оқыту бағыты бойынша
«Ақпараттық жүйедегі мәліметтер қоры» пәні бойынша
Дәрістер жинағы
Ақтөбе қ.
Ж.
Орындаушы(лар)
аға оқытушы _______ Кереев А.К.
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
“___”____________20__ ж.
КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № __ “__” _______________ 20 _ ж.
Кафедра меңгерушісі
ф.-м. ғ. к. ______ Жахина Р.У.
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
Дәріс №1.
Тақырыбы:Кіріспе. Пәннің мақсаты мен есептері.
Дәріс мақсаты: жаңа ақпараттық технологиялар, мәліметтер банкін қолданатын жүйелер, мәліметтерді өңдеу және басқару жүйесінің даму тарихымен танысу
Кілттік сөздер: мәліметтер, мәліметтер қоры , мәліметтер қоры ның жүйесі
Негізгі сұрақтар мен жоспар:
- Жаңа ақпараттық технологиялар.
- Мәліметтер банкін қолданатын жүйелер.
- Мәліметтерді өңдеу және басқару жүйесінің даму тарихы.
Бірінші электронды есептеуіш машиналар біздің елімізде ХХ ғасырдың 50 жылдарының басында пайда болды. Бұған қоса адамзат қызметінің жаңа саласы - ЭЕМ-ге бағдарлама жасау қарқынды дами түсті. Айта кету керек, өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде де тіл құралы мен әдістерінің жетілмегендігіне қарамастан, ЭЕМ-ге бағдарлама жасау, оқушылардың оны қабылдауына және түсіну мүмкіншілігіне шек қоятын қандай да бір принциптік қиыншылықтарды тудырмайды. Бұған қарапайым түсініктеме бар: ЭЕМ-ге қиын емес оқу бағдарламаларын құрастыру жеткiншек жастағы оқушының шамасы келетiн, қарапайым және жалпы маңызды ұғымдардың шектелген ауқымына сүйенеді. Алғашқы ЭЕМ-дердің ғылыми-зерттеу мекемелерінде және жоғарғы оқу орныдарының iрi орталықтарында пайда болуынан кейін, бұған, яғни ЭЕМ-ге кіру және машина уақытына иелік ету мамандардың ынта-ықпалымен және олардың оқушылармен ізденушілік жұмыстарына деген қызығушылықтарына сәйкес келіп жатты, осыдан кейін ЭЕМ-де бағдарлама жасауды оқып үйренетін оқушылар топтары пайда бола бастады.
Қазіргі кезде осы сияқты практика ең алғаш рет қай жерде іске асырылғандығын анықтау қиын. Мысалы, бізге белгілі 50 жылдардың соңына қарай тәжірибе КСРО ғылыми акдемиясының болашақ академигі және мектеп информатикасының алғашқы нұсқасын жасауды ұйымдастырушы, Ресейлiк математиктер мен программистердің ең әйгілі өкілі А.П. Ершовтың (1931-1988) қатысумен және де басшылығымен Академқалашыққа тиесілі Новосибирскінің бірқатар мектептерінiң есептеуіш техника қоры нда даму алды. Қысқа мерзім ішінде осындай бағыттағы жұмыстарға еліміздің ғылыми-зерттеу институттарынан және университеттерінен ондаған, жүздеген жаңашыл-оқымысты ғалымдар қосылды. Бұл алғашқы қадамдар оқушыларға жүйелі бағдарламалау оқу курсының жасалуына тікелей қатысы болмады, бірақта оқушыларды бағдарламалауға оқыту идеясының орындалатынын дәлелдеді.
Мәліметтер қоры – бұл өзара байланысқан мәліметтердiң интеграцияланған жиынтығы болып табылады. Әдетте мәліметтер қоры бiр нақты пән саласы үшiн, қолданбалы есептердi ұйымдастыру үшiн құрылады. Мәліметтер қорымен жұмыс iстеу үшiн мәліметтер қорын басқару жүйесi (ДББЖ) пайдаланылады. Бұл мәліметтердi енгiзудi, iздеудi, сақтауды, түзетудi қамтамасыз ететiн және есеп берудi және мәліметтер қорын пайдаланушылардың сұранысына жауап берудi ұйымдастыратын арнайы бағдарламалар жабдығы болып табылады. Сонымен қатар мқбж мәліметтердi қорғау мен олардың “жылжуын”, басқа бағдарламалық құралдар арқылы пайдаланылуын қамтамасыз етедi. Қазiргi уақытта көптеген экономикалық және ақпараттық-анықтамалық бағдарламалық кешендеқандай-да бiр мқбж негiзiнде жүзеге асырылып отырғандығы баршаға белгiлi болып отыр.
Мәліметтер қорын басқару жүйесіндегі барынша айқын көріністер арасынан Lotus Approach, Microsoft Access, Borland Dbase, Borland Paradox, Microsoft Visual Foxpro, Microsoft Visual Basic, сонымен қатар, «клиент- сервер» технологиясы бойынша құрастырылған microsoft sql server және oracle мәліметтер қорын атауға болады.
Жалпы алғанда, кез-келген бүгінгі күнгі мқбж, көптеген мәліметтерді түрлі форматта көрсетудің дәлме-дәл баламасы үшін қолданылуға арналған экспорт пен импортты жүргізіп отыратын сандаған конвертерлердің арқасында жүзеге асатын басқа бір компания шығарған баламасының болуы заңды.
Кез-келген ақпараттық жүйенің мақсаты — нақтылы әлемнің нысандары туралы Мәліметтерді жасау болып табылады. Кең мағынада алғанда, Мәліметтер қоры сөздері дегеніміз — бұл қандай да бір пәндік салаға қатысты нақтылы әлемнің нысандардың бірлігі болып шығады.
Пәндік саланың астарында басқруды ұйымдастыруға арналған нақтылы әлемнің бір бөлігі туралы түсінік жатыр, осының нәтижесінде, мысалы, кәсіпорынды, жоғарғы оқу орнын және тағы сол сияқтыларды автоматтандыру жүзеге асырылады. .
Мәліметтер қорын жасай отырып, пайдаланушы ақпараттарды түрліше белгілері бойынша тәртіпке келтіруге және белгілердің ерікті түрдегі бірлігіне негіздеуге жылдам түрде ұмтылады. Мұны мәлімтеттер структураланған болса ғана іске асыруға болады.
Структуралау — бұл Мәліметтерді таныстыру тәсілдеріне келісім жасау деген сөз. Структураланбаған деп, мысалы, мәтін файлында жазып алынған Мәліметтерді атайды.
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін Мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды мәліметтерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.
Ақпарат технологиясы— ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Дерекқор, мәліметтер қоры(франц. base, грек. basіs – негіз) – ұзақ мерзімге сақтауға (әдетте, компьютердің жадында), өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған мәліметтердің (Мәліметтердің) реттелген жиынтығы.
Жазба мәліметтерді реттелген жүйеге келтіру адамзат мәдениетінің ажырамас белгісі болып табылады. Компьютерлік дерекқордың негізін түрлі кестелер, каталогтар, телефондық кітаптар, күнтізбелер, карталар мен атластар, әртүрлі картотекалар, анықтамалықбасылымдар, құжаттар, т.б. құруы мүмкін.
Ақпарат қорын бір жерге шоғырландыру (ЭЕМ-нің жадында) ақпараттарды сақтауды әрі оны толықтырып отыруды қамтамасыз етеді; ал орталық ЭЕМ-мен желілік байланыс арқылы ақпаратты тұрақты әрі жылдам алуға болады. Компьютерлік дерекқор мәліметтерді сақтауды, реттеуді, іздеуді және ЭЕМ-нің сыртқы құрылғыларына жіберуді қамтамасыз ететін белгілі бір файлдықжүйеге сүйенеді. Пайдаланушылар мен дерекқор арасындағы қарым-қатынас дерекқорды басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Басқару жүйесі пайдаланушының сұранысын қабыл алады да файлдық жүйеге қажетті бұйрықтар беріп, ақпараттық хабарды пайдаланушының қолдануына ыңғайлы түрге келтіріп береді.
Дерек алмасу бірлігі ретінде арнаулы жазу өлшемі қабылданған. Әр жазудың құрамында өзіндік тақырып немесе осы жазуды іздейтін кілт («кілттік сөз») болады. Жазутақырыптары дерекқордың мазмұны іспетті анықтамалық кестелерге біріктіріледі. Кілттер мен анықтамалық кестелер жасау дерекқордағы ақпараттарды іздеу мәселесін толықтай автоматтандыруды қамтамасыз ететін формальдық ережелерге бағынады. Дерекқорға өзгерту енгізу әрі толықтырып отыру компьютерлік желі әкімгерлері арқылы орындалады.
Мәліметтер қоры(орыс т. База данных; ағылш. database). Мәліметтерді пайдаланушының көзқарасы тұрғысынан қарастырғанда Мәліметтер қоры н былайша түсіндіруге болады:
1. нақты атауы бар біртекті өнімдердің жиымы. Бұл жиымның ішкі құрылымына тәуелсіз іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілген. Жиымда магниттік таспаға немесе дискетке жазылған ауыл шаруашылығының барлық салалары мен ғылым саласы бойынша баспада жарияланған және жарияланбаған құжаттардың библиографиялық немесе фактографиялық алғашқы және соңғы сипаттамалары тұрады;
2. жүйелі түрде ұйымдастырылған және пайдалануға ұсынылған Мәліметтер жиынтығының объективтік формасы. Бүл Мәліметтер компьютер көмегімен оңай табылады және өңделеді;
3. Мәліметтердің реттелген жиынтығы;
4. Мәліметтердің өзара байланысты жиынтығы. Оны ұйымдастырудың ережесі Мәліметтерді сипаттаудың, сақтаудың және амалды әрекет жасаудың жалпы принципіне негізделген. Мәліметтер қоры нан библиографиялық және библиографиялық емес деп бөлу қабылданған. Библиографиялық мәліметтер қоры нда құжаттар жайында екінші ретті ақпарат берілген. Мұнда рефераттар мен аннотациялар да қамтылған. Библиографиялық емес мәліметтер қоры ның көптеген түрлері бар: алуан түрлі объектілер мен құбылыстар жайындағы анықтамалық мәліметтер қоры алғашқы ақпараты бар мәліметтер қоры ның толық мәтіні, объектілер мен құбылыстардың сандық сипаттамалары мен параметрлері бар сандық мәліметтер қоры объектлердің бейнеленуі мен сипаттамалары бар мәтіндік-сандық мәліметтер қоры банктер, биржалар, фирмалар және т.б. Берген қаржылық ақпараты бар қаржылық мәліметтер қоры салалар, аймақтар, елдер бойынша құқықтық құжаттары бар заңды мәліметтер қоры . Мәліметтерді өңдеу технологиясы бойынша мәліметтер қоры — орталықтандырылған мәліметтер қоры және үлестірілген мәліметтер қоры болып екіге бөлінеді. Орталықтандырылған мәліметтер қоры есептеуіш жүйенің жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай базаға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады! Мәліметтер қоры нан н пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. Үлестірілген мәліметтер қоры есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын ' бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай базамен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер қоры нан басқару жүйесінің көмегімен орындалады. Мәліметтерге қатынас құру тәсілі бойынша мәліметтер қоры жергілікті қатынас құру мәліметтер қоры және қашықтан (желілік) қатынас құру мәліметтер қоры болып екіге бөлінеді. Мәліметтер қоры нан пайдаланушыларға алуан түрлі қолданбалы программалар, программалық кешендер, сондай-ақ, тұтынушы рөліндегі пән салаларының немесе мәліметтер көзінің мамандары жатады. Мәліметтер қоры ның қазіргі замангы технологиясында мәліметтер қоры нан жасау, оны толықтыру және мәліметтерді пайдаланушылардың оған қатынас құруын жасақтау арнайы программалық аспаптар арқылы, яғни мәліметтер қоры нан басқару жүйесі арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1904;