Дәріс №7.
Тақырыбы:Базадағы мәліметтерге қолданылатын негізгі операциялар:
Дәріс мақсаты: мәліметтерді жүктеу, түзету, іздеу, сұрыптау, қайта құру, реструктуризациялау әдістерімен танысу
Кілттік сөздер:мәліметтер, мәліметтер қоры , мәліметтер қоры ның жүйесі, жүктеу, түзету, іздеу, сұрыптау, қайта құру, реструктуризациялау
Негізгі сұрақтар мен жоспар:
- жүктеу, түзету, іздеу, сұрыптау, қайта құру, реструктуризациялау.
DML – тілі ол Мәліметтерді жаңартуға және оқуға қолданылады.
Мәліметтерді басқару операцияларына жататыңдар: жүктеу, түзету, іздеу, сұрыптау, қайта құру, реструктуризациялау.
Мәліметтер моделі деп Мәліметтерді бейнелеуге арналған түсініктердің интегрирленген тобы. Мәліметтер моделін мына үш компоненттердің қосындысы ретінде көруге болады:
- құрылымдық бөлім, МБ құрыла алатын ережелер тобы;
- басқару бөлімі, Мәліметтермен операцияларды жасай алатын типтер;
- Мәліметтердің тұтастылығы.
ANSI-SPARC архитектурасының ерекшелігі ол схема туралы, қолданушылар туралы Мәліметтері бар жүйелік каталогтың бар болуы. Жүйелік каталог немесе Мәліметтер сөздігі ол ақпараттарды сақтаушы. Жүйелік каталогта келесі ақпараттар сақталады:
- элементтердің аты, типі, көлемі;
- қатынас аты;
- тұтастылыққа шектеулік;
- Мәліметтерге рұқсаты бар қолданушылардың аттары;
- ішкі, сыртқы, концептуалды схемалар;
- статистикалық Мәліметтер.
Жүйелік каталогтың келесі ерекшеліктері бар:
- Мәліметтер жайлы ақпараттар орталықтандырылған бірге жерге жинақталып және сақталады;
- ақпараттардың мәнін түсінуге болады. Ол мәндер арқылы басқа қолданушылар ақпараттың не үшін керек екендігін біледі;
- хабарламалар жеңілдейді;
- орталықтандыру арқасында жетіспеушіліктер немесе ақаулар жеңіл табылады;
- мб-на жасалған өзгерістер протоколданады;
- қауіпсіздігі жоғарланады;
- біртұтастылық;
- сақталатын ақпаратқа аудит жасалады;
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1478;