Дәріс №6.
Тақырыбы:Мәліметтер банкінде колданатын тілдер
Дәріс мақсаты: мәліметтерді суреттеу тілі, мәліметтерді қимылдату тілі және сұраныстар тілі, мәліметтерді ұсыну деңгейлері, сыртқы, концептуалды, ішкі деңгейлерімен танысу
Кілттік сөздер:мәліметтер, мәліметтер қоры , мәліметтер қоры ның жүйесі, мәліметтерді суреттеу тілі, мәліметтерді қимылдату тілі және сұраныстар тілі, мәліметтерді ұсыну деңгейлері, сыртқы, концептуалды, ішкі деңгейлері.
Негізгі сұрақтар мен жоспар:
- Мәліметтерді суреттеу тілі, мәліметтерді қимылдату тілі және сұраныстар тілі.
- Мәліметтерді ұсыну деңгейлері: сыртқы, концептуалды, ішкі.
Мәліметтерді суреттеу тілі, мәліметтерді қимылдату тілі және сұраныстар тілі.
Модельдер үш категорияға бөлуге болады.Олар:обьектілі, жазу негізінде, физикалық. МББЖ қолданушыларға Мәліметтерді сақтауға, шығаруға, жаңартуға мүмкіндік беруі керек. МББЖ-ның қолданушыларға арналған каталогы болуы керек. Онда Мәліметтер элементтерінің бейнеленуі сақталған.
МББЖ-ның негізігі мақсаты ол қолданушыға ақпаратты автоматты түрде беру. Комитет үш деңгейлі архитектураны қолдануға шешім қабылдады. Олар: ішкі, сыртқы, концептуалды. Қолданушы қабылдайтын деңгей ол сыртқы болса, ал МББЖ және операциялық жүйе ішкі жүйе арқылы қабылдайды. Концептуалды дегеніміз ол МБ-да қандай Мәліметтер бар, олардың бір-бірімен байланысын суреттейді.
МББЖ- ның Мәліметтермен жұмысының ішкі тілі екі бөліктен тұрады: Мәліметтерді анықтау тілі және Мәліметтерді басқару тілі.DDL-тілі Мәліметтер схемасын анықтауға қолданылса, DML – тілі ол Мәліметтерді жаңартуға және оқуға қолданылады.
Мәліметтерді ұсыну деңгейлері
Инфологиялық модель пәндік саланы мазмұндық деңгейде сипаттайды. Оны жасау кезіндегі бірінші кезеңде пәндік пәндік салаға, шығарылатын есептерге, пәндік салада жүретін оқиғалар мен процестерді бейнелейтін құжаттар мен пайдаланушылар сұраныстарына талдау жүргізіледі. Бұл талдаудың нәтижесі пәндік сала объектілерінің тізбегі, олардың қасиеттері мен атрибуттарының тізімі, объектілер арасындағы байланыстарды анықтау және пәндік саланың құрылымын диаграмма түрінде сипаттау болып табылады. Атрибуттардың әрқайсысы үшін пәндік саланың қасиеттерімен анықталатын олардың мүмкін мәндеріне қойылатын шектеулер көрсетіледі. Мұндай шектеулер Мәліметтердің тұтастығына қойылатын шектеулер деп аталады. Инфологиялыұ модель жеке пайдаланушылардың талаптарын біртұтас «жалпыланған кейіптеуге» біріктіреді. Сондықтан ЭЕМ жадында Мәліметтерді кейіптеу ерекшеліктерін ескермей жасалынады.
Концептуальды модель пәндік саланың объектілері мен байланыстарын формальды деңгейде сипаттайды. Оны жасау екінші кезеңде жүргізіледі және бірінші кезеңде алынған инфологиялық модельге сүйенеді. Жасау процесі кезінде Мәліметтер моделінің түрі таңдалады және оның элементтері анықталады. Әрбір МҚБЖ модельдердің тек біреуін ғана қолдап жүргізеді. Мәліметтер моделін таңдау мен МҚБЖ таңдау өзара тығыз байланысты.
Мәліметтердің ішкі немесе физикалық моделі тікелей машиналық Мәліметтерді орналастыру әдісін анықтайды, Мәліметтерді бөліп таратуды, кіру мүмкіндігі әдістері мен индекстеу тәсілдерін ескереді. Қазіргі заманғы қолданбалы бағдарламалық құралдарда бұл ұйымдастыру деңгейі пайдаланушының араласуынсыз автоматты түрде қамтамасыз етіледі. Пайдаланушы ереже бойынша қолданбалы бағдарламалар мен әмбебап бағдарламалық құралдарда МҚБЖ Мәліметтерді ұйымдастыруға бағытталған кейіптеулерін қолданады.Сонымен қатар, жобалаудың негізгі міндеті пәндік саланың инфологиялық моделін және Мәліметтер қорының концептуалдық моделін құрудан тұрады.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1674;