Дәріс №8.
Тақырыбы:Мәліметтер моделі
Дәріс мақсаты: мәліметтердің абстракты түрі, құрылымы және оларға қолданатын негізгі операциялар, мәліметтер моделін таңдау, иерархиялық, тораптық және реляциялық модельдер, олардың құрылым түрлерімен танысу
Кілттік сөздер:мәліметтер, мәліметтер қоры , мәліметтер қоры ның жүйесі, мәліметтердің абстракты түрі, құрылымы және оларға қолданатын негізгі операциялар, мәліметтер моделін таңдау, иерархиялық, тораптық, реляциялық модельдер, олардың құрылым түрлері
Негізгі сұрақтар мен жоспар:
- Мәліметтердің абстракты түрі, құрылымы және оларға қолданатын негізгі операциялар.
- Мәліметтер моделін таңдау.
- Иерархиялық, тораптық және реляциялық модельдер, олардың құрылым түрлері.
Мәліметтер моделі дегеніміз – бұл Мәліметтердің құрылымын, Мәліметтерге қолданылатын легалды амалдарын анықтайтын ережелер.
Қорда сақталған Мәліметтер анықталған логикалық құрылымда болады, яғни онда Мәліметтер қорын басқару жүйелерін (МҚБЖ) қолдайтын кейбір Мәліметтердің берілуінің моделі (Мәліметтердің моделі) сипатталады. Мәліметтердің классикалық түрлеріне төмендегі модельдер жатады:
• иерархиялық;
• желілік;
• реляциялық.
Сонымен қатар, соңғы жылдары келесі Мәліметтер модельдері пайда болып, тәжірибеге белсенді түрде ене бастады:
• постреляциялық;
• көпөлшемді;
• объектілі-бағытталған.
Белгілі Мәліметтер моделіне негізделіп, олардың мүмкіндіктерін кеңейтетін жүйелер жасалынуда. Олардың қатарына объектілі-реляциялық, дедуктивті-объектілі-бағытталған, семантикалық, концептуальдық және бағытталған модельдерді жатқызуға болады. Бұл модельдердің кейбірі Мәліметтер қорын, білім қорын және программалау тілдерін интеграциялау үшін арналған.
Кейбір МҚБЖ бір уақытта бірнеше модельдерді қолдай алады. Мысалы, ИНТЕРБАЗА жүйесінде қосымшалар үшін Мәліметтерді манипуляциялауға желілік тілі, ал пайдаланушы интерфейсінде SQL және QBE тілдері қолданылады.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1929;