Дәріс №2.
Тақырыбы:Ақпарат және мәліметтер.
Дәріс мақсаты: Ақпараттық қатынастар және мәліметтердің өзара байланыстарын танысу
Кілттік сөздер:мәліметтер, мәліметтер қоры , мәліметтер қоры ның жүйесі, Ақпараттық қатынастар, мәліметтердің өзара байланыстары
Негізгі сұрақтар мен жоспар:
1. Ақпараттық қатынастар және мәліметтердің өзара байланыстары.
Жалпы жағдайда, егер әр түрлі оқиғалар, мәндер, үрдістер туралы Мәліметтер қабылдау, жіберу, өзгерту, сақтау және қолдану операцияларының объектісі болып табылса, мұндай Мәліметтер ақпарат ретінде қарастырылады. Ал, дерек ретінде белгілі пішінде тіркелген және де келешекте өңдеуге, сактауға, жіберуге жарайтын ақпаратты анықтауга болады.
Ақпараттық жүйелерді жобалағанда, жоғарыда қарастырылған екі ұғымға сәйкес, зерттелетін объектілер екі тұрғыдан қарастырылуы керек- инфологикалық және даталогикалық түрғыдан.
Инфологикалық тұрғы мәліметтердің мазмұнына байланысты мәселелерді шешкен кезде қолданылады. Акпараттық жүйелерді жобалаған кезде, инфологикалық тұрғының деңгейінде келесі мәселелер шешілуі керек:
• нақты әлемдегі қандай объектілер мен құбылыстар туралы мәліметтерді ақпараттық жүйеде жинастыру және өңдеу қажет;
• олардың қандай қасиеттерін және араларындағы байланысты ақпараттык жүйеде ескеру керек;
• акпараттық жүйсдегі объектілер мен құбылыстардың мазмұнын айқындатып түсініктердің аныктамасын толық етіп жасау.
Сонымен, инфолагикалық тұрғыда негізгі шешілетін мәселе - нақты әлемдегі объекттер мен құбылыстардың ішінен болашақ ақпараттық жүйенің мұктажына сәйкестерін бөліп алу. Басқаша айтқанда, ақпараттық жүйенің заттық обласының шегі мен көлемін анықтау.
Даталогикалық тұрғы мәліметтердің ақпараттық жүйенің жадында сақталу түрі мен ережелерін жобалау кезінде колданылады. Жүйені датологиялық тұрғыдан жобалағанда, таңдап алынған техникалық және бағдарламалық құралдар қоятын шектеулерді ескере отырып, келесі негізгі мәселелер шешіледі:
• сыртқы құрылғыларда мәліметтерді сақтау пішіні мен ережелерін жасау;
• бейнелегіш кұрылғыларда мәліметтерді көрсету пішіндерін құру;
• қолданушылардың сұранысын іске асыратын үрдістер мен бағдарламаларды жасау.
Сонымен, даталогикалық деңгейде ақпараттық жүйенің логикалық, физикалық және сыртқы модельдері құрылады. Осы аталған ұғымдардың мазмұнын кейінде толығырақ қарастырамыз.
Ақпараттық жүйені жобалау кезінде оны әр түлі деңгейге бөліп қарастырған жөн болады.
Оқулықтарда дерек терминіне сәйкес жиі кездесетін терминдерді атап өтейік: реквизит, элемент; атрибут; терм және өріс.
Жалпы жағдайда мәліметтерді сипаттау үшін келесі параметрлердің қолданылуы мүмкін:
• атауы - бұл параметр деректі өндеген кезде оны басқаларынан ажырату үшін қолданылады;
• түрі - ақпараттық жүйенің жадында мәнін сақтау ережесін анықгау үшін қолданылады;
• анықталу облысы — белгілі дерек қабылдай алатын барлық мүмкін мәндердің жиыны;
• мәні - белгілі деректің ағымдағы жағдайын айқындайтын анықталу облысының белгілі бір элементі;
• пішіні - бұл параметр деректің мәнін керсету операцияларында қолданылады. Жалпы жағдайда екі элемент (деректің ұзындығы мен дәлдігі) арқылы сипатталады.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1531;