Негізгі статистикалық көрсеткіштер

· Преваленс - дерттің таралуы. Мысал: қамауда отырғандар арасындағы ВИЧ жұқпасының преваленсі = ВИЧ жұқпасы бар адамдар саны / жалпы отырғандар саны.

· Инциденс - бірінші рет ауырғандар. Мысал: балардағы Бронхалды астма инциденсы = жаңадан пайда болған демікпе саны/балалар саны.

· Преваленс (Р) жоғарылайды егерде инциденс (І) жоғарласа және дерт ағымы созылса

P = I*L

Инциденс 1 жылда болған жағдайдалар саны1000 (10 000, 100 000, 1 млн) шағылып шығарылады.

Тексерістерде анықталатын негізгі көрсеткіш – бұл кумулятивтік инциденс (біруақыт ішінде болған)= бақыланған уақыт ішінде жағдайлар/жалпы тексеріске алынғандар саны; бұл жағдайда бақылау уақытыда және жалпы тексеріске алынғандар саныда әртүрлі болуы мүмкін, бірақ зерттеудегі үрдістер ұзақтығына сәйкес болуы қажет.

 

· Жүйелік қателер (BIAS) - нәтижелерінде немесе қорытындысында пайда болады.

Жүйелік қателер түрлері: а) іріктеуге байланысты - selection b.; б) тексеріс барысында әсер еткен әртүрлі жағдайларға байланысты-performance b.;в) тексеріске қатысқан кісілердің шығып кетуінен - attrition b.; нәтижелерді анықтау әдістеріне байланысты- detection b.

· Диагностикалық әдістің анықтағыш күші (сезгіштігі - sensivity-Se) –дерттік жағдайда диагностикалық әдістің оң нәтиже беру мүмкіншілігі.

· Диагностикалық әдістің арнайылығы (specificity - Sp) - дертсіз жағдайдадиагностикалық әдістің сол нәтиже беру мүмкіншілігі.

· Дерттің даму мүмкіншік қатынасы (ДДМҚ) – бұл қолайсыз жағдай әсеріне ұшыраған популяция арасында дерттің даму мүмкіншілігінің қолайсыз жағдай әсері болмаған популяция арасындағы дерттің даму мүмкіншілігіне қатынасы (бір рет жасалатын тексерістерде – дерттік жағдай/бақылау тобы қолданылады).

· Салыстырмалы қауып (СҚ) -ем алған мен алмаған немесе қауып қатер әсеріне ұшыраған мен ұшырамаған топтардағы дерттік жағдайдың қатынасы (когорттық тексерістер мен РКЗ -рандомизациялық клиникалық зерттеулерге).

· Салыстырмалы қауыптың (СҚ) төмендеуі – жасалған іс-әрекеттерге байланысты және соның тиімділігін анықтайды – яғни емделген топта бақылау тобына қарағанда қолайсыз ақыры жиілігінің салыстырмалы төмендеуі - [ЕТАЖ -СТАЖ]/СТА; ЕТАЖ - Емделген Топтағы АқырыныңЖиілігі; СТАЖ - СалыстырмалыТоптағы Ақырының Жиілігі.

· ЕТАС - бір науқаста қолайсыз ақырын болдырмау үшін белгілі бір әдіспен белгілі уақыт ішінде Емделуіге Тиісті Аурулар Саны - 1/АҚТ (ЕТАЖ –СТАЖ); ЕТАС көрсеткіші неғұрлым төмен болуы қажет.

· Ақиқат қатынасы(АҚ- likehood ratio) - аурулурдағы сынақтың оң болу болжамының сау кісілерде оң болу болжамына қатынасы. АҚ сынақтың анықтағыш мен арнайылық ( Se, Sp) қасиеттерін бірдей сипаттайды.

· Болжамдық қүндылығы – диагностикалық әдістің белгілі қорытындысында дерттің болу мүмкіншілігі.

· Сол нәтиженің болжамдық қүндылығы(СНБҚ) – сынақтың теріс нәтижесінде дерттің болмауы

· Оң нәтиженіңболжамдық қүндылығы(ОНБҚ) -– сынақтың оң нәтижесінде дерттің болуы.

Статистикалық зерттеулерде маңызды екі сұрақты шешу қажет:

1. Тиімділігінің қөрсеткіші қанша (яғни АҚ, ЕТАС, СҚ,);

2. Тиімділік нақтылығықанша (яғни Р деңгейі, Сенімділік аралығы – СА; жүйелік қателер және т.б.).

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 2889;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.