Жану үрдісінің соңындағы көрсеткіштерді есептеу
Жану үрдісінің көрсеткіштерін есептеу, көрнікті жанудың соңындағы газдар температурасы ТZ анықталатын теңдеуді шешуге келіп тіреледі. Жұмыстық үрдісті есептеуде қысымның жоғарлау дәрежесі -lZ беріледі. ТZжәне lZ мәндерін біле отырып дизельдердің сенімділігін есептеудегі негізгі көрсеткіштер болып табылатын алдын‑ала кеңею дәрежесін және жану циклінің жоғарғы қысым шамасын табуға болады.
Жану үрдісінің соңындағы температура (ТZ).
Жану үрдісінің соңындағы температура (ТZ) термодинамиканың алғашқы бірінші теңдеуінен анықталады:
Q =∆U+ L = (U2 – U1) + L1-2
Ауа жанармай қоспасының тұтануы және белсенді жануы индикаторлық диаграмманың (с-z) аралығында жүргендіктен, берілген аралықта термодинамиканың алғашқы бірінші теңдеуі келесідей түрленеді
QC-Z=(UZ – UC) + LCZ КДж
мұнда: Uz; Uc – диаграмманың (с-z) аралығында жұмыстық дененің ішкі энергиясының
өзгеруі (кДж);
Lcz – диаграмманың (с-z) аралығындағы сыртқы жұмыс, кДж.
Бұл теңдеудің шешімі 1 кг жанармайдың жану шартына сәйкес жүргізіледі.
Сонда (с-z) аралығында бөлінген жылу мөлшері – QC-Z
QС -Z= Hu×x
мұнда: x - тиімді (белсенді) жылу бөліну коэффициенті;
Нu – 1 кг жанармайдың төменгі жану жылуы, кДж/кг.
Термодинамиканың алғашқы бірінші теңдеуін түрлендіре отырып дизельдер үшін жану теңдеуін табамыз:
мұнда: g - қалдықты газдар коэффициенті;
lZ – қысымның жоғарлау дәрежесі.
Есептеуде мына мәндерге сүйенеміз lZ =1,35¸1,55.
ТС; b; mСVZ; mСРZ– есептелген.
Теңдеуге сандық мәндерді қойғаннан кейін аламыз:
А·TZ 2 + B· TZ – C = 0
мұнан TZ = .
Жанудың максималды қысымы (Рz).
Жанудың максималды қысымы Рz келесі қатынастан анықталады
РZ = lZ ×РС
мұнда: lZ – қысымның жоғарлау дәрежесі ;
РС – сығымдау дәрежесі.
Дизелдің номинальдық қуаты үшін РZ жуық мәндері:
Дизель түрлері | РZ | TZ |
МПа | К | |
Аз айналымды | 6¸ 9 | 1700¸2200 |
Орташа айналымды | 8¸13 | 1800¸2700 |
Жоғары айналымды | 10¸14 | 1900¸2800 |
алдын‑ала кеңею дәрежесі
r =
Тәжрибелік берілгендерден, алдын‑ала кеңею дәрежесі мына аралықта өзгереді
r = 1,2¸1,4
Диаграммада z нүктесіндегі цилиндр көлемі
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 782;