Этиологиясы. Глюкагонома 70 % жағдайда қатерлі (80 % жағдайда диагностикалау сәтінде метастаз анықталады)

Глюкагонома 70 % жағдайда қатерлі (80 % жағдайда диагностикалау сәтінде метастаз анықталады), жиі ұйқыбездің құйрық бөлігінде орналасады және диагностикалау сәтінде диаметрі 5см-ден жоғары болады (топикалық диагностикамен қиындықтар тумайды).

Мультицентрлік ісіктер тек 10–12 % жағдайда ғана көрініс береді.

 

9.5 кесте.Глюкагонома

 

Этиологиясы Глюкагонома 70 % жағдайда қатерлі және диагностикалау сәтінде диаметрі 5см-ден жоғары болады
Патогенезі Глюкагонның артық өндірілуі, ісіктің өршуі
Эпидемиологиясы Казуистикалық сирек дамиды
Басты клиникалық көрінісі Нейролитикалық миграциялаушы эритема, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, анемия, тромбоэмболия, бауыр мен басқа ағзаларға метастаз беру
Диагностикасы Глюкагон ↑, ісіктің топикалық диагностикасы
Салыстырмалы диагностикасы Қант диабеті, созылмалы бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі, сепсис, жедел панкреатит кезінде глюкагон мөлшері жоғары болады
Емі Радикальды оперативті ем әдетте жасалмайды. Октреотидпен антипролиферативті терапия
Болжамы Болжамы қолайсыз, нашар

 

Патогенезі

Оның патогенезі негізінде глюкагонның артық өндірілуі мен ісіктің өршуі жатыр. Глюкагонның шектен тыс көп болуы көмірсу алмасуымен байланысты (бауырлық глюконеогенездің және гликолиздің күшеюі), ал амин қышқылы алмасуы бұзылғанда тері жағынан көптеген өзгерістер дамиды. Көптеген эндокринді неоплазияның І типінің шеңберінде кездеседі.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 612;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.